1
|
2
|
3
|
1
|
Бір лактациядағы сүттілік
|
0,0-0,67
|
2
|
Сүттің майлылығы
|
0,18-0,87
|
3
|
Бір лактацияда жиналған май мөлшері
|
0,0-0,78
|
4
|
Сүттегі белоктың мөлшері
|
0,4-0,56
|
5
|
Лактацияның тұрақтылығы
|
0,1-0,3
|
6
|
Лактациялық периодтың аралығы
|
0,19-0,26
|
1
|
2
|
3
|
7
|
Эмбриогенездің уақыты
|
0,22-0,50
|
8
|
Бұзаудың туғандағы салмағы
|
0,26-072
|
9
|
Бордақылаудағы күнделікті өсудің көрсеткіші
|
0,03-0,07
|
1
|
Бордақылаудың ақырындағы дене салмағының көрсеткіші
|
0,77-0,88
|
1
|
Еттің салмағы
|
0,16-0,73
|
1
|
Сиырлардың биіктігі
|
0,34-0,86
|
1
|
Қожырау мерзімі
|
0,05-0,60
|
Сиырлардың төл туған уақыттан бастап, желініне сүт түзілетін қасиетті пайдаланып олардан сүт өндіру мерзімі (лактация) орташа 300 күнге тең. Осы уакыт аралығында сиырдан алынған сүт мөлшерлерінің генотиптен тәуелділігі һ =0,0—0,67 аралығында кұбылады (1-кесте, 1). Егер тұқым қуалайтын өзгергіштің дәрежесі — һ = 00 тең болса, онда осы сауынды сиырлар табынында лактация уақытында өндірілген сүт мөлшері (бір жылдың 300 күнінде) тек сыртқы ортаның факторларының әсерімен қалыптасқан, ал генотиптің ешқандай әсері жоқ. Осындай жағдайдың көрінуі таза линияларды өздерінің өсіп-даму ерекшеліктеріне сәйкесті азықтандыру, күту, бағу, өсіру, өнім алу әдістеріне байланысты. Кейбір популяцияларда сиырлардан жылда өңдірілетін сүт мөлшеріне генотиптің әсері 67,0%,-ке дейін жетеді, ал басқа факторлар жинағы осы белгінің 33,0%-ін ғана анықтайды. Бір лактацияда бір сиырдан өндірілетін сүттің мөлшері фермаларда, әртүрлі табындармен популяцияда қалыптасқан генотиппен сыртқы ортаның арасындагы қарым-қатынас байланысты. Бұл арақатынаста генотип реакциясының нормасы әртүрлі мөлшерде көрінеді. Тексеріп отырған белгі үшін кең мөлшерде, сандық белгілердің арасында генотиптен өте аз тәуелді өзгергіштер де бар. Мысалы арнаулы бордакылау жинақтарындағы жануарлардан алынатын күндегі онімнің орташа молшерінің тұқым куалаушы өзгергіштігі (һ2= 0,03 - 0,07) 3,0 - 7,0%-тің арасында.
Шала азықтандыруда табындагы особтардың жоғарғы сүттілігімен ерекшеленетін (1-сурет, А-І-3), лактациясына 3000—5000 кг сүт өнімін беретіндері, екінші жағдайда — бұл (1-сурет, 11-3-7) организмдер белгінін теменгі де жоғарғы да дәрежелерін көрсетеді. Азықтандырудың нормасын өзгерту әртүрлі қорытындыларға әкеледі.
Екінші тәжірибелер (1-сурет, Б-1) керісінше жүргізілген. Бұл табынның сиырлары алдымен нормадан жоғары азықтандыру мөлшерінің әсерінен 1000—2000, 2000-3000, 3000-4000, 4000—5000, 5000—6000, 6000—7000 кг сүт беретін топтарға бөлінсе, азықтандыру нормасын кеміткенде (1-сурет, Б-ІІ) келесі жылдары белгінің өзгергіштік шегі азайуы мен қатар мол өнім беретін организмдердің де жоғалғанын көреміз.
Сандық өзгергіштің сыртқы факторлардан басқа да күштерден тәуелді екенін білу керек. Онтогенезде организмде өтетін морфофизиологиялық құбылыстар (жануарлардың жасы, мінез-кұлқы, нерв жүйесінің түрі, ауруға төзімділігі т.б.) белгілер мен қасиеттердің дәрежесінің фенотипте калыптасуына өз үлесін косады.
2. АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ЖАНУАРЛАРДЫЦ ГЕНОТИПІН БАҒАЛАУ
Ірі қара мал тұқымдарынан өндірілетін өнімнің сандық және сапалық сипаттамасы ұрпақтан-ұрпақка өркейіп отыруы үшін арнаулы бағытталған сұрыптау және іріктеу жұмыстарын жақсы қалыптасқан шаруашылық жағдайларында орындаған жөн. Селекциялық жоспарларды іске асыру көп уақытқа созылады (5—10 жыл), сондықтан мамандардың қолына келесі мәліметтер жинакталуы керек. 1. Организмдердің онтогенезіндегі есепке алынған белгілер озгергіштігі туралы; 2. Үдайы өндірісте будандастыруға пайдаланған бұқа мен сиырлар және олардың ұрпактары жөнінде; 3. Жануарлардың шыққан тегін белгілі болуы керек; 4. Фенотиптің өзгергіштік мөлшерлері биометриялык талдаудан өткені туралы. Осы есептелген мәліметтер жиналса селекция жұмысын бастауға болады.
Үй жануарлар популяциясының басты өнімдерін оркендету немесе жаңа тұқым шығару жұмыстары ең алдымен селекция процесіне пайдаланатын организмдердің генотипін бағалаудан басталады. Өндірісте калыптаскан көзқарастарға қарағанда кебінесе аталық тұқымдардың генотипін бағалауды өткізеді, өйткені асыл тұқымды бұкалар аналық особтармен салыстырғанда 100—1000 есе артық ұрпақ қалдырады. Мысалы Европа елдерінде бір бұқадан 10000 ұрпақ алынып жүр. Бірақ аналық особтардың генотипін бағалау төменгі схема арқылы орындалады.
Генотипті бағалау фенотип арқылы жүргізілетіні айтылып кетті. Тұқымдыққа қалдырған бұқаның генотипін бағалау үшін үш түрлі зерттеу жүргізіледі: ата-тегіндегі особтардың өнімдерінің өзгергіштігін, туыстарының және ұрпақтарының фенотиптерін тексеру.
Ата-тегінің фенотипін тексеру шежіре кітаптарында әке және ана қатарларындағы кездесетін особтардың белгілерінің көрсеткіштері арқылы жүргізіледі. Дұрыс қорытынды жасау үшін шежіре кітабынан алынған мәлімет ата тегінің үш-төрт қатарынан жиналуы керек (1-сурет).
2-кесте. Шежіре кітабынын схемасы — тұқымдық аталық (бұқаның есімі).
І
|
А – анасы
|
Ә - әкесі
|
ІІ
|
АА – анасының анасы
|
АӘ - анасының әкесі
|
ӘА - әкесінің анасы
|
ӘӘ - әкесінің әкесінің әкесі
|
ІІІ
|
ААА – анасының анасының анасы
|
ААӘ - анасының анасының әкесі
|
АӘА – анасының әкесінің анасы
|
АӘӘ - анасының әкесінің әкесі
|
ӘАА - әкесінің анасының насы
|
ӘАӘ - әксінің анасының әкесі
|
ӘӘА - әкесінің әкесінің анасы
|
ӘӘӘ - әкесінің әкесінің әкесі
|
Шежіре кітабында, схемада келтірілгендей, ата тегіндегі особтардың нөмірлері мен өнімдерінен басқа және даму уақытындағы белгілердің өзгергіштігінің мөлшерлері беріледі (дене бітімінің сандық көрсеткіштері, салмағы, жасы, бірнеше лактациядағы сүттіліктері, сүттің майлылығы туралы мәліметтер). Сондықтан шежіре кітабынан бағалайтын особь туралы көп информацияны жинауға болады. Шағылыстыру немесе будандастыру қандай бағытта өткенін білуге болады: шежіредегі жыныс айырымды особтардың ұрықтандыруға іріктелуі тек сүттілігі, дене салмағы немесе өсімдігі арқылы жүргізілуі мүмкін, екінші жағынан бір аталық немесе аналық организм ата тегінде бір емес, екі, үш кездеседі. Ақырғы жағдай осы туыстар тобында бір өнімнің ұрпақтан-ұрпаққа гомозиготалығын өсіріп, керекті гендердің сакталуына және сәйкесті белгілердің өркендеуіне себеп болады. Сонымен қатар, бағалап отырған особтардың арасында құндылығы өте зор организмдер болуы мүмкін, олар линиялардың немесе тұқымдардың ең үлкен сүттілігімен, өсімталдығымен, бейімділігімен көзге түскен малдар.
Бұқаның генотипін бағалауда, осымен қатар, бір анадан туған және басқа туыстас организмдерден түскен мәліметтер көп көмек береді. Мысалы тексеріліп отырган бұқаның апа-қарындастары жақсы сүттілігімен сипатталса, ауруға төзімді ұрпақтарының жеке дамуында кемістіктер көрінбесе, өнімділігі мен өміршеңдігі төмендемесе — бұл особтарын да осындай касиеттері бар деп қорытындылаймыз.
Тұқымдық аталықтың құндылығын ұрпақтары арқылы анықтау кең қолданылып жүр. Бұл методиканы пайдалану үшін ұрпақтың өнімінің тұқым қуалаушы өзгергіштігін табу керек һ . Бүл коэффициенттің мөлшері ата-ана және ұрпақ фенотиптерінің арасындағы генетикалық байланысты сыртқы ортаның күштері арқасында қалыптасқанын керсетеді. Сондықтан тұрақтандырушы сұрыптауда әрбір туыстық топтарға сәйкесті тұқым қуалаушы өзгергіштің (һ2) мағынасы болады. Егер популяцияда әртүрлі туыстас топтар болса, осы көрсеткіштің мөлшері де әртүрлі болады. Баска жағдайларда — селекция бағытының өзгерілуі, азықтандыру, күту, өсіру әдістерінің ата тегіне қарағанда ұрпақтарында баскаша калыптасуына байланысты: өзгергіштің генотиптен тәуелділігі де құбылмалы болады. Осы себептерге байланысты, бұқаның генотипін бағалау үшін ұрпақтарын енелерінің, табынның, популяцияның және түқымның орталық көрсеткіштерімен салыстырып тұқым қуалаушы өзгергіштің мөлшеріне көбейтеді.
Мысалы Ақмола оқу-тәжірибе шаруашылығындагы қара-ала сауынды сиырлар табынның (N=1200) жылдық сүттілігінің орталық көрсеткіші XN = 3200 кг тең. Осы популяцияның өнімін арттыру үшін бір асыл тұқымды аталықтан және табыннан іріктеліп алынған ұрпак_ алынды. Ұрықтандыруға іріктелген сиырлардың сүттілігі — Хс = 3400 кг, ал үрпақгарының орташа өнімі X, = 3500 кг тең. Осы үш_ көрсеткіштерді: популяциядагы белгінің орталық мөлшерін: Х^ = 3^00, аналық сиырлардың Хс = 3400 кг және ұрпақтың сүттілігі Ху=3500 кг — салыстырып көрсек, бағаланатын бұқаның ұрпақтары (қыздары) сүттілігімен табыннан 300 кг, енелерінен 100,0 кг асып түседі (о\ = X, - Хм; сІ2 = Ху - Хс. Осы мәліметтер аркылы тексеріліп отырған аталық особтар туралы дұрыс корытынды жасауға болмайды, өйткені бұл салыстырмалы тексеруде тұқым қуалаушы өзгергіштің мөлшері қолданған жоқ, ал олар әр топта әртүрлі мағыналармен сипатталады. Табындағы сауынды сиырлардың шыққан тегі әртүрлі және 1200 организмнің сыртқы ортамен арақатынасы өзінше ерекше қалыптасады, популяциядағы тұқым қуалаушы өзгергіштің коэффициенті — һ^ = 0,3 тең болсын. Бұканың қыздары осы табында өсірілгендіктен — һ2 = 0,20, ал бұқамен шағылыстырған сиырлардың — һ2 = 0,20 тең. Осы көрсеткіштерді пайдаланып тұкымның аталығының генотипін (АГ) бағалауға болады. АГ, = (һ?- Хұ) - (Һ2-Хс); АГ2 = (Һ2ХУ) - (Һ2ЫХМ); АГ, = = (0,2 • 3500) - (0,2 • 3400) = + 20 кг. АГ2 = (0,2 • 3500) -(0,3 •3200) = - 260. Бірінші формулада бакылаудагы бұқанын ұрпақтарының сүттілігін енелерімен, екіншіде — табынның орталық керсеткішімен салыстыру берілген. Осы формулаларды колданып салыстырмалы топтардың арасындағы айырмашылықты шығарсак, онда бұқаның ұрпактары — сүттілігі жағынан енелеріне қарағанда басымдылык білдіреді (А. Г); аталық генотиптің бағасы + 20,0 кг. Бірақ осындай кіші мөлшер есепте жіберетін қателердің (тх) маңайында. Сондықтан бұндай мәліметті дұрыс деп айтуға болмайды.
Егер бұқаның тұқым қуалаушылық құнын (АГ) табындағы сиырлармен осы бұқаның ұрпақтарының сүттілігін салыстыру арқылы есептесек — АГ = - 260 кг, онда аталық особтың генотипі ұрпақтарының сүттілігінің өркендеуіне жәрдем жасай алмайды деген қорытынды жасалады. Аталық асыл тұкымды жануарлар кебінесе жақын және туысқан особтарды шағылыстыру арқылы алынды. Осыған байланысты бұл жануарлар генотипінде гендердің гомозиготалыгының өсуі сұрыптауға түскен генетикалық информациядан басқа, зиянды гендерге де тарайды, бірақ зиянды гендердің көбеюі фенотипте корінбейді, олар рецессивті болғандықтан гетерозиготалы аллельдерде инертті түрде сақталады. Зиянды гендері бар бұқаларды алдын-ала тексермесе, қолдан ұрықтандыруда, бұл бұқа арқылы көптеген дене бітімінің кемістіктерін, оміршеңділіктің нашарлауын ауруға бейімділігін ұрпақка таратуға болады. Организмдердің жеке дамуын осындай кұбылыстардан сақтау үшін бұка мен сиырлардың генотипін тексеру керек.
Генетикада бүқалардың генотипін рецессивті, зиянды генге тексеру екі түрлі жүргізіледі:
1. Бұқаларды ауру сиырлармен будандастырады. Осының нәтижесінде екі түрлі корытынды жасалады: ұрпағында ауру организмдер болмаса аталық особта осы аурудың гендері жоқ болғаны, ал ауру особтар табылса, бұка бұл ауруды таратушы ретінде өндірісте пайдаланбайды (желінісу, туберкулез, бруцеллез, дене бітімінің кемістіктері).
2. Бұқаны туыстас сиырлармен шағылыстырып ұрпағында зиянды геннің бакылауындағы белгінің гомозиготалы рецессивті генотипте көрінуіне(аа), немесе калыптасуына дәлел табады.
Қолданылған әдебиет:
1. Стамбеков С.Ж. Генетика, Новосибирск, 2002
2. Бегімқұл Б.А, Генетика, Алматы, 1994
3. Байбугенов К.Н., Исабеков Қ.И., Ақмола, 1993
Достарыңызбен бөлісу: |