1-дәріс. Генетика тұқымқуалаушылық және өзгергіштік ғылымы


-дәріс. Тұқым қуалау заңдылықтары



бет5/78
Дата28.10.2023
өлшемі3,92 Mb.
#188908
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Байланысты:
darister

3-дәріс. Тұқым қуалау заңдылықтары


1. Гибридологиялық талдау.
2. Моногибридтік будандастыру
3. Доминанттылық түрлері
4. Аллельді гендер. Көптік аллелизм.
5. Дигибридті будандастыру
6. Полигибридті будандастыру



  1. Гибридологиялық талдау

Генетиканың тариғы 1900 жылы Э.Чермак, К.Корренс және де Фри жеке белгілердің тұқым қуалау заңдарын ашқаннан басталады.1865 жылы Г.Мендель қарама-қарсы белгілерімен сипатталатын өсімдік сорттарын будандастырып тұқым қуалау факторларының бар екендігі туралы идеяны дәлелдеді. 1906 жылы Бэтсон жаңа ғылымды генетика деп, 1909 жылы Иоганнсен тұқым қуалау факторын ген деп атады. Көптеген ғалымдар Кельрейтер, Найт, Сажрэ Мендельге дейін де биологиялық белгілердің қалай тұқым қуалайтынын білуге тырысты. Алайда бұл ғалымдар тұқым қуалау процесін жеке белгілерде емес, барлық белгілерді тұтастай алып зерттеуге тырысты. Мендель жеке белгінің тұқым қуалауын зерттеу қажеттілігің алғаш рет атап көрсетті.
Жыныстық өсіп-өну кезіндегі нәсілдік қасиеттердің ұрпақтан-ұрпаққа тұқым қу арқылы берілуі селекциялық және сұрыптау жұмыстарында генетиканың заңдарына сүйенеді. Сондықтан, тұқым қуудың заңдылықтарының білудің мал тұқымын асылдандыруда пайдасы өте зор. Ол заңдылықты білмей сұрыптап алу және жұп таңдау немесе будандастыру үшін қажет тұқымдарды таңдап алу өте қиын.
Мал тұқымын асылдандыру жұмысының нәтижелігі осы істердің үздіксіз жүргізіліп отыруына байланысты. Әрине мал тұқымын асылдандыру, жаңа мал тұқымын шығару жұмысымен адам баласы қолына мал ұстаған күннен бастап әрқашанда айналысып келеді. Бұл жұмыста селекционердің қолы жеткен табысы да айтарлықтай. Яғни, П.Ф.Рокицкий айтқандай «олар тұқым қуу заңдылығын мал шаруашылығында оның негізін білмей қолданған, бұл мыңдаған жылдар бойы жанудың мәнін білмей отты қолданғанмен бірдей еді». Сондықтан болар XIX ғасырда селекцияның «мал өсіру өнері» деп атап, құпия түрде әкеден балаға ғана белгілі болды. Қазіргі кезде мал тұқымын асылдандыру жұмысы тек дарынды селекционерлердің мол тәжірибесіне сүйеніп қана емес, селекцияның ғылыми негізі – генетика ғылымының заңдылықтарына сәйкес жүргізілуі тиісті.
Г.Мендель өте қолайлы объект - бұршақтың әр түрлі сорттарын қолданды. Бұршақ өздігінен тозаңданатын өсімдік болғандықтан, біріншіден оның таза тұқым сорттары бар, екіншіден бұршақ гүлдері бөтен тозаңдардың енуінен жақсы қорғалған, үшіншіден будандардың тұқымдық қасиеті толық мақтанғандықтан белгілердің тұқым қуалауын бірнеше ұрпақтар бойы қадағалауға болады. Мендель тәжірибелеріне мынандай талаптар қойды:
1. Будандастыру үшін алынған ата-аналық формалардың зерттелгелі отырған белгілері қарама-қарсы (альтернативті) болуы керек;
2. Ата-аналар таза линияға жатуы керек;
3. Будандар мен олардың ұрапақтарының тіршілік қабілеттілігі мен тұқымдық қасиеті тұрақты болуы керек.
Бұршақ осы талаптарға толық сәйкес келедіқ Мендель осы объектіде гибридологиялық әдісті жете зерттеп, тұқым қуалауды зерттеудің жаңа принциптерінің негізін салды. Мендель жұмысының басқа бір ерекшелігі - сандық талдау.
Гибридологиялық әдісте белгілердің тұқым қуалауын зерттеу үшін шағылыстыру схемасын құрастырады. Будандастыру немесе шағылыстыру х белгісімен таңбаланады.♀- ұрғашы жыныс, ♂- еркек жыныс. Р- ата-ана, будандар F1 - бірінші ұрпақ, F2 - екінші ұрпақ. Мендель бір не екі жұп белгілері бойынша айырмашылығы бар бұршақтарды шағылыстырып олардың бірінші және екінші ұрпақта тұқым қуалауын талдады, сонымен қатар будандарды бастапқы формалармен шағылыстыру (кері шағылыстыру) нәтижесін де зерттеді. Осының нәтижесінде Мендель үш заңды ашты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет