2. Моногибридтік будандастыру Гибридологиялық талдауда будандастырудың ең қарапайым түрі - моногибридтік будандастыру. Бір-бірінен бір жұп белгілері бойынша айырмашылығы бар ата-аналық форманы будандастыру моногибридті деп аталады. Жұп белгілірдің белгілері аллельді гендер деп аталады. Доминанттық (үстемдік ету) белгілердің гендері бас әріптермен, рецессивтік (шегіну, жою) кіші әріппен белгіленеді. 1909 жылы Иоганнсен ген, генотип, фенотип ұғымдарын енгізді. Ген - тұқым қуалау бірлігі. Ген доминантты не рецессивті болуы мүмкін. Организм гендерінің жиынтығы генотип деп аталады. Генотип гомозоготалы (бірдей гендерден тұрады, мысалы АА не аа, ВВ не вв), гетерозиготалы (әр түрлі гендер, мысалы Аа не Вв) болып келеді. Генотип пен ортаның өзара әрекеттесу нәтижесінде қалыптасқан организмнің байқауға болатын белгілерінің жиынтығы фенотип деп аталады. Организм тіршілігі бойынша оның фенотипі өзгеруі мүмкін, бірақ генотипі өзгермейді.
Г. Мендель бұршақтың 22 сортының жеті белгісінің қарама-қарсы түрлерін зерттеген: дәннің реңі (сары, жасыл), сыртқы пішіні (дөңгелек, бұжыр), гүлдерінің орналасуы, өсідіктердің биіктігі т.б.
Таза сары және жасыл реңді сорттарды будандастырғанда бірінші ұрпақ тек қана сары реңмен сипатталады.
Мендельдің 1-ші заңын доминанттылық немесе бірінші ұрпақтың біркелкілік заңы деп атайды. Бір-бірінен қарама-қарсы белгілері (бір немесе бірнеше) бойынша айырмашылығы бар гомозиготалы ата-аналар формасын шағылыстырғанда барлық 1-ші ұрпақ біркелкі фенотиппен сипетталады. Бірінші ұрпақтың біркелкілік ережесі ата-ана генотипі гомозиготалы болса ғана сақталады.(АА -тегіс дәнді фенотип, аа - бұжыр).
Р АА х аа
Фенотип сары жасыл
Гаметалар А және а
F1 Аа
Фенотип сары
Бірінші ұрпақты өзара будандастыру арқылы F2 ұрпақ будандарын алуға болады. Өсімдіктердің бірнеше мыңдаған F2ұрпақтарын зерттей отырып, F2-де доминантты өсімдіктер саны рецессивті өсімдіктер санынан 3 есе артық болады(Мендель). Мендельдің 2-ші заңы. Белгілердің ажырау заңы. Доминанттылық пен рецессивтіліктің ара қатынасы 3:1. F2 - ұрпақта доминантты белгімен қатар рецессивті белгі анық байқалады.
Аа х Аа
Фенотипі сары сары
Гаметалар А а А а
F2 АА Аа Аа аа
Фенотипі сары сары сары жасыл (3:1).
Генотипі 1 2 1
Мендель клетка бөлінуіндегі хромосомалардың ажырау тәртібін білмесе де, тұқым қуалайтын факторлардың гаметаларға кездейсоқ ажырайтынын дұрыс түсіне білді.
Мендель гаметалар тазалығының гипотезасын ұсынды. Бұл гипотеза бойынша гетерозиготалы будандарда тұқым қуалайтын факторлар араласып кетпейді, олар жыныс клеткалар түзілу процесінде әр түрлі гаметаларда жеке, таза күйде болады. Мейоз кезінде әрбір жыныс клеткаға гомологты (жұп) жромлсомдардың тек бір сыңары ғана түседі.