Өзін-өзі тексеру сұрақтары.
1 .Химия курсының мазмұнын таңдауға және оқытуға қойылатын дидактикалық талаптар.
2. Орта мектептегі химия курсының мазмұнын сұрыптау негіздері.
3. Орта мектептегі химия курсы мазмұнының қалыптасу кезеңдері.
Қолданылатын әдебиеттер:
Чернобельская Н.М. Методика обучения химии в средней школе. М. Владос. 2000
Нұрахметов Н. Химия. 8 сынып оқулығы. Алматы, Мектеп, 2004
Нұрахметов Н. Химия. 9 сынып оқулығы. Алматы, Мектеп, 2005
Нұрахметов Н. Химия. 10 сынып оқулығы. Алматы, Мектеп, 2006
“Білім” мемлекеттік бағдарламасы.
Қ.Р.конституциясы,Қ.Р.”білім туралы” заңы.
“Қазақстан 2030” стратегиясы.
Программа по химии для 8,9 кл. Каз.акад.Образ. им. Ы.Алтынсарина.,2004
№3 дәріс. Химия тілі-химияны оқытуда таным құралы
1. Химия тілін түсінудің семиотикалық негіздері.
2. Химия номенкалатура мен символиканың өзара байланысын қалыптастыру.
3. Мектеп химиясындағы тіл туралы білімнің игерілуіне қойылатын талаптар.
Қысқаша мазмұны:
Химия тілін түсінудің семиотикалық негіздері. Таңбалар -күйесінің таным мен қарым-қатынас қүралы ретіндегі қызметі шақталып, уақыт өткен сайын қолдану аясы кеңеюде. Таным -объективті шындықтың адам санасында бейнелену процесі. Ол прқылы адам білмегенді білуге, жартылай білімнің толық жэне дэл білімге айналуына негіз алады. Оқушылар әлемнің шындық бейнесін белгілі бір үғымдар жүйесі арқылы игеріп, ойлау нэтижесінде қүбылысты бақылап, оның мән-мағынасына көңіл аударады, бір мәннен екінші жэне одан да жоғары деңгейлерге өте отырып, біртіндеп әрқайсысының алуан жақтарын жэне бір-бірімен байланысын аша түседі.
Қоршаған ортадағы барлық заттар мен қүбылыстар өзара оайланысты жэне олар адамның ойында түсініктер мен байланыстардың қарым-қатынасы ретінде бейнеленеді.
Бізді қоршаған орта табиғи жэне жасанды денелерден тұрады. Таңбалар жасанды денелерге жатады. Осы таңбалар жүйесін зертеудін семиотика ілімінің негізін салған американ ғалымы Чарльз Сандерс Пирс.
Дүние жүзінде қолданылып жүрген тілдердің барлығы таңбаларға жататындықтан, таңба ретінде кез келген затты, шартты белгіні қолдануға болады. Шартты белгілер - материалдық жағынан да, білдіретін хабарының мазмүны, оны білу тэсілі мен таңбаның қүрылымдық сипаты жағынан да алуан түрлі. Ол ғылым объектісі болуға әбден жарайтын мейлінше күрделі құбылыс.
Кейбір ғалымдардың көзқарасы (А.Ф. Полтарацкий, В.С. Швырев) бойынша таңбаның материалдық дене екендігі, оны сезім мүшелері арқылы байқауға болатындығы жэне оның басқа денелерден айырмасы екі жақты табиғатында екендігі айтылады. Таңбаны екі жақты деп қараудың себебі, біріншіден, таным мен қатынас үрдісінде өзінен басқа бір нәрсенің (заттың) немесе қүбылыстың орнына жүретіндігінде, екіншіден, өзінен табиғаты мүлдем бөлек нәрсе үшін қолданылатындығы.
Белгілі ғалым Б.В.Безруков осындай бір белгіге таңбаның қызметін қояды. Кең түрде қарастырғанда оның мағынасы - адамдар мен кибернетикалық машиналар ара-қатынасының екі жақты хабар алмасу құ.ралы. Бірқатар философтардың еңбектерінде таңбаны зерттеп білуде адамның теориялық және практикалық іс- әрекеті ескеріледі.
Философ ғалым Н.С.Нарский "Шығу тегі жағынан таңба дегеніміз - адамның практикалық жэне теориялық іс-әрекеті кезінде өзінен басқа бір нәрсені белгілейтінін сезім мүшелері арқылы қабылдауға болатын нәрсе", - деп қарайды.
Л.О.Резниковтың пікірінше, қазіргі семиотикалық таңба таным мен қатынас үрдісіндегі өзінен басқа нәрсенің немесе құбылыстың орнына жүретін, сол нәрсе мен құбылыс туралы информацияны қабылдайтын, тіркейтін және тасымалдайтын сезім мүшелері арқылы қабылдауға болатын нәрсе (құбылыс немесе қимыл) ретінде анықталады.
Бірқатар зерттеушілер өз еңбектерінде таңба ұғымы белгілерінің ішінен мыналарды негізге алады: 1) таңба екі жақты құбылыс, бір жағынан өзіндік пішіні болатын, екінші жағынан идеалды мәні бар; 2) идеалды мәні өзінен басқа белгілейтін нэрсесі жөнінде информация береді; 3) мәні жоқ таңба болмайды; 4) таңбаның мәнін субъект қабылдайды және пайдаланады; 5) оқыту үрдісінде таңбалар білімнің тасымалдайтын формасы болып табылады.
Осылардың негізінде химиялық білім қалыптастыруда таңбаны негізгі ұғым, оқыту үрдісінің ажырамас бөлігі ретінде түсініп, оны бір нәрсенің немесе құбылыстың орнына жүретін, сол нәрсе мен құбылыс жөнінде информацияны қабылдайтын жэне оны сақтап, түрлендіру нәтижесінде бір-біріне жеткізу үшін пайдаланатын материалдық зат түрғысынан қараймыз.
Химиялық таңбалардың ішіндегі ең маңыздысы - тіл. Басқа таңбалар осы тілдің негізінде жасалады да, тіл арқылы тікелей іске қосылады. Осы тұрғыдан қарағанда, таңбаның мэні мен мағынасы -пікірталас туғызатын мәселелердің бірі. Философтардың пікірлері бойынша, таңбаның мәні - белгілі бір нэрсе не зат туралы беретін информация. Феноменологиялық теория түрғысынан кез келген таңба ой мен нэрсені ұштастыру құралы ретінде қарастырылған. Бихевиористердің көзқарасы тұрғысынан, таңба - іс-эрекет, басқаша айтқанда реакция (рефлекс). Прагматиктер таңбаның мэнін оның іске жаратылуы немесе ол арқылы іс-әрекеттің реттелуі деп түсіндіреді. Психологияда ассоциация теориясы бойынша нәрсе мен таңба арасында қарапайым түрдегі ассоциациялық байланыс бар деп қарайды,
Таңбалар белгіленген заттың кейбір ерекшеліктерін көрсетіп, оларға жалпы сілтеме жасайды. Мұның мэнісі адам таңбалардан шітың өзіне ауыса алады немесе таңбадан алған білімі есебінде қарастыра алады. Сондықтан да, адамзаттың жинаған мол білімі іаңбалар арқылы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін білім қоры оолып есептеледі.
Бұдан шығатын тұжырым: таңбаның жасалуы мен иайдаланылуының адамның саналы іс-эрекетімен тығыз (байланыстылығы. Таңбаның маңыздылығы нэрсенің өзімен тікелей жүмыс жасауға мүмкін болмаған жағдайда ол заттың орнына
жұмсалатындығы.
Таңбаның функциясы ол арқылы бейнеленіп отырған объектіге тәуелді, сондықтан жасалынған таңбаларды қалауымызша біріктіріп жаза беруімізге болмайды.
Оқыту үрдісінде таңба жэне таңбалар жүйесінің мәні мен мағынасы туралы мәселені қарастыру және шешудің маңызы зор. Себебі кез келген ғылымдағы білім таңбалар жүйесі арқылы беріледі. Таңба - білімді түйсінуге, қабылдауға көмектесетін құрал, ал таңбаның мәні мен мағынасы - білімнің мазмұны болып табылады. Сондықтан да логикада білімнің құрылымы: Т° Б0 О түрінде орнектеледі.
Мүнда Т° - таңба, О - таңба арқылы берілетін объект, Б0 - таңба мен объекті арасындағы байланыс.
Біздің ойымызша, бұл білімнің тасымалдаушысы болып табылатын тіл таңбалары мен объект арасындағы табиғи байланысты тудыра алмайды, ал ондай байланыс өмір тэжірибесінде немесе оқыту үрдісінде туындайды. Мүндай байланысты тудыру ғылым тілімен айтқанда онтенсивті және вербальды жолдар арқылы іске асады. Онтенсивті дегеніміз – нәрсенің өзін көрсету арқылы таңбасымен байланысын орнықтыру. Мысалы, сары түсті ұнтақты көрсетіп тұрып, күкірт деп аталатынын айтып, оның бірден байқалатын физикалық қасиеттерін сөз таңбалары арқылы хабарлаймыз. Керісінше, вербалды анықтау нәтижесі арқылы тудырылатын байланыс заттың озімен емес, сол зат туралы ұғымға негізделеді. Мұндай жағдайда, ұғымның басты белгілерін атап, күкірт - жай зат, ал күкіртті темірдің күрделі зат екендігін ажыратып айтуға тура келеді.
Заттардьщ бейорганикалық қосылыстардың қай класына жататынын тек вербалды анықтама көмегімен түсіндіруге болады. Кез келген таңбадан оның материалдық кескіні (пішіні) жэне өзіне тән мағынасы бар екендігін байқауға болады. Әрбір таңба өзінің сыртқы пішіні бойынша өзге таңбалардан ерекшеленеді, бірақ оның кескінімен белгілейтін нэрсенің арасында шартты ғана байланысы бар таңбалар жиі кездеседі. Адамзат жасаған таңбалардың бэрі біздің пікірімізше, жасанды денелерге жатады. Таңбалар өзінің жасалу жолы, құрылымы, формасы, мазмұны жэне т.б. белгілері арқылы ерекше-леніп, эр түрлі болады.
Семиотикада таңбаларды негізгі таңба жэне көмекші таңба деп екіге бөліп қарастырады. Негізгі таңба деп тілдік таңбаларды айтады
Сонымен қатар таңбаларды табиғи таңба, жасанды таңба, сигналдық, символдық, тілдік, субституттық (материалдық) таңбалар деп бөлу де кездеседі. Табиғи таңбаларға нәрселер мен қүбылыстардың белгілері, өлшеуіш көрсетінділері, таңба ретінде болатын заттар мен қүбылыстар жатады. Химия пәніндегі табиғи таңбалар - химиялық реакциялардың сыртқы белгілері.
Жасанды таңбалар тіл таңбалары және тілге жатпайтынға таңбалар болып, екіге белінеді. Біріншісіне дүние жүзі ұлттарының тілі, барлық ғылымдар саласының, есептеу машинасының тілдері жатады. Екіншісіне - иконикалық, символикалық және сигналдық таңбалар, түрлі өнер туындылары, мүсіндер мен суреттер, теледидардағы және фильмдегі бейнелер, фотосуреттер енеді. Бүлардың ерекшелігі -материалдық формасы бейнелеп отырған нәрселері мен құбылыстарына сэйкес келуінде, яғни сол заттың бейнелік көшірмесі болып табылатындығы. Бірақ, көпшілік жағдайда, таңбалардың пішіндері мен бейнелеп отырған заттың арасында сэйкестік байқалмайды. Мұндай таңбаларға шартты түрде алынған үлт тілдерінің, ғылыми тілдердің, эр түрлі машиналар үшін жасалған тілдердің таңбалары жатқызылады. Сондай-ақ, алуан түрлі көліктер ережелері эскери атақтардың айырым белгілері, ауада жэне суда жүзу белгілері –бәрі де шартты таңбаларға жатады Семиотикада химиялық тілдің таңбаларын үш жағынан қарастырады. Таңба жеке күйінде қолданылмайды, бір-бірімен бірігіп жүйе түзеді. Осы жүйедегі таңбалардың өзара қатынасын синтактика саласы зерттейді. Бірінші жағы синтаксистік, яғни символикалық жүйедегі таңбалардың қүрылысын және бірігу грсжелерін қарастырады. Таңбалардың бір-біріне қатысы символиканың қызметіне байланысты емес. Химиялық тіл синтаксінің міндеттеріне символиканың алфавитін оқыту, әр алуан химиялық формулалар мен теңдеулерді құру ережелері жүйелік номенклатураның ұстанымдарын анықтау жатады. Екінші жағы -прагматика таңбаның таным барысындағы пайдасын зерттейді. ІІрагматикалық (практикалық) сала, негізінен оқытуда химиялық іимволиканы пайдалануға бағытталған. Химия ғылымында жинақталған қоғамдық тэжірибелердің ұрпақтан-ұрпаққа берілуіндегі таңбалар жүйесінің мәнін қарастырады. Оқытуда химиялық символиканың мұндай жағын ашу химия негіздерін меңгеру үшін өте тиімді болып, оқушыларға танымдық қабілеттеріне сәйкес символикалық белгілерді түсінуге жэне қабылдауға қолайлы жағдай туғызады. Үшінші жағы - семантика, яғни таңбаның белгілейтін нэрселері мен құбылыстарға қатынасын зерттейді.Бізбің пікірімізше бұл қатынас әдетте сенантикалық үшбұрыш арқылы көрсетіледі
.
Нәрселер мен кұбылыстар және заттар - материяның нақтылы түрлері мен көріністері ретінде санадан тыс өмір сүретін ақиқат шындық. Сонымен, семиотика саласы бойынша символикалық белгілердің мәндік жағын, таңба жэне химиялық құбылыс арасындағы байланыстарды ашып көрсетуге болады. Жоғарыда аталғандар тұрғысынан химиялық тілді таңбалар жүйесі және олардың иерархиясының ең жоғары сатысы деп қараймыз. Химия ғылымының тілін химиялық терминология, химиялық номенклатура жэне химиялық символика деп үшке бөліп қарастырып келді. Бұлардың аэрқайсысының өзіндік мағынасы, құрастыру тәсілдері жэне танымдық қызметі бар. Химиялық символика мен номенклатураның әры қарай жіктелетінін 5-сызбанүсқа арқылы байқауға болады.
Химиялық тіддің бірінші белігі - терминология, яғни атаулар жүйесінен тұратын сөз таңбалары. Химиялық ғылыми ұғымдардың штары белгілі бір атаулар арқылы беріледі. Дегенмен, тарихи даму тұрысында химиялық терминдердің формасынан гөрі мәні мен мағынасы үздіксіз езгеріске ұшырайды. Термин арқылы берілетін әр ұгымның анықтамасы бар, осы анықтамаға негіз етіп алынатын белгі ғылымның теориялық деңгейіне тәуелді. Химиялық тілдің екінші бөлігі - химиялық номенклатура мен атаудың белгілі негізге сүйенетін арнайы жүйесі. Ол гривиалды (түрмыстық) және жүйелік деп екіге бөлінеді. Жүйелік поменклатура химиялық символикаға негізделеді. Сондықтан химия ғылымында оны формулалар мен зат атауларынан тұрады деп ссептейді. Тұрмыстық (тривиалды) номенклатура - заттарды майдалану кезінде берілген әр түрлі атаулар. Ол атаулар кездейсоқ қалыптасқан, тұрмыста, құрылыста, медицинада, халық шаруашылы-гының алуан түрлі салаларында кеңінен пайдаланылады. Бұл атаулардың кепшілігі қысқа, ұтымды ауызекі сөйлеуде, мәтінде пайдалануга қолайлы.
Химиялық тілдің үшінші бөлігі-химиялық символика, ол химиялық таңба, формула және теңдеуден құралады. Химиялық символика - халықаралық шартты тіл, заттар мен құбылыстарды белгілеудің ең қысқа және тиімді құралы. Сондай-ақ, химиялық символика заттың құрамы мен құрылысы жөнінде көптеген мағлұматтар алуға, заттың қасиетін, реакцияласу қабілетін жэне реакциялардың жүру бағыттарын болжауға мүмкіндік туғызады.
Жүйелік номенклатура мен химиялық символика ұлттық тілдің құрамына кірмейді, өзінше дербес қолданылады.
Химиялық таңба - элемент атомының шартты белгісі. Ол элемент атомының атын ғана емес, белгіленіп отырған элементтің көміртектік бірлікпен алынған атомдық массасын, атомның молін, мольдегі атом санын көрсетеді. Қорыта айтқанда, химиялық таңба арқылы оның (заттың) сапалық және сандық мәнін ажыратуға болады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары.
Химияның ғылыми тілі дегеніміз не, ол қандай бөліктерден тұрады? Оның ұлттық немесе табиғи тілге қатынасы қандай?
Химия тілін түсінудің ғылыми теориялық негіздері қандай?
Оқыту құралдарының ішінде химия тілінің алатын орны?
Химиялық символика мен номенклатураны игеруде оқушылардың білімі мен білігіне қойылатын талаптар қандай?
Химиялық номенклатураның түрлері жэне олар оқыту барысында қалай пайдаланылады?
Химиялық тіл туралы білім қалыптасуының қандай теориялық негіздері бар?
Химия тілінің оқу - тәрбиелік маңызы қандай?
Химиялық символика мен химиялық номенклатура арасында қандай байланыс бар?
Қазақша химияның ғылыми тілі қалай қалыптасты?
Қолданылатын әдебиеттер:
Чернобельская Н.М. Методика обучения химии в средней школе. М. Владос. 2000
Нұрахметов Н. Химия. 8 сынып оқулығы. Алматы, Мектеп, 2004
Нұрахметов Н. Химия. 9 сынып оқулығы. Алматы, Мектеп, 2005
Нұрахметов Н. Химия. 10 сынып оқулығы. Алматы, Мектеп, 2006
“Білім” мемлекеттік бағдарламасы.
Қ.Р.конституциясы,Қ.Р.”білім туралы” заңы.
“Қазақстан 2030” стратегиясы.
Программа по химии для 8,9 кл. Каз.акад.Образ. им. Ы.Алтынсарина.,2004
№4 дәріс. Химияны оқыту әдістері.
Химияны оқыту әдістерінің классификациясы.
Химияны оқытудағы көрнекіліктер.
Жаңа технология әдістері.
Қысқаша мазмұны:
Химияны оқыту әрекетінің мақсаты және мазмұнымен таныстық. «Оқыту әдісі» ұғымын анықтау үшін оқыту әрекетінің 1-сызбанұсқада көрсетілген басқа да бөліктерін еске түсірейік, олар: мұғалімнің іс-әрекеті және оқушының іс-әрекеті, оқыту құралдары, оқыту нәтижесі.
Әдістің мәнін ашу үшін ең алдымен оқутыдын мақсатын және мұғалім мен оқушының іс-әрекетін ескереді. оқыту әдістері дегеніміз – «белгіленген оқу мақсатына жету үшін мұғалімнің іс-әрекеті мен оқышу іс-әрекетінің үйлесу түрлері, тәсілі».
Оқытудың мақсаттары мен құралдары тұрғысынан алғанда оқыту әдістері «мұғалімнің оқушыларды білім және білікпен қаруландыратын, адамгершілік көзқарас қалыптастыратын құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы».
Оқутыдын мақсаты мазмұнын игеру арқылы жүзеге асады. Оқытудың әдістері, құралдары, іс-әрекеті осы мазмұнды меңгеруге бағытталған. Бұл тұрғыдан қарағанда «химияны оқыту әдістері химия ғылымының мазмұнымен анықталады, өйткені әдіс дегеніміз – мазмұнның ішкі қозғалысы».
Келтірілген анықтамалардың біреулері дұрыс, екіншілері бұрыс деп айта алмаймыз, өйткені әдістің мәнін ашу үшін оқыту әрекетінің жеке жақтары пайдаланылған. Солардың бәрінің басын қосып, оқыту әдістері дегеніміз – белгіленген мақсатқа сәйкес анықталған мазмұнды игеру үшін мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің үйлесу формалары деген анықтамаға келеміз.
Химияны оқыту әдістері, ғылыми зерттеу әдістерімен ұштасып жатады, оқушылардың химия объектілерін танып-білу әрекетінің ерекшеліктерімен де сипатталады.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», – деп, білім беру жүйесін одан ары дамыту міндеттері көзделеді.
Әдіс - іс-эрекетті жүзеге асырудың бір жолы. Әдіс терминінің мағынасы өте кең. Ол кез-келген адамның сарамандық және теориялық іс-эрекетінде белгілі бір мақсатқа жетудің қажетті мүмкіндіктерін игеруінің тэсілі. Оқыту әдісін тек оқытушының ғана іс әрекеті, немесе соның ғана қызметі деп түсінуге болмайды. Ол оқушы мен мұғалімнің бірігіп, мақсатқа жету жолындағы ізденісі, іс -әрекеті болып табылады.
Әдістің мәнін ашу үшін ең алдымен оқытудың мақсатын жэне мұгалім мен оқушының іс-әрекетін ескереді Оқыту эдістері дегеніміз-белгіленген оқу мақсатына жету үшін мүғалімнің іс-әрекеті мен оқушы іс-әрекетінің үйлесу түрлері, тәсілі.
Оқытудың мақсаттары мен құралдары тұрғысынан алғанда оқыту әдістері мүғалімнің оқушыларын білім жэне білікпен қаруландыратын, адамгершілік көзқарас қалыптастыратын құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы.
Оқытудың мақсаты мазмұнын игеру арқылы жүзеге асады Оның әдістері, құралдары, іс-әрекеті осы мазмұнды меңгеруге бағытталған. Бұл тұрғыдан қарағанда химияны оқыту әдістері химия ғылымының мазмұнымен анықталады, өйткені әдіс дегеніміз - мазмұнның ішкі қозғалысы.
Келтірілген анықтамалардың біреулері дұрыс, екіншілері бұрыс деп айта алмаймыз, өйткені әдістің мәнін ашу үшін оқыту әрекетінің жеке жақтары пайданылған. Солардың бәрінің басын қосып, оқыту әдістері дегеніміз - белгіленген мақсатқа сэйкес анықталған мазмүнды игеру үшін мүғалім мен оқушы іс-эрекетінің үйлесу формулалары (тәсілдері) деген анықтамаға келеміз.
Химияны оқыту эдістері ғылыми зерттеу әдістерімен үштасып жатады, оқушылардың химия объектілерін танып, білу әрекетінің ерекшеліктерімен де сипатталады.
Оқыту әдістерінің жіктелуі. Оқыту әрекетінің бір белігі болғанымен, оқыту әдістерінің өздері күрделі жүйе құрайды. Олар жалпы әдістер тобы жэне жеке әдістер болып жіктеледі. Жалпы әдіс одан әрі оқушының таным әрекетінің сипаты бойынша түсіндірме -иллюстративті, іздестіру (эвристикалық) және зерттеу әдістеріне тармадалады. Бұлардың әрқайсысы білімнің бастауларына (қайнар көзіне), басқаша айтқанда оқыту құралдарына қарай сөз әдістерінің тобы, сөз - көрнекі сарамандық әдістер тобына бөлінеді. Әдістер тобы одан әрі жеке әдістерге жіктеледі.
1.Түсіндірме - сурет бойынша түсіндіру - жалпы әдістің сөз әдістері тобына мына жеке эдістер жатады: а) баяндау (дәріс, әңгіме); ә) әңгімелесу; б) текспен өздігінен жұмыс.
Түсіндірме - сурет бойынша түсіндіру әдісі - мұгалімнің екі негізгі іс - әрекетін жаңа білімді баяндап түсіндіруін көрсетеді. Мұғалімнің оқу материалын баяндауының үш түрі белгілі: монологтық, диалогтық жэне көрсетілімді пайымдау тәсілі. Бұл әдіс негізінен үш топқа бөлінеді.
Сөз - көрнекі эдістер тобына жататын жеке эдістер: а) көрнекі құралдарды көрнекі көрсете отырып баяндау; э) көрнекі құралдарды көрнекі көрсете отырып әңгімелесу; б) текст және көрнекі құралдармен өздігінен жұмыс.
Сөз - көрнекі - сарамандық әдістер тобына:
а) оқушылардың үлестіріп берілген материалдармен жұмысы;
ә) химиялық тәжірбиелер орындау;
б) құралдар құрастыру, модельдер жасау; в) жазбаша жэне графикалық жұмыстар орындау жатады.
Іздестіру (эвристикалық) жалпы әдісінің мынандай әдістері бар.
1. Сөз әдістер тобы: а) әңгімелесу (дискуссия, семинар), ә) текспен өздігінен жұмыс. 2. Сөз - көрнекі әдістер тобы: а) көрнекі кұралдарды пайдаланып, эвристикалық әңгімелесу; э) көрнекі құралдар және текспен өздігінен жұмыс. 3. Сөз - көрнекі -сарамандық эдістер тобы жеке эдістерінің тізбесі осының алдыңдағыға ұқсас, одан айырмасы оқушылардың таным әрекеті эвристикалық сипатта болады.
Зерттеу жалпы әдісінің сөз әдісі: оқу және ғылыми-көпшілік әдебиеттермен оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы; сөз-көрнекі әдісі: әдебиеттермен жэне көрнекі құралдармен өздігінен жұмыс; сөз көрнекі-сарамандық әдістер тізбесі сөз әдістеріндегідей, бірақ оқушылардың іс-әрекеті зерттеуге, субъективті жаңалық ашуға бағытталған.
Оқыту әдістерін жалпы логикалық жағынан алғанда индукция жэне дедукция, аналогия деп жіктейді.
Химия ғылымының зерттеу эдістерін химияны оқытуға қолданғанда оқыту әдістерін бақылау, химиялық эксперимент, модельдеу, суреттеу, теориялық түсіндіру, теориялық болжаулар әдістері деп жіктейді.
Қазіргі таңда жалпы мұғалімдердің алдында тұрған негізгі міндет - ұлттық менталитеті жоғары, сана-сезімі дамыған, өзіндік көзқарасы бар жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы бағытта жоғары мектепте берілетін ғылымның теориялық жэне эдістемелік негіздерінің, яғни сабақ түрлері мен оның сапасын арттыру жөнінде түрлі жұмыстар жүргізілуде. Соның негізінде жалпы жаратылыстану пәндерінің ішінде химия ғылымы жоғары мектептегі оқытылатын негізгі пән болып табылады.
Технология - грекше «шеберлік» деген үғымды білдіреді. Осыған сэйкес педагогикалық технологияға әдіскер-ғалымдар мынадай анықтамалар берген: "Педагогикалық технология - оқытудың арнайы формаларын, эдістері мен тэсілдерін айқындайтын педагогика-психологиялық нүсқаулардың жиынтығы, педагогикалық процесті үйымдастырудың эдістемелік аспабы (Б.Т.Лихачев)», «Оқу процесін іске асырудың мазмүндық техникасы, практика жүзінде іске асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы (В.П.Беспалько т.б.)».
Жоғарыдағы анықтамаларға сүйенсек, жаңа технология дегеніміз педагогикалық шеберлікті жетілдірудің жолдары деген түйінге тоқтауымызға болады. Жалпы оқыту технологиясы білім берудің тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде танылады.
Сабақ түсіндіру процесінде белгілі бір технологияны қолдану арқылы мүғалім жоғары нәтижеге жетуді көздейді.
Жаңа технологияның басты қағидаларының бірі дидактикалық үстаным ретінде қарастырылатын жүйелілік болып саналады. Кез-келген ғылымның өзі, ең алдымен білімдер жүйесін қүрайтындықтан, гылымды тек жүйелі оқу нэтижесінде ғана меңгеруге болады. Сондықтан, қазіргі білім беру саласы бойынша сабақ берудің жаңа технологияларын қолданбайынша, жан-жақты шығармашылық жоғары деңгейдегі студент, болашақ мүғалім маманына қиынға соғады.
Жаңа технология мынадай негізгі үш бағыттан түрады:
- жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескеру;
оның адамзат жэне өркениет мәдениетіне деген қызығушылықтарын ескеру;
- оны тәрбие процесінің басты объектісі ретінде алып қарау. Осындай жаңа технология бағыттарын қолдану, оқып үйрену,
меңгеру жэне өмірге енгізу сабақты дамыту кезеңдері арқылы жүзеге
асады. Сондай-ақ, жаңа технологияны меңгеру негізінде студенттің кэсіби және рухани-адамгершілік қабілеті, өз бетімен білім алудағы белсенділігі артады,Осыған сәйкес қазіргі уакытта оқыту үрдісін ұйымдастыру және білімді бағалау мен бақылаудың жаңа түрлері қарастырылған.
Жаңа оқыту жүйесін пайдалана отырып, химия пәнін оқытуды тағы да мынадай бағыттарда жүргізуге болады:
химия біріктірілген жүйе бойынша, яғни белгілік-таңбалық көрнекіліктер түрлері ("тірек сигналдары", "тірек конспектілері", "тірек белгілері" жэне "тірек таңбалары");
үжымды оқыту жүйесі;
модулды оқыту жүйесі (блоктап оқытудың жетілдірілген түрі);
шоғырландырып, қарқынды оқыту жүйесі;
сабаққа жергіліюгі жер материалдарын пайдаланып оқыту;
сабақты компьютерлеу жэне ақпараттандыру;
химия сабағын экологияландыру;
химия сабағының эксперименттік бөлігін көбейту;
педагогикалық эксперимент жүргізуге баулу.
Жаңа технология жүйесі бойынша оқытудың жоғарыдағыдай бағыттары түрғысынан химия пэнін әдістемелеудің, яғни оның сапасын жақсартудың жаңа міндеттері қолға алынуда. Мүндай міпдеттерді химия курсының мазмүнын, оқыту эдістері мен күралдарын қайта қарап, жаңарту арқылы шешуге болады.
Біздің байқауымызша, химия пэнін оқытудың тэжірибесінде оқу материалын үсақ тақырыптарға бөлмей, біріктірілген жүйе бойынша оқыту және онда белгілік-таңбалық көрнекіліктердің түрлері "тірек құралдары ", "тірек конспектілері", "тірек белгілері" және "тірек таңбаларың деп жіктелетін оқу құралдарын қолдануымызға болады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары.
Химияны оқыту әдістерінің мәнін түсіндіріңіз.
Химияны оқыту әдістерінің жіктелуін (жалпы әдіс,әдістер тобы, жеке әдістер) сызба-нұсқа арқылы түсіндіріңіз
Баяндау әдістерінің салыстырмалы сипатын келтіріңіз.
Сөз-көрнекі әдістермен оқыту құралдарының байланысы қандай?Көрнекі көрсетуге қойылатын талаптарды сипаттап беріңдер.
Химияны оқыту әдістемесінде педагогикалық зерттеулердің қандай түрлері бар?
Іздестіру және зерттеудің жалпы әдістері қандай?Эвристикалық әдістің ерекшелігі неде?
Дидактикалық әдістер дегеніміз не? Оның негігі түрлерін айтып беріңіз
Оқыту үрдісін басқарудағы жаңа технологиялық әдіс-тәсілдердің ролі қандай?
Қолданылатын әдебиеттер:
Чернобельская Н.М. Методика обучения химии в средней школе. М. Владос. 2000
Нұрахметов Н. Химия. 8 сынып оқулығы. Алматы, Мектеп, 2004
Нұрахметов Н. Химия. 9 сынып оқулығы. Алматы, Мектеп, 2005
Нұрахметов Н. Химия. 10 сынып оқулығы. Алматы, Мектеп, 2006
“Білім” мемлекеттік бағдарламасы.
Қ.Р.конституциясы,Қ.Р.”білім туралы” заңы.
“Қазақстан 2030” стратегиясы.
Программа по химии для 8,9 кл. Каз.акад.Образ. им. Ы.Алтынсарина.,2004
№5 дәріс. Оқушылардың білім мен біліктерін тексеру.
Білім мен білікті тексерудің маңызы, функциялары.
Білім мен білікті тексерудің әдістері.
Қысқаша мазмұны:
Оқытудың нэтижесін шыгару - оқыту барысындағы аса маңызды бөлік. Оқыту мақсатының орындалуы, мазмұны, құралдары, эдістері жэне ұйымдастыру формаларының тиімділігі оқушылардың білімі мен білігін тексеру арқылы анықталады. Тұтасынан алғандағы оқытудың барысы тәрізді білім мен білікті тексеру де үйрену, тэрбие беру жэне оқушылардың ақыл-ойын дамыту мақсаттарын көздейді.
Оқушылардың білімі мен білігін тексеру арқылы мұғалім өз ісіне талдау жасайды, қолы жеткен табыстарын молайтып, жіберген кемшіліктерінің себебін ашуға ұмтылады. Оқыту мазмұнына, ұйымдастыру формаларына, құралдары мен әдістеріне өзгерістер енгізеді, жетілдіреді.
Жүйелі жүргізілген тексеру оқушыларды эр сабаққа әзірленіп келуге машықтандырады, өз ісіне деген жауапкершілігін арттырады, жолдастарының алдында есеп беруге, өз ойын анық жэне дәл жеткізіп сөйлей білуге үйретеді.
Білімі мен білігін күнделікті, тоқсандық жылдық және қорытынды тексеру арқылы оқушылар сыныптан сыныпқа көшіріледі, мектеп бітіру емтихандарында сыналады.
Сонымен оқушылардың білімін, білігін тексеру мен бағалау бақылау, оқыту, тэрбиелеу міндеттерін атқаруды қамтиды және дағдысын тексеру дидактикалық жағынан алганда бақылау, үйрету, бағдарлау жэне тәрбиелеу міндеттерін атқарады. Мұғалім оқытудың әр кезеңінде оқушылардың өтілген материалды қалай меңгергенін бақылайды. Бақылау нәтижесін талдау арқылы оқушыға бағыт-бағдар нұсқайды, білім алу жолындағы мақсатын орындауда қажырлы, адал жэне шыншыл болуға тэрбиелейді.
Тексерудің үйрету міндеті дамылсыз жүзеге асады. Жаңа материалды түсіндіру үшін мұғалім оқушылардың бұрыннан білетіндерін есепке алады. Түсіндіріп болғаннан кейін жаңа материалдың негізгі мэселелерін оқушылардың қалай игергенін қадағалайды. Білімді тексеру кезінде оқушылардың еске сақтауын, қисынды ойлауын, сөйлеу мәдениетін дамытуға, тірек хабарларын, сызба-нұсқалар сыздыру арқылы ой еңбегінің техникалық тэсілдерін қалыптастыруға, есептер шығару арқылы алған білімді қолдана білуге дағдыландырады.
Бақылау, бағдарлау, үйрету жэне тэрбие беру міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыру үшін білім мен білікті тексеруге бірнеше талап қойылады.
Тексеру оқушылардың барлығын толық қамтитын болуы керек. Сонда өтілген жеке тақырып бойынша әр оқушының білімі нақтылы анықталады.
Тексеру жүйелі жэне жоспарлы түрде жүзеге асырылуы тиіс. Тексеру үшін қажетті дидактикалық жэне техникалық құралдар, тексеру әдістері мен түрлері материалдың мазмұнына сэйкес алдын ала әзірленеді.
Тексерудің оқушыларды ынталандыратын, өз күшіне сенімін арттыратын сипаты болу керек. Оқушылар тексерудің қажеттігі мен иайдасын мойындайтын дэрежеге дейін көтеріліп, өзін-өзі бақылайтын, өз ісіне сын көзімен қарайтын күйге келуі тиіс. Ізгілік иен демократияландыру тұрғысыннан алғанда бұл аса маңызды талаптардың бірі.
Тексерудің түрлері мен эдістері эр мұғалім жүзеге асыра ілатындай қарапайым жэне оңтайлы болуы керек. Сонымен бірге білімді тексеру мен бағалау кезінде ақиқаттан алыстамаудың, оділеттік пен парасаттылықтан айнымаудың тәрбиелік маңызы зор скенін айрықша айтпаса болмайды.
оқушылардың білімі мен білігін тексеру дидактикалық мақсаттарына қараи күнделікті, дүркінді жэне қорытынды тексеру деп жіктеледі. Күнделікті тексеруді жеке сабақтарда, дүркінді тексеруді бір тақырыпты өткен соң, қорытынды тексеруді тоқсаның соңында, жыл аяғында жүзеге асырады. Бұлардың әрқайсысы өткізу немесе білімнің алыну формасы бойынша ауызша сұрауға, жазба жұмыстарға және экпериментік тапсырмаларға бөлінеді. Бүлардың өзі одан әрі жекелеп сұрау, топтық сұрау және жапай сұрау, химиялық диктант, қысқа мерзімді бақылау жүмыстары, үзақ мерзімді бақылау жүмыстары, жазбаша үй тапсырмасы, жек-дара көрнекті көрсету, эксперимент, зертханалық жұмыс, сарамандық бақылау жүмыстары, үй эксперименті болып тамамдалады. Білім мен білікті тексеру құралдарына қарай машиналармен және машинасыз тексеру деп те жіктеледі, соңғысына жататындар: карточкалар, перфокарталар, сүрақтар тізбесі, билеттер, электрленген кестелер, кодепленкалар, диафилмдер, үлестірілетін заттар, құралдар, модельдер, сызбанүсқалар, т.б.
Осы кездегі педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде айтылып жүрген оқушыларда қалыптасуға және тексерілуге тиісті біліктер мен дағдыларды үш топқа біріктіруге болады. Біріншісі - оқу жүмысын үйымдастыруға байланысты біліктер мен дағдылар: жоспарлау, оқулықпен жұмыс істей білу; білімнің басқа құралдарын пайдалана білу; беретін жауабының жоспарын жасау; айтқанын дәлелдей білу, өзін-езі бақылау жэне талдау. Екіншісі -оқушылардың даму өрісін көрсететін қисынды біліктер мен дағдылар: анализ жэне синтез жасай білу; салыстыру; жіктеу; жалпылау; негізгісін таба білу; аналогия жасау; себеп-салдар байланысын ашу; жорамал жасай білу, оны дэлелдеу, қорытындысын шығару. Үшіншісі - еңбек істей білуге байланысты біліктер мен дағдылар: еңбек етуге ыңғайы, жабдықтарды пайдалана білуі; реактивтермен жұмыс етуге білуі; сақтық шараларының орындауы; тәжірибе жасау техникасын меңгеруі; қүбылыстарды бақылай білуі; бақылауды тіркеп жазуга икемділігі; уақытты тиімді пайдалануы, жүмыс орнының тазалығы.
Осы үш саладағы жалпы біліктер мен дағдылардың әрқайсысы химиялық материалды өткенде және химиядан тэжірибелер жасағанда қалыптасуы жэне тексерілуі тиіс.
Тексерудің қай түрі болса да тиімділігі мен дайындылығына байланысты. Оның негізгі түрлері тақырыптық жоспарда көрсетіледі. Күнделікті, дүркінді жэне қорытынды сұраулар үшін карточкалар лзірленеді.
Тексерудің кез келген түрін қолданғанда оқушылардың біліміне, білігіне жэне дағдысына қойылатын талаптар ескеріледі, олар қазіргі бағдарламада көрсетілген. Негізгі талаптарды химиялық теориялар мен заңдарын, деректі және өндірістік материалдарды игеру мэселелерінің төңірігіне топтастыруға болады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары.
Оқушылардың білімі мен білігін тексеру үшін не керек?
8-сынып бойынша оқушылардың білімі мен білігіне қойылытын талаптарды айтып беріңіздер.
Оқушылардың білімі мен білігін тексеру қандай негіздерге
сүйеніп жіктеледі?
4.Ауызша сұраудың түрлеріне мысалдар келтіріңіздер.
Галогендер тақырыбы бойынша жазбаша бақылау жұмысының екі нұсқасы берілді, қалған екі нұсқасын өздеріңіз жазыңыздар.
Химиялық диктанттың орнын, мазмұнын өткізу әдістерін баяндап беріңіздер.
Қорытынды тексеруге қандай талаптар қойылады?
Химиядан алған білім сапасының көрсеткіштерін сипаттаңыздар.
Білім тексерудің қандай жүйесі мен әдістері бар?
Білім бағалаудың қандай критерийін білесіздер?
Қолданылатын әдебиеттер:
Чернобельская Н.М. Методика обучения химии в средней школе. М. Владос. 2000
Нұрахметов Н. Химия. 8 сынып оқулығы. Алматы, Мектеп, 2004
Нұрахметов Н. Химия. 9 сынып оқулығы. Алматы, Мектеп, 2005
Нұрахметов Н. Химия. 10 сынып оқулығы. Алматы, Мектеп, 2006
“Білім” мемлекеттік бағдарламасы.
Қ.Р.конституциясы,Қ.Р.”білім туралы” заңы.
“Қазақстан 2030” стратегиясы.
Программа по химии для 8,9 кл. Каз.акад.Образ. им. Ы.Алтынсарина.,2004
№6 дәріс. Орта мектепте химияны оқытуда оқуды ұйымдастыру формалары. Мұғалімнің сабаққа дайындығы.
1. Оқуды ұйымдастыру формаларына жалпы сипаттама.
2. Сабақ туралы түсінік.
3. Химия сабақтарын жіктеу, сабақтарының құрылымы.
4. Қосымша сабақтар
Қысқаша мазмұны:
Оқу жүмысын үйымдастыру формаларының жалпы сипаттамасы. Сабақ туралы түсінік. Мектептегі оқу жұмысын ұйымдастыру формаларына сабақ, факультативтік сабақтар, топсеруендер, сыныптан тыс жұмыстар, өндірістік оқу сарамандығы жэне т.б. жатады. Осылардың ішіндегі ең негізгісі - сабақ. Химияны оқытудың білім мен тәрбие беру, оқушыларды дамыту міндеттері, ең алдымен, сабақта шешіледі, содан соң басқа формаларында жетілдіріледі және тереңдетіледі.
Оқу барысы тұрғысынан қарағанда сабақ үшінші басқышта (оқыту барысы - ұйымдастыру формалары - сабақ) тұрғанымен өзі күрделі дидактикалық жүйе кұрайды. Сондықтан қазіргі дидактикада сабақ оқыту барысының барлық ерекшеліктері айқын білінетін бір бөлігі (кесіндісі) деп есептейді.
Шынында да, сабақта оқыту барысының нақтылы мақсаттары мен міндетері, мазмұны жүзеге асатыны, оларды жүзеге асыру үшін оқытудың алуан түрлі құралдары мен эдістері пайдаланылатыны талас тудырмайды.
Кез келген сабақ мақсаты, мазмұны, типі, құрылымы, құралдары және әдістері арқылы ерекшеленеді. Сабақ білім мен тәрбие беру жэне дамыту міндеттерін шешетіндіктен оның алдына жалпы педогогикалық, дидактикалық жэне әдістемелік мақсаттар қойылады. Сабақтың жалпы педогогикалық мақсаты қоғамның жалпы орта білім беретін мектептерге жүктеген әлеуметік сұранысы бойынша анықталады. Қазіргі кезде халыққа білім беру саласын қайта құру оқушылардың дербестігін арттыруды, алған білімін өздігінен жэне творчестволық тұрғыда қолдана білуге үйретуді қажет етіп отыр. Сабақтың дидактикалық мақсаты оқыту барысының буындарына сэйкес анықталады, оларға жататындар: а) оқушыларды жаңа білімді қабылдауға дайындау; э) жаңа білімді қабылдау; б) алынған білімді қорытындылау; в) білімді бекіту жэне жетілдіру; г) білімді қолдану; д) білімді тексеру жэне бағалау.
Сабақтың әдістемелік мақсаты қарастырылатын деректерді, ұғымдарды, заңдарды жэне теорияларды нақтылайды.
Химия сабактарының жіктелуі. Химияны оқыту эдістемесінің оқулықтары мен оқу құралдарында химия сабақтары типтерге, түрлерге және нұсқаларға жіктеледі. Жіктеудің негізі ретінде оқыту барысының дидактикалық міндеттері, оқыту эдістері, материалдық мазмұны, оқушының таным эрекетінің тэсілдері алынады.
Химиядан сабақ беру эдістемесінде дидактикалық міндеті бойынша химия сабақтарын 5 типке бөледі:
жаңа білім мен білікті игеру (жаңа материалды оқып үйрену);
теориялық білім мен білікті жетілдіру жэне қолдану;
білімді қорыту жэне жүйеге түсіру;
бақылау-есепке алу;
аралас сабақтар.
Өзге эдістемелерде сабақтың типі үшке дейін ықшамдалған.
1-тип. Жаңа материалды оқып үйрену сабактары. Негізгі дидактикалық буыны - оқушылардың жаңа білімді қабылдауы, қалғандары соған сәйкес жүзеге асырылады.
2-тип. Оқушылардың білімімен білігін жетілдіру сабақтары.
Бұған оқушылардың алған білімін қайталау жэне бекіту, қорытындылау жэне жүйеге түсіру сабақтары кіреді.
3-тип. Оқушылардың білімін жте білігін тексеру, есепке алу жэне багалау сабақтарьи Мұнда жоғарыда келтірілген оқу барысының соңғы буындары (г, д) жүзеге асады.
Сабақтың типі оқыту әдістері бойынша түрге және нұсқаға жіктеледі. Жаңа материалды оқып үйрену сабақтары дәріс сабағы, әңгіме сабағы, эңгімелес сабағы , кітаппен жүмыс істеу сабағы, үлестіріліп берілетін материалдармен жүмыс істеу сабағы болып бөлінеді. Одан әрі дэріс сабағының нұсқаларын - хабарлама баяндау және мәселелерді баяндау, кітаппен жұмыс істеуге, оқу және түсіну сабақтарына - жауаптар іздеу, жоспар және қысқаша мазмұн құру, сызба - нұсқа және кестелер жасау т.б. жатады.
Сабақтың екінші типіне оқушылардың алған білімін жетілдіру сабақтарын қайталау, қорытындылау, жүйеге түсіру және сарамандық сабақтар жатады.
Химия сабақтарының құрылымы. Әр типке жататын сабақтың өзіндік құрылымы болады, ол оқу барысы буындарының өзара байланысы бойынша анықталады. С.Г. Шаповаленко жаңа білім, білік жэне дағды калыптастыру сабақтары 4-5 бөліктен тұрады деп есептейді. Олар: 1) оқушыларды түгендеу;
2) сабақтың мақсатын айту, көрнекті көрсету жасау, зертханалық жұмыстар жүргізу немесе сөз эдістері арқылы жаңа материалды түсіндіру; 3) үйге тапсырма; 4) баяндалған білімді қорыту, оқушылардың қалай түсінгенін тексеру және бекіту (сұрау, есеп шығару). Жаңа сабақты түсіндіру оқушылардың кітаппен өздігімен істейтін жұмыстарымен ұштастырылғанда бес бөліктен тұрады.
Оқушылардың алған білімін қорытындылауға арналған әңгімелесу, конференция, шолу дэрістерінің сабақатры алты бөліктен тұрады. Мысалы, дэріс сабағының бөліктері: 1) оқушыларды түгендеу; 2) үй тапсырмасын тексеру; 3) мұгалімнің дэрісі; 4) үйге тапсырма; 5) оқушылардың сұрақтарына жауап беру; 6) мұғалімнің сұрауы.
Жазбаша бақылау жұмысы алынатын сабақтардың бес, бақылау сарамандық сабақтарының алты бөлігі бар: 1) оқушыларды түгендеу2) өздігінен істейтін жұмыстарға мұғалімнің түсінік беруі; 3) окушылардың тәжірибелер жүргізу жоспарын, қажетті реактивтер мен жабықтардың тізімін жасау; 4) жұмыс орнын эзірлеу; 5) тәжірибелерді жасау жэне есеп жазу; 6) жұмыс орнын тәртіпке келтіру жэне өткізу.
Сабақтың мүшелері деп аталатын жеке бөліктерін таптаурынға айналдыру тиімсіз екенін іс жүзінде де, теория жағынан да дәлелдейді. Сабақ оқу жұмысының жігі айқын көрініп тұрмайтын күрделі жэне біртұтас дидактикалық жүйе. Сабақ құрылымының үш құрамдас бөлігі-мақсаттары, мазмұны жэне әдістері бойынша айқындалуы мүмкін.
Сабақтың жалпы педогогикалық, дидактикалық және әдістемелік мақсаттары оқу барысының жеке буындарында жүзеге асады. Әр буын өзінен басқаларымен оқу барысының қисыны арқылы қабысып, сабақтың құрылымын түзеді, ең басты дидактикалық мақсаттың төңірегіне топтасады.
Сабақтың тағы бір құрылымын анықтайтын мазмұны жеке деректерден, ұғымдардан, заңдылықтардан, біліктер мен дағдылар жиынтығынан тұрады. Олардың әрқайсысы өзара оқу пэнінің қисыны бойынша байланысады, игеру үшін оқушылардан әр түрлі қисынды психологиялық тәсілдерді қажет етеді.
Мазмұндық. құрылымның әр бөлігіне сәйкес қолданылатын эдістердің өз-ара байланысу реті әдістер құрылымын түзеді. Сабақтың мақсаттары, мазмұны жэне эдістерінен түзілетін үш қүрылымы бір-бірімен ұласып, байланысып жатады.
Әдістемелік әдебиеттерде сабақтың оңайлатылған құрылымы кездеседі. Бұл көзқарас бойынша кезкелген сабақ үш бөліктен тұрады: кіріспе бөлім, негізгі бөлім жэне қорытынды бөлім.Кіріспе бөлім оқушыларды негізгі бөлімді отуге дайындайды, мазмұны сабақтың типіне, ең басты дидактикалық мақсатына сай анықталады. Сабақтың негізгі болімінде жаңа материал отіледі, алған білім жетілдіріледі немесе тексеріледі. Қорытынды бөлімде осы үшеуінің нотижесі шығарылады.
Қазіргі әдістемеде әр түрлі типі жэне құрылымы бар сабақтарға қойылатын жалпы талаптар белгіленеді:
1. Сабақтың жалпы педагогикалық, дидактикалық және лдістемелік мақсаттарын нақтылы айқындау;
Сабақтың мазмұнын дидактикалық негізге сай, бағдарлама жэне оқушыларға сэйкес таңдап, химия ғылымының соңғы жаңалықтарымен толықтыру;
Сабақта өтілетін оқу материалын өмірмен, өндіріспен, қоғамдық құрылыстың сарамандығымен тығыз ұштастыру жэне кәсіптік бағдар беретін деректерді енгізу;
Сабақтың тәрбиелік әсерін арттыру.Оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын табуына, табиғаты аялау, ізеттілік, басқа да адамгершілік қасиеттердің орнығуына жәрдемдеседі;
Сабақ үстіндегі оқушылардың белсенділігін арттыру, ақыл ойын дамыту;
Пәнаралық байланысты жүзеге асыру;
Сабақтың әр бөлігін тиімді өткізетін эдістерді таңдап алу, олардың дидактикалық, мақсаттарға жэне оқу материалының мазмұнына сай келуін қамтамасыз ету;
Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарының үлесін артыру. Оқушылардың жаппай, топтық және жеке істейтін жұмыстарының ара-қатынасын дәл анықтап, тиімді ұйымдастыру;
9.Сабақтың құрылымын дұрыс таңдап, әр бөліктерінің арасындағы байланысты негізгі дидактикалық мақсатқа сай жүзеге асыру, уақытты ұтымды пайдалану;
10.Оқушылардың жаңа материалды игеруін, негізінен, сабақта жүзеге асыру, тапсырмасын барынша ыңғайлату, жұмысбастылықты болдырмау;
11.Сабақта оқушылардың байыпты,ынталы жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Сабақты талдау. Сабақ беру әдістемесін игерумен бірге оны жан жақты талдай білудің маңызы да зор. Сабақты білгір талдау үшін химия курсының мазмұнын, құрылымын жэне сабақтар жүйесіне жіктелуін жетік білу қажет.
Сабаққа кірердің алдында мұғалімнің тақырыптық жоспарымен танысып, сабақтың типі, құрылымы және басқа сипатамаларын жазып алған жөн.
Сабаққа кірген соң бақылағандарынын ретімен жүйелі түрде: 1) сыныбын; 2) мұғалімнің аты-жөнін, уақытын, сағатын; 3) сабақтың мақсатын; 4) сабақтың талдауын жазу керек. Сабақты талдағанда дэптердің бетін екіге бөліп, сол жағына көрген-білгенін, ескертпелерін жазған қолайлы.Талдау кезінде қазіргі сабаққа қойылатын талаптардың қандай дэрежеде орындалғанына көңіл аударылады. Сабақты оқыту барысының негізгі бөліктері бойынша, әсіресе мұғалімнің істегені мен оқушылардың таным әрекетінің қалай жүзеге асқаны тұрғысынан қарастырады.
Сабақтың білім беру міндеті қалай жүзеге асты? Сабақ құрылымының ең басты дидактикалық мақсатына сай келетінін немесе келмейтінін, жеке бөліктерінің өзара үлесімділігін және оларды жүзеге асыру әдістерінің тиімділігін, сабақ құралдарына қойылатын талаптардың орындалуын, пәнарылық байланыстардың жүзеге асуын талдау;
Сабақтың тәрбиелік мәні қалай болды? Оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастыруда, ақыл-ой еңбек, экологиялық, экономикалық, патриоттық және интернационалдық, адамгершілік тэрбие берудегі жүзеге асырылған шараларды талдау;
Оқушыларды дамыту міндеті қалай жүзеге асырылды? Оқушылардың тыңдау, бақылау, қабылдау, есте сақтау жэне ойлау нәтижелерін қалыптастыру жэне дамыту, сабақ мүмкіндіктері қалай пайдаланылғанын талдау;
Оқушылардың таным эрекеті қалай жүзеге асты? Мұғалімнің келтірілген үш саладағы ісі оқушыларда із қалдырды ма? Оқушылардың өздігінен істеген жұмыстарын, сабаққа ынтасын, белсенділігін, жаппай, топтық жэне жеке тапсырмаларды қалай орындағандарын талдау;
Мұғалім мен оқушының өзара ынтымақтастығы, сөйлеу мәдениетінің дәрежесі қандай болды? Мұғалім мен оқушылардың химия ғылымының тілін - терминологиясын, номенклатурасын жэне символикасын қалай меңгергенін, химиялық сауаттылығын талдау;
Сабақтың мақсаты мен нэтижесі үйлесе ме? Сабақтың тақырыптық жоспарына сәйкестігін немесе одан алшақтығын, нәтижесінің қалай анықталғанын, оқушыларға қойылған бағалардың ақиқаттығын, сынып журналы мен басқа да құжаттардың қалай пайдаланылғанын талдау.
Сабақтарды жоспарлау. Сабақты дайындаудың ең жауапты кезеңі - жоспарлау, ол екі түрлі: тақыраптық жоспар және әр сабақтың жоспары (күнделік жоспар). Тақырыптық жоспар сыныптар бойынша бір жылға жасалады. Бағдарлама жэне оқулықты талдау арқылы әр тақырып сабақтарға бөлінеді, нәтижесінде пайда болған сабақтар жүйесінде әр сабақтың орны, өзіндік келбеті анықталады. Қосымша әдебиеттер жэне әдістемелік қүралдар пайдаланылып сабақтың мақсаты, мазмұны, типі, эдістері мен құралдары белгіленеді. Қазіргі әдістемеде және мектеп сарамандығында тақырыптық жоспардың эр түрлі құрылымы пайдаланылуда. Химияны оқыту әдістемесінің сарамандық сабақтарында өтетін сабақтың уақыты, реттік нөмірі, тақырыбы, типі, химиялық диктанттың мазмұны (модельдеу), сан есептері, көрнекі көрсету жэне зертханалық эксперименттік ескертулер көрсетілген.
Студенттерге арналған эдістеменің тақырыптық жоспарында сабақтың реті, тақырыбы, білім беру мақсаттары, жасалатын тәжірибелері жэне сан есептерінің типі, пэнаралық жэне пэн ішіндегі байланыс, көрнекі құралдары қамтылады.
Тақырыптық жоспардың барлық мектептерде қолданылатын біркелкі түрін ұсынудың қажеті бола қоймас, ол мұгалімнің пайдалануына қолайлы, сабақтар жүйесінің алдын ала ескеруді қажет ететін аса маңызды мэселелерін қамтыса жеткілікті. Мысал ретінде "Азот топшасы" бойынша жасалған тақырыптық жоспардан үзінді келтіруге болады.
Тақырыпты оқып үйренудің негізгі міндеттері: азот пен фосфор түзетін жэне жай заттардың жэне қосылыстардың құрылысы мен қасиеттерін қарастыру ақылы периодтық заң және химиялық элементердің периодық жүйесі туралы білімді тереңдету жэне нақтылау. Оқушыларды дамыту мақсатын жүзеге асыру үшін теориялық білімді қолдана білуге үйрету электролиттік диссоциациялану жэне тотығу-тотықсыздану эректтері тұрғысынан заттар қасиеттерінің құрылысына тэуелділігін түсіндіріп, жасалған қорытындыларды тәжірибе арқылы дәлелдеу; химиядан жэне математикадан алған білімді сан есептерін (теориялығымен салыстырғандағы өнім шығымының масалық жэне көлемдік үлесін табу) шығаруға пайдалану, химия гылымьшың өндіріспен байланысын көрсету, химия өндірісіндегі негізгі мамандықтармен таныстыру, азық-түлік молшылығын жасауда, табигат қорғау ісінде химияның рөлін көрсету.
Сабақтың тақырыбы: азот топшасы элементтерін сипатау. Азоттың химиялық қасиеттері.
Сабақтың мақсаты: тақырыптың мәнін ашып түсіндіру.
көрнекі құралдары. Элемент атомдары модельдерін көрнекі көрсету, аммиак синтезінің тэжірибесі.
Жоспарланған сабақ нәтижесі; азот, жай зат қасиеттерін білу. Периодтық жүйе жэне атом құрылысы жөнінде білетіндерін, химиялық элементтерді жэне жай заттарды сипаттауға қолдана білу, азоттың химиялық қаситтерін тотығу-тотықсыздану әрекеттерінің, химиялық реакциялар жүру заңдылықтарының тұрғысынан сипаттап түсіндіре білу.
Сабақтың жаңа материалын түсіндіруде енгізілетін жаңа ұғымдар болмауынан жоспардың 2-бабын пайдаланылып, басқа баптары текстегі ретімен берілді, пайдалануға қолайлы жэне көрнекі болу үшін тақырыптық жоспарды кесте түрінде жазған тиімді. Тақырыптық жоспар сабақтардың жүйесін және оны іске асыратын ауқымды мэселелерін ғана қамтиды. Әр сабақтың нақтылы мазмұны күнделікті жоспарда шешіледі. Күнделікті жоспар қысқа, кеңейтілген жэне қысқаша жазба түрінде жазылады.
7-кесте. Тақырыптық жоспардың үлгісі
Сабақ реті
|
Сабақтың
тақырыбы
|
Негізгі
ұғымдар
|
Химиялық
эксперимент
|
Жоспарланған
оқыту нәтижесі
|
Оқулық бойынша
тапсырма
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Достарыңызбен бөлісу: |