Құрастырған: аға оқытушы п.ғ.к. Д.Р. Онтагарова ______________________________________________________
Экология,химия және география пәндері кафедрасының мәжілісінде бекітілген:
№ ___ хаттама _____2012 ж.
Экология,химия және география пәндері кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.д.,профессор ____________________М.С. Панин
Жаратылыстық ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде талқыланды:
№ ___ хаттама _____2012 ж.
Жаратылыстық ғылымдар факультетінің
ОӘК-нің төрағасы_____________ З.В. Абдишева
Жаратылыстық ғылымдар факультетінің ғылыми кеңесінің мәжілісінде талқыланды:
№ ___ хаттама _____2012 ж.
Жаратылыстану ғылымдары факультетінің
деканы,х.ғ.к., доцент ____________Л.С.Ибраева
Мазмұны
1. Пән бойынша глоссарий
2. Дәрістердің қысқаша мазмұны
№1 дәріс. Химияны оқыту әдістемесі (ХОӘ) ғылым және оқу пәні ретінде. Химияны оқытудың мақсаттары және міндеттері.
№2 дәріс. Орта мектептегі химия курсының мазмұны мен құрылысы.
№3 дәріс. Химиялық ұғымдардың қалыптасуы. Химия тілі-химияны оқытуда таным құралы
№4 дәріс. Химияны оқыту әдістері.
№5 дәріс. Оқушылардың білім мен біліктерін тексеру.
№6 дәріс. Орта мектепте химияны оқытуда оқуды ұйымдастыру формалары. Мұғалімнің сабаққа дайындығы
№7 дәріс. Химияның негізгі заңдарын оқу және химиялық түсініктерді қалыптастыру әдістері Алғашқы химиялық ұғымдардың қалыптасуы.
№8 дәріс. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары туралы ұғымдарды қалыптастыру.
№9 дәріс Д.И.Менделеевтің периодтық заңын және периодтық жүйесін,атом құрылысын оқыту әдістемесі.
№10 дәріс Заттар құрылысы,валенттілік және тотығу дәрежесі туралы ұғымдардың қалыптасуы.
№11 дәріс Химиялық реакциялар туралы ұғымды дамыту.
№12 дәріс Ерітінділер және теориялар негіздерін оқыту әдістемесі.
№13 дәріс Химияның жүйелік курсында элементтерді және олардың қосылыстарын оқыту әдістемесі.
№14 дәріс Органикалық қосылыстарды оқытудың методикалық принциптері.
№15 дәріс Химиядан оқушылардың білімін қорытындылау.
3. Зертханалық жұмыстарды жүргізуге арналған
әдістемелік нұсқаулар
4. ОСӨЖ бойынша әдістемелік ұсыныстар .
5. СӨЖ бойынша әдістемелік ұсыныстар .
Бақылау-тексеру құралдары
Емтиханнан тест сұрақтары
«Химияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша ГЛОССАРИЙ
Алмасу реакциялары - айырылып, бір байланыс түзіп және сол жерге ескі атом тобының орнын жаңасы келіп басу реакциясы.
Қосылу реакциялары – екі атом тобы немесе атом қос байланыстың үзілген жеріне қосылу реакциясы
Бөліп алу реакциялары (элиминдеу) –екі σ – байланысын бір π - байланысымен ауыстыру
Рентгенография – органикалық қосылыстарды рентген сәулесінің көмегімен зерттеу.
Ациклді қосылыстар – ашық көмірсутегі тізбегі күйіндегі заттар.
Карбоциклді қосылыстар – көмірсутегі атомдарының сақиналы тізбек күйіндегі қосылыстар.
Көмірсутек қаңқасы – көміртегі атомдарының тізбегі
Қаныққан көмірсулар - сутегіге бай, сутегі және галоген атомдарын қосып ала алмайды.
Қанықпаған көмірсутектер - қосып алуға бейім.
Изомер –молекулалық массасы және құрамы бірдей, бірақ физикалық және химиялық қасиеттері әртүрлі заттар
Крекинг – жоғары температура немесе қысымның көмегімен бөлу.
Гидрлеу – сутегінің қосылуы
Дегидрлеу – сутегігің бөлінуі
Галогендеу –галогенді қосу
Дегалогендеу – галогенді бөліп алу
Гидрогалогендеу –галогенсутегін қосу
Дегидрогалогендеу–галогенсутегін бөліп алу
Гидратация –суды қосу
Дегидратация – суды бөліп алу
Карбоксилдеу –СО2 қосу
Декарбоксилдеу –СО2 бөліп алу
Полимеризация - қос байланыс үзілгенде бір молекулаға екішнші бір молекуланың келіп қосылуы.
Ашу- ферменттердің әсерінен заттардың айрылуы.
Химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері.
№1 дәріс. Химияны оқыту әдістемесі (ХОӘ) ғылым және оқу пәні ретінде. Химияны оқытудың мақсаттары және міндеттері.
1. Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін мәселелері.
2. Химияны оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы.
3. ХОӘ пәні және мақсаттары мен міндеттері.
4. Химияны оқыту үрдісінің құрылысының принциптері.
Қысқаша мазмұны:
Қазірге дейін химияны оқыту әдістемесі - ғылым ретінде танылып келеді. Сондықтан да химия пәні мұғалімдерін дайындайтын жоғары оқу орындарының оқу жоспарына химияны оқыту әдістемесінің курсы енгізілді.
Химияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым әрі оқу пәні. Химия - заттардың бір-біріне өзгеруін зерттейтін ғылым. Демек, химияны оқыту әдістемесі мектептің химия курсындағы осындай заңдылықтарды оқушыларға үйрету жолдарын, түсіндіру тәсілдерін зерттейтін педагогикалық ғылым деп түсінуіміз керек.
Оған оқу үрдісін ұйымдастыру, оқушылардың танымдық іс-әрекетіне басшылық, сарамандық дағдылар мен іскерліктер қалыптастыру, шығармашылық қабілеттер мен ғылыми дүниетанымдық көзқарастарды дамыту жатады.
Келесі мәселе - «қалай оқиды?» - деген сұрақтың жауабына келсек,ол оқушылардың іс-әрекеті бойынша анықталады. Химияны оқыту әдістемесіне ғылыми тұрғыдан қандай анықтама беруге болады? Бұл әлі күнге дейін толық шешімін таппаған мәселелердің бірі болып саналады. Кейбір оқу құралдарында мынадай анықтама берілген: бұл - жасөспірімдерге химия ғылымын үйретудің қоғамдық әрекеті және оларды білім алуға тәрбиелеп, дамыту, мектептегі химия курсының мазмұнын оқушыларға игерту заңдылықтары туралы педагогикалық ғылым.
Химияны оқыту әдістемесі мұғалімнің оқу материалын оқытуы мен оқушылардың химиялық білімді саналы меңгеруін, алған білімдерін іс жүзінде қолдану ерекшеліктерін және дағдыларын дамыту эдістері мен құралдарын айқындап береді.
Химияны оқыту әдістемесі әрі ғылым, әрі оқу пәні ретінде оқытудың мазмұнын, оқыту әдістерін тәрбие жұмысымен тығыз бірлікте, өзара байланыста зерттейді. Оқытудың заңдылықтарын ашумен қатар, оқытудың мазмұн-мақсатын,оқыту формалары мен құралдарын, оқытушы мен оқушының іс-әрекетін бір-бірінен ажыратпай біртұтас қарастырады.
Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін объектісі - сол пәнді оқыту әрекеті. Оқыту, педагогика, дидактика жэне әдістеме ғылымы тұрғысынан түсінуге болатын күрделі әрекет болып табылады. Педагогикалық тұргыдан қарастырганда оқыту дегеніміз -жасөспірімнің бойына ұжымдъқ тәжірибесін,Дидактикалық жағынан алғанда, оқыту білім берудің мазмұнын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру (мұғалімнің қызметі) мен оқудың (оқушының таным эрекеті) бірлігі әдістемелік тұргыдан алғанда оқыту - нақтылы оку пэнінің материалын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ берумен оқудың бірлігі.
Оқыту әрекетіне «мұғалім-оқушы», «оқушы-оқу пәні», «оқушы-оқушы» қатысады. Осылардың ішіндегі ең негізгісі - мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының бірлігі мен үйлесуі, оқытудың мақсаттары мен міндеттері, мазмұны, ұйымдастыру формалары, құралдары мен әдістері арқылы жүзеге асады.
Жеке оқу пәндерінің мақсаты қоғамның мектеп алдына қойған әлеуметтік талабы бойынша анықталады. Ол мақсат – әржақты жетілген, өз ісіне сенімі күшті, қоғамдағы түбірлі өзгерістерді жүзеге асыруга қабілетті кісіні тәрбиелеу. Бұл, мақсатқа жету үшін мектеп жасөспірімдерді табиғат, қоғам, адам жэне оның еңбегі туралы білім жүйесімен қаруландырады, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесін береді, ғылыми және ізгілік көзқарастарының, қабілеттерінің барынша дамуына қажетті жағдайлар жасайды. Мектеп жасөспірімнің бойына азаматтық борыш, елі мен жерінің тағдыры үшін жауапкершілік қасиеттерді сіңіреді, шығармашылықиен еңбек етуге, өзін-өзі басқаруга әзірлейді.
Осы жалпы мақсатқа сәйкес әр пәннің алдына ғылым негіздерінен білім беру, тәрбиелеудегі жинақты тәсілді жүзеге асыру, оқушыларды әржақты дамыту мақсаттары да қойылады. Химия пәні де оқушыларға табиғат туралы және технологиялық білім беру, ғылыми көзқарас қалыптастыру, солардың негізінде экологиялық, экономикалық, адамгершілік, еңбек жэне т.б. тәрбиесін беру, олардың бақылау, қабылдау, түсіну жэне ойлау қабілетін дамыту мақсаттарын көздейді.
Бүл мақсаттар химияны оқыту барысында одан әрі салаланып жүзеге асады, олар:
Химия ғылымының негізін оқушыларға игерту арқылы үздіксіз білім алуға, сарамандық істерге араласуға әзірлеу, политехникалық дайындық беру;
Химия зертханасында, өндірісте, табиғатта жэне күнделікті өмірде байқалатын сапалық өзгерістерді бақылауға жэне түсіндіре білуге үйрету;
Химиядан алған білімді басқа пэндерден алған біліммен байланыстырып, табиғат туралы ғылыми материалистік көзқарас қалыптастыру;
Заттармен, құралдармен, кернекі қүралдармен жұмыс істей білудің біліктері мен дағдыларын игерту;
Білім, білік және дағдыны оқу барысында, өмірде, қоғамға пайдалы еңбекте қолдана білуге үйрету;
Оқушыларды білім мен білік алу инициативасына, дербестікке жэне табандылыққа тәрбиелеу;
Оқушылардың химияға құштарлығын және қабілетін дамыту, кәсіптік бағдар беру.
Химия пәнінің мақсаттары әр сыныптың химия курсында, олардың жеке тақырыптарында, тақырыптар бойынша откізілетін сабақтарда нақтыланады.
Химияны оқыту әдістемесінің міндеттері Оқытудың мақсаты дегеніміз - жорамал нәтижесі, ол оқытудың міндеттері арқылы жүзеге асады. Орта мектепте химиядан берілетін білімнің мазмұны химия ғылымының даму дәрежесін ескеріп, дидактикалық талаптарға сай таңдап алынады жэне химия ғылымының негізі деп аталады. Химияның негізі үш салалы білімнен тұрады. Олар: заттар туралы ілім; химиялық теориялар мен заңдар жоніндегі білім; химиялық өндіріс туралы білім.
Химиядан орта білім берудің бірінші міндеті - химияның жаратылыстану ғылымдарының арасындағы алатын орнын көрсету.
Химиядан орта білім берудің екінші міндеті – пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Химия заттардың химиялық қасиеттерін зерттеу жэне түсіну саласында физиканың әдістері мен теориялық көзқарастарын пайдаланады. Жер туралы ғылымдар (геология, минералогия жэне т.б.) минералдар мен тау жыныстарының өзгерістерін олардың құрамына кіретін заттар деңгейінде қарастырып, түсіндіруге тырысады. Организмдердегі тіршілік әрекеттерінің мәнін физика мен химияның заңдылықтарына сүйене отырып, молекулалық биология зерттейді. Бұл ғылымдар арасындағы байланыстар алуан түрлі, яғни айтылғандармен ғана шектелмейді. Химияны оқыту барысында келтірілген сызбанұсқаға сәйкес осы ғылымдар арасьшдағы өзара байланыстың мәнін ашып керсету керек.
Химиялық орта білім берудің үшінші міндеті - табиғаттың тұтастығы, онда жүзеге асатын құбылыстардың бір-бірімен байланыстылығы, шарттылығы жөнінде ғылыми көзқарас қалыптастыру. Өлі табиғатты кұрайтын минералдар мен тау жыныстары, тірі табиғатты құрайтын организмдердің денесі заттардан тұрады. Заттардың өзі жүзге жуық химиялық элементтердің атомдарынан, ал атомдар санаулы ғана қарапайым бөлшектерден құралады.
Химиядан орта білім берудің тәртінші міндеті - орта мектептегі химияның негізіне кіретін заттар туралы оқу материалын іріктеу. Қазір үш миллионнан астам заттар белгілі, олардың саны үздіксіз артуда.Осы миллиондаған заттардың ішінен қайсысын және қандай дәрежеде өту қажеттігін шешу - аса жауапты міндеттердің бірі.Заттар туралы білім ұғымдардан тұрады, олардың негізгілері - химиялық элемент, химиялық реакция, химиялық өндіріс.
Химиядан орта білім берудің бесінші міндеті - химия курсын құрайтын ұғымдар жүйесін, әр жүйеге кіретін жеке ұғымдарды анықтау, олардың оқылу ретін белгілеу.
Заттар мен ұғымдар теориялық козқарастар тұрғысынан іріктеп алынады. Олардың бірі - теорияны өтуге әзірлеу үшін, екіншісі -бекіту үшін, үшіншісі теорияның негізінде оқып үйрену үшін қажет. Мәселен, заттардың қасиеттерін, оның атом-молекулалық құрылысын, сондай-ақ элементтердің қасиеттерін түсіну үшін атом құрылысын, периодтық заң мен периодтық жүйені білу керек.
Химиядан орта білім берудің алтыншы міндеті - орта мектепте оқылатын теориялардың мазмұнын, деңгейін жэне орнын негіздеу. Теориялық білім деректі материалдарды сұрыптау, түсіндіру жэне болжау, ұғымдарды анықтау міндетін атқарады.
Химиядан орта білім берудің жетінші міндеті - орта мектептегі химия ғылымының негізіне кіретін өндірістік материалдарды анықтау арқылы оқушылардың политехникалық әзірлігін арттыру. Бұл негізді жүзеге асыру үшін химия өндірістерімен жэне олардың ғылыми негіздерімен таныстыру, технологиялық негізгі ұғымдарды қалыптастыру, қалаулы қасиеттері бар өнімдерді, бағалы синтетикалық материалдарды ондірудегі, қалдықсыз технология жасаудағы химияның мэнін көрсету, химиямен байланысты мамандықтарға кәсіптік бағдар жасап, еңбек тәрбиесін жүзеге асыру керек.
Химиядан орта білім берудің сегізінші міндеті - табиғатты аялай білуге баулу; химияны және химия онеркәсібін оркендетуге байланысты ауаның, судың, топырақтың ластануын болдырмау; минералды тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғайтын заттарды пайдаланудың тиімді жэне тиімсіз жақтарын білу; соңғы кезге дейін химияны тек қана мадақтайтын сыңаржақтылықты қойып, оның табиғатқа, организмдерге жэне адам денсаулығына тигізетін қолайсыз эсері жонінде екі жақты ақиқат пікір тудыру.
Химиядан орта білім берудің тоғызыншы міндеті - оқушылардың таным әрекетін жандандыру, білім мен білік алудағы белсенділігін арттыру.
Химиядан орта білім берудің оныншы міндеті - оқушыларға химияның ғылыми тілін жетік меңгерту; химиялық әдебиеттермен жұмыс істей білудің біліктері мен дағдыларын қалыптастыру, сөйлей білуге, өз ойын анық, дәл, жүйелі және дәлелді жеткізе білуге үйрету; химияның өзіне ғана тән тілдік құралдарын, химиялық символиканы, номенклатурасын және терминологиясын жетік білдіру; олардың мағынасы мен құрылысын нақтылы түсініп, қолдана білуге үйрету.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары.
Оқыту эрекетінің жеке бөліктерін сипаттап, олардың өзара байланысын көрсетіп, химияны оқыту әдістемесіне ғылыми анықтама беріңіз;
Химияны оқыту эдісін басқа ғылыммен байланысын сызбанұсқа арқылы көрсетіңіз
Химияны оқыту туралы орыстың ұлы ғалымдары М.В.Ломоносовтың, Д.И.Менделеевтің, А.М.Бутлеровтың пікірлері қандай болды?
Кеңес өкіметі тұсында химияны оқыту әдістемесінің қалай дамығанын сипаттаңыз;
Қазақстан Республикасында химияны оқыту әдістемесі қалай дамыды және қазір қандай?
Педагогикадан алған білімдеріңізге сүйеніп, орта мектептегі оку пэндерінің атқаратын қызметін айтып беріңіздер.
7. Химиядан орта білімнің жеке бөліктерін сипаттаңыздар. Ғылыми көзқарас қалыптастыруды қалай түсінесіз, оның деңгейлері туралы білетініңізді еске түсіріңіз.
8. Диалектикалық материализмнің заңдары мен
категорияларының жалпы сипаты болатынын дэлелдейтін химиялық мысалдар келтіріңіз.
9. Химияны оқыту барысында тәрбие беру мэселелерін қалай түсінесіз?
10.Химияны оқыту барысында оқушылардың дамуы қалай жүзеге асады?
Қолданылатын әдебиеттер:
Чернобельская Н.М. Методика обучения химии в средней школе. М. Владос. 2000
Нұрахметов Н. Химия. 8 сынып оқулығы. Алматы, Мектеп, 2004
Нұрахметов Н. Химия. 9 сынып оқулығы. Алматы, Мектеп, 2005
Нұрахметов Н. Химия. 10 сынып оқулығы. Алматы, Мектеп, 2006
“Білім” мемлекеттік бағдарламасы.
Қ.Р.конституциясы,Қ.Р.”білім туралы” заңы.
“Қазақстан 2030” стратегиясы.
Программа по химии для 8,9 кл. Каз.акад.Образ. им. Ы.Алтынсарин
№2 дәріс. Орта мектептегі химия курсының мазмұны мен құрылысы. Химиялық ұғымдардың қалыптасуы.
1. Химия курсының мазмұнын таңдауға және оқытуға қойылатын дидактикалық талаптар.
2. Орта мектептегі химия курсының мазмұнын сұрыптау негіздері.
3. Орта мектептегі химия курсы мазмұнының қалыптасу кезеңдері.
Қысқаша мазмұны:
Химия курсының мазмүнын таңдауга және оқытуга қойылатын дидактикалық талаптар. Химия курсының мазмұны химия ғылымының қолы жеткен табыстарын дидактикалық талдау арқылы мына негіздерге сай анықталады жэне оқытылады: ғылымилыгы, жүйелілігі, түсініктілігі, саналылығы мен белсенділігі, көрнекілігі, теорияның сарамандылыққа байланыстылығы.
Ғылымилығы. Орта мектептегі химияның негізіне ғылымда толық шешімін тапқан деректер мен көзқарастар кіреді. Олар ғылымдағы мәліметтерге толық сэйкес келіп, заттар мен қүбылыстар туралы ақиқатты бұрмаламай жеткізу тиіс. Ол үшін жетекші теориялардың орны дұрыс анықталып, жеткілікті деректі материалдың негізінде енгізілуі керек.
Жүйелілігі. Оқу материалы ғылым логикасына сэйкес бірінен бірі туындайтын ретпен орналастыралады. Жаңа материал өтілгенді ескеріп беріледі де, өзі соңындағыларға негіз болады. Жүйелік негізі, эсіресе, химияның негізгі ұғымдарын қалыптастырғанда ескеріледі. Ол үшін деректі материалдарды заттар және химиялық реакциялар туралы ұғымдар жүйесіне біріктіреді.
Түсініктілігі. Бұл ғылыми негізге- кереғар, жүйелікке тура қатысты болады. Оқу материалдарының түсінікті болуы көлеміне жэне ғылыми деңгейіне байланысты, сондықтан кейбір ғылыми ақпарды оңайлатып беруге тура келеді. Оңайлатудың дэрежесін тым төмендетіп жіберсе, бұрмалаушылыққа әкеліп согады. Оқушылар химиялық қосылыс жэне қоспа ұғымдарымен нақтылы мысалдар арқылы танысқан соң ерітінділер өтіледі. Осыған орай оңайлату үшін ерітінді ұғымына қосылыс деп те немесе қоспа деп те анықтама беру жөнінен химиялық қосылысқа (еріген зат жэне еріткіш бөлшектерінің өзара эрекетессуі), екіншілері бойынша қоспаға (құрамы тұрақсыз) ұқсайды.
Саналылық және белсенділік негізі - оқыту барысында мү_ғалім мен оқушы еңбегінің ара салмағын оқушылар жағына ауыстырып, олардың пэнге қызығуын жэне білім алудағы белсенділігін арттыру. Ол үшін білімнің қажеттігі мен пайдасына оқушылардың көздерін жеткізіп, өздігінен жұмыс істей білуге үйрету керек.Ғылым тілін меңгеруге байланысты саналылық негізінің маңызы арта түседі. Оқушылар термин арқылы берілетін ұғымның негізгі белгілерін, қажет жағдайда, зат атауының шығу төркінін, химиялық символиканың мәні мен магынасын түсінуі, солар арқылы белгіленген заттар мен қүбылыстарды елестете білуі керек. Мүның өзі оқушылар білімінің жаттанды жэне үстірт болмауын қамтамасыз етеді.
Көрнекілік принципі - дидактикалнық ертеден қалыптасқан түпкілікті негіздерінің бірі, химияны оқытуда маңызы орын алады. Оқушылар білімді заттар мен химиялық эрекеттерді тікелей қабылдау арқылы алуы тиіс. Бүл мүмкін болмаған жағдайда атом мен молекула қүрылысының, өндірістік қондырғылардың модельдерін, суреттерін, сызбанүсқаларын пайдаланады. Осының бэрінде оқушылар жан-жақты бақылау жасауға, эр көрнекіліктен барынша мол ақпар алуға, бақылау нэтижелерін қорытындылап, түсіндіре білуге үйренуі керек.
Теорияның сарамандыққа байланыстылығы. Бүл -оқушылардың ғылым негіздерінен алған білімін омірмен, қоғамдық қүрылыс сарамандығымен ұштастыру арқылы жүзеге асады, политехникалық білім беру мәселелерін қамтиды. Реті келген жағдайда химия ғылымында ашылған жаңалықтардың ондіріске енгізілуін, ал химия онеркәсібінің қажеттілігі ғылымның дамуына түрткі болғанын нақты мысалдармен түсіндіріп отырған жөн. Мәселен откен ғасырда азот тыңайтқыштарын молынан ондіру, оқ-дэрі жасайтын нитрат алу қажеттігі туғанда химиялық байланыстырудың мәселесі қойылды. Осыған орай аммиак синтезінің жағдайларын, химиялық тепе-теңдікті қалаған жағына қарай ығыстыру шарттары, әрекетті жүзеге асыру қүралдары мен негіздері жан-жақты зерттелді.Соз болып отырған принципті жүзеге асыру үшін оқушылар химиядан алган теориялық білімін сарамандық таным есептерін шығаруға қолдана білуі тиіс. Бұл есептер өмірде, табиғатта, зертханаларда жэне өндірісте жиі кездесетін құбылыстарға негізделіп құрастырылады.
Орта мектептегі химия курсының мазмүның сүрыптау негіздері. Химияны оқыту эдістемесінің негіздерінде оқу материалының көлемін және қиындығын реттеудің мынадай жалпы педагогикалық талаптары келтірілген: мазмүнынның түтастығы; ғылыми дэлдігі жэне қүндылығы; оқушылардың жас ерекшіліктеріне сай келуі; оқу жоспарындағы сағат санының ескерілуі; көпшілік мектептің жағдайына сәйкестігі; халықаралық стандартпен үйлесімділігі.Бүлар оқу пэндерінің бәріне тиесілі жалпы талаптар. Мектептегі химия курсының мазмұнын іріктеудің кейбір өзіндік негіздері химиядан сабақ беру әдістемесінде талданған. Енды соларға тоқталып отейік.
Оқу материалының қазіргі ғылым деңгейіне сәйкес келуі. Қазіргі ғылыми-техникалық даму дәуірінде жеке ғылым салалары қорыштап дамыды. Қайсыбір топшылауларға қарағанда, әр 7-10 ғылыми ақпараттың көлемі екі есе өскен екен. Мұның өзі оқу пәндерінің мазмұнын дүркін-дүркін қайта қарап, жаңалықтармен толықтырып отырып отыруды қажет етеді.Оқу пәні ретінде химияның мазмұнына деректі материалдар, Жетекші теориялар мен заңдар, өңдірістік материалдар енгізіледі. Осылардың әрқайсысы соны деректермен, химиялық технологияның жаңалықтарымен, жаңа иедялармен толысуы керек.Химия курсының мазмұнын таңдағанда және толықтырғанда таңдаған жүйелі түрде орналасуы ескеріледі. Оқу материалының ешінен ең іргелі білім мен біліктері іріктеліп, жетекші идеяның төңірегіне топтастырады, олардың ішкі мәнін жалпы заңдылықтарды қамтитын теориялардың тұрғысынан түсіндіреді.Демек теория мен деректі тәжірибелік білімнің арақатынасын тиімді анықтау - аса маңызды әдістемелік міндеттердің бірі.Деректер теориялық көзқарарсты жетік меңгеретін дәрежеде ғана алынады. Олардың мөлшері көбейіп кетсе, кері нәтиже береді.
Ұгымдарды дамыту негіздері. Химия ғылымьшың, даму барысында теориялық деңгейінің көтерілуіне байланысты, негізгі ұғымдарының мағынасы кеңейіп, тереңдейді. Мектеп курсында әр ұғымның ғылым тарихындағы қалыптасу жолын айнытпай қайталау міндет емес. Дегенмен, оқушылардың әзірлігін, жас ерекшелігін ескеріп, ұғымның мағынасын біртіндеп ашып, дамытуға тура келеді. Мәселен, зат туралы ұғым мына сызбанұсқаға сәйкес дамытылады; физикалық дене —►заттар элементтік құрамы—► элементар бөлшектер—► иондық құрамы—► материяның бір түрі.
Сызбанұсқаға қарағанда зат туралы алғашқы ұғым тәжірибе жүзінде бірнеше физикалық денелердің ортақ белгілерін табу арқылы қалыптасады (1). Бұдан соң атом молекулалық теорияның (2), электрондық теорияның (3), электролиттік диссоциациялану теориясының (4), жалпы материалистік көзқарастың (5) тұрғысынан дамиды.
Қиыншылықты бөлу негізі. Бұл негіз химия курсының мазмұнын анықтауда әр қилы шешім тапты. Мұндағы негізгі мәселе -оқушылардың таным әрекетінің мүмкіндігін ескеріп, деректі материалдардың, теориялардың және химиялық ұғымдардың орнын тиімді анықтау. Оқушылар тікелей бақылауға негізделмеген теориялық материалдарды игеруге қиналады. Сондықтан оларды бір жерге топтастырмай, қиыншылықты бөлу негізіне сәйкес кластарға бөліп орналастырады. Деректі материалдар теорияның алдынан және соңынан қарастырылады да, бірінші жағдайда теорияны түсіндіру, екінші жағдайда бекіту, нақтылау жэне дамыту мақсатын көздейді.
Қиыншылықты бөле білу негізі ұғымдарды дамытуға тығыз байланысты. Негізгі химиялық ұғымдар теориялық деңгейіне қарай курстыц әр жерінде өтіліп дамытылады. Мәслен, валенттілік ұғымының VII сыныпта эмпирикалық түсінігі, VIII сыныпта электрондық тустнігі беріліп келді. Эмпирикалық ұғымның өзі, алдымен қосылу, соңынан орын басу реакциялары арқылы эр тақырыптарға белініп беріледі.
Қиыншылықты бөле білу негізіне сәйкес терминдердің мағынасы да біртіндеп ашылады. VII сыныпта атом - химиялық бөлінбейтін заттың ең кішкене бөлшегі деп анықталады да, VIII сыныпта атомның элементар бөлшектерден тұратын күрделі құрылысы түсіндіріледі.
VIII сыныпта электрондардың атомдағы күйі, периодтылықтың себебі туралы күрделі материалды толық және терең қарастыру мүмкін еместігінен, бұлардың негізгі бөлігі XI сыныптағы жалпы химия курсына көшірілді.
Политехнизм негізі. Бұл негізді жүзеге асыру үшін химия курсының мазмұнына енгізілетін материалдар: 1) алдыңғы қатардағы химия өндірістерінің жэне негізіне химиялық эрекеттер жататын кейбір ондіріс орындарының шикізаттары, онімдері, технологиялық барысы, қажет болған жағдайда қондырғылары мен аппаратары; 2) ондірістің жалпы және химияға тән ғылыми негіздері; 3) халық шаруашылығын химияландырудың негізгі бағыттары, басқа пндірістермен байланысы, ауыр индустриядағы алатын орны; 4) химия өнеркэсібінің дамуы, қазіргі жайы, өркендеу перспективалары; 5) химия өндірістерінің экологиялық мәселелерін шешудегі мәні; 6)кәсиптік бағдар беретін материалдар.
Келтірілген материалдар оқушылардың ғылыми-техникалық ой -орісін дамытуға бағытталған. Бұлардан басқа гюлитехнизм пкушыларды сарамандық іске бейімдеу, тұрмыста жэне табиғатта жиі кездесетін заттармен жұмыс істей білу біліктері мен дағдыларын қалыитастыру мақсатын көздейді.
Тарихи негіз. Бұл негізді жүзеге асыру дегеніміз – химия ғылымын дамыту бағытында көрсету, оның өткені, бүгінгісі және болашағы туралы оқушыларда пікір қалыптастыру. Тарихи негіз екі бағытта жүзеге асады: біріншісі - орта мектептегі химия курсының мазмұны мен құрылысын анықтағанда ғылымның тарихи даму логикасын ескеру, екіншісі - химия элементтердің заттардың, химия гылымының дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдардың өмірі мен еңбектерінен мәлімет беру.
Бірінші бағыттың негізінде теориялық козқарастардың орналасу реті.анықталады, Мұнда оқушыларды ғылым тарихындағы адасулар мен қателіктерге соқтырмай, тура жолмен алып жүру максаты көзделеді,Екінші бағыт бойынша оқу материалыньвд мазмұнына кіретіндер,Кен таралған және толық түрде өтілетін элементтердің, мысалы оттегі мен суттегінің ашылу тарихы жөнінде мағлұматтар беру; 2) атом-молекулалық ілімінің негізін қалаған М.В. Ломоносов, Дж,Далтон еңбектерімен қысқаша таныстыру; 3) массаның сақталу заңының ашылуына байланысты М.В.Ломоносов жэне А. Лавуазье тәжірибелерін сипаттау; көрнекті ғалымдардың ғылымға келу жолын, қиыншылықтарды жеңу үстіндегі табандылығын, Отанына деген шексіз сүйіспеншілігін нақтылы мысалдармен көрсету.
Орта мектептегі химия курсы мазмүпының қалыптасу кезеңдері. Жалпы білім беретін орта мектептің алдына қойылған міндеттердің өзгеруіне сэйкес химия пэнінің мазмүны үздіксіз қайта қаралып, жаңарып отырды.
1920 жылы химияның шамамен алынған екі бағдарламасының жобасы жарияланды. Шамамен алынған дейтін себебіміз-бұл бағдарламаларда әр сыныпта өтілетін тақырыптардың тізбесі ғана берілді, мазмүны ашылмады, оны жергілікті жағдайға байланысты мүғалімнің өзі анықтау керек болды. Екі жоба химияны оқытудың өмір мен қоғамдық сарамандыққа байланысын, өздігінен істейтін сарамандық жұмыстар арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру негізіне сай құрылды. Профессор П.П. Лебедовтың басшылығымен жасалған москвалық жобада теорияның жетекшілік мәні мойындалмады, оны тәжірбиеден оқушылардың өздері қорытып шығаруға тиісті болды.
1923 жылы қабылданган жинақты бағдарламада химияның жаңадан қалыптаса бастаған жүйелі курсы жойылып кетті. Оның орнына барлық пәндерді біріктіретін "табиғат" , "еңбек", "қоғам" деген құрама тақырыптар енгізілді. Соларға сәйкес өндіріс және өндірістік әрекеттерді жөндеп түсінбеді, білімнің сапасы да төмендеп кетті.
Оқу пэндерінің бағдарламаларын жасаудағы орын алған бүрмалаушылық-тарды түзетуде ВКП (б) Орталық Комитетінің 1932 жылғы тамыздағы "Бастауыш жэне орта мектептегі оқу бағдарламалары мен, тәртібі" туралы қаулысының маңызы зор болды. Бүл қаулыда жалпы білім беретін пэндердің жүйелі бағдарламаларын жасау, пэнаралық байланыстарды жүзеге асыру міндеттері қойылды. Осыған орай 1932 жылдың соңында В.Н. Верховский басқарған комиссия химияның тұрақты бағдарламасын ұсынды.
Бүл бағдарлама жүйелілікке, үғымдардың үздіксіз дамуына, политенизхмге, теорияның сарамандыққа байланысына негізделіп қүрылды. Химияның негізгі үғымдары мен заңдарының анықтамалары тэжірибе жүзінде өтілген деректі материалдардың негізінде берілетін болды, оларды орналастыруда химия ғылымының логикасы мен даму кезеңдері ескерілді.
Қазіргі қолданысқа ие болған бағдарлама ұстанымы - химиялық заттар бір-бірімен тығыз байланысты үғымдар жүйесінен түрады, оларды жете түсінбейінше, ғылымның мазмұнын игеруге толық мүмкіндік болмайды. Сондықтан орта мектептің биоорганикалық, органикалық, жалпы химия курсын меңгеруде жаңа бағдарламаның оқу - тәрбиелік маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |