1. Дәріс кешені келесі бөлімдерді қамтиды: 1


жылы Алматы қаласында Медициналық институт ашылды



бет2/20
Дата05.09.2022
өлшемі437,55 Kb.
#148749
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Лекция 1,2,3

1931 жылы Алматы қаласында Медициналық институт ашылды. 1934 жылы емдеу факультетінің жанынан педиатрия кафедрасы ашылды, кейіннен педиатрия факультеті жеке бөлініп шықты. 1932 жылы институт КСРО – да НИИ – педиатриясы ашылды. 1941жылы НИИ ана мен бала қорғанысы деп ауыстырылды. 1961 жылы таза педиатрия деп қойылды. 1980 жылы хирургия кафедрасымен қосып, оны НИИ педиатрия және хирургиясы деп атады. Осы күнге дейін осылай аталады. Біздің елімізде педитрияның дамуына көп үлес қосқандар: Басенова, Маховская, Аюпова, Авенирова, Розанова, Хабижанов, Ормантаев К.С, Барлыбаева Н.А, Ярочкина Н.П, Лебедева В.А, Никонова Т.Н.

Балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру.


Балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру 3 түрлі бағытта жүргізіледі.
1.аурулардың алдын алу (профилактика);
2.емдеу жұмыстарын ұйымдастыру;
3.санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу.
1. Аурулардың алдын алу жұмысын жүргізу үшін негізінен келесі әдістер қолданылады:

  • Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін екпелерді (вакцинация) жасау;

  • Әйелдер кеңесімен үнемі байланыста болып, жүкті әйелдерге бақылауды ұйымдастыру-босануға дейінгі патронаж жасау арқылы болашақта туылатын баланың көптеген ауруларының алдын алуға болады;

  • Дені сау балалардың диспансеризациясы (балалардың дене және жүйке-психикасының дамуын бағалау үшін белгіленген мерзімде профилактикалық қарауларға шақырып, денсаулық ауытқуларын ерте анықтайды);

  • Баланың денесін туылғаннан шынықтыру

  • Дұрыс тамақтандыру

  • Күн тәртібін, тазалықты сақтау

Диспансеризация- профилактикалық денсаулық қорғау талаптарына сай келетін жұмыстың ең бір жетілген әдісі, баланың күйі мен саулығының деңгейіне динамикалық бақылау жасау, лабораториялық зерттеулер арқылы баланың денсаулығындағы ауытқуларды ерте тауып, оларды түзету шараларын жүргізу, бала дамуына тиімді жағдай жасау. Диспансерлеу қызметіне сау және ауру балаларды диспансерлеу жатады. Дені сау баланы диспансерлеу –ол оның дене және психикалық саулығын сақтау үшін туылғаннан бастап үздіксіз жүргізіледі. Ал ауру баланың диспансеризациясы-оның жасына, денсаулығына, табылған ауруына қарай жүргізіледі. Диспансерлік қараулар мына топтар бойынша жоспарланады:

  • Нәрестелер

  • Мектеп жасына дейінгі балалар мекемесіне бармайтын балалар

  • 16 жасқа дейінгі оқушылар

Баланы тексерудің барлық мәліметтері жеке картасына, не даму тарихына (Ф №112/у) жазылады. Егер бала ауру болса, диспансерлік карта (Ф №30/у) толтырылып, созылмалы паталогиясы бар балалар диспансеризациясы ұстанымы бойынша ем алып, бақылауда болады.


2. Балаларға емдеу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында медициналық көмектің негізгі түрлері қолданылады:
1.дәрігерге дейінгі медициналық көмек
2.білікті медициналық көмек
3.мамандандырылған медициналық көмек
4. жоғарғы мамандандырылған медициналық көмек
Баланы тексерудің барлық мәліметтері жеке картасына, не даму тарихына (Ф №112/у) жазылады. Егер бала ауру болса, диспансерлік карта (Ф №30/у) толтырылып, созылмалы паталогиясы бар балалар диспансеризациясы ұстанымы бойынша ем алып, бақылауда болады.
2. Балаларға емдеу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында медициналық көмектің негізгі түрлері қолданылады:
1.дәрігерге дейінгі медициналық көмек
2.білікті медициналық көмек
3.мамандандырылған медициналық көмек
4. жоғарғы мамандандырылған медициналық көмек
Дәрігерге дейінгі медициналық көмек-алдын алу мақсатында, сондай-ақ диагностика емдеу және медициналық оңалту әдістерін дәрігердің қатысуымен пайдалануды талап етпейтін аурулар кезінде медициналық орта білімі бар медицина қызметкерлері, төтенше жағдайларда медициналық білімі жоқ, тиісті дайындығы бар адамдар көрсетуі мүмкін. Дәрігерге дейінгі көмекті ФАП-та, фельдшер, акушерка немесе мейірбике жүргізеді.
Білікті медициналық көмек-диагностиканың, емдеу және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін пайдалануды талап етпейтін аурулар кезінде жоғарғы медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін медициналық көмек. Көмектің бұл түрі бөлімшелік ауруханада жүргізіледі.
Мамандандырылған медициналық көмек-диагностиканың, емдеу және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін пйдалануды талап ететін аурулар кезінде бейіндік мамандар көрсететін медициналық көмек. Аудандық ауруханаларда бейіндік мамандар жүргізеді.
Жоғарғы мамандандырылған көмек-диагностиканың емдеу және медициналық оңалтудың жаңа технологияларын пайдалануды талап ететін аурулар кезінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын медициналық ұйымдарда бейіндік мамандар көрсететін медициналық көмек. Облыстық, астаналық ауруханаларда, ғылыми зерттеу институттарында кеңейтілген зерттеулерді жүргізіп, көмек көрсетіледі.
3.Санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу мақсатында-медицина қызметкерлері «Дені сау бала» бөлмесінде ата-аналарға баланың дұрыс өсіп-дамуына қажетті бөлімдермен таныстырып, үйретеді, балалардың аурулары туралы әр түрлі басылымдарға мақала жазып, дәрістер оқып, телеарна мен радиода түсіндірмелер жүргізеді.
Аумақтық дәрігердің қабылдауының алгоритмі-қабылдау кезінде негізгі 10 қадамды орындап, дәрігер баланың жеке қасиеттері мен өзгерістерін анықтайды:
1.режим-баланың жасына сай күн тәртібін тағайындайды;
2.тамақтандыру- балаға алғашқы 6 айда жақсы тағам-ана сүті болып табылады, онда бала дамуына қажетті қоректік заттардың бәрі бар;
3.физикалық дамуын бағалау –баланың жасына сай массаж және гимнастика кешендері, шынықтыру шаралары тағайындалады;
4.тәрбиелік ықпал-баланың жүйке-психикалық дамуының деңгейін анықтап, тағайындалады;
5.алдын алу егулерді орындау-егу кестесі бойынша тағайындалады;
6.балалық шақтың ауруларының алдын алу-мешел, қаназдық, гипотрофия, диатез т.б. көрсеткіштері бойынша тағайындалады;
7.күнтізбелік диспансеризация –келесі тексеру уақытын белгілеу;
8.диспансеризация 30 форма бойынша –«Д» есепте тұратын балаларға 30 ф толтырып, келесі қабылдауға келу уақытын белгілеу;
9.тексерулер мен зерттеулерді ұйымдастыру;
10.симптомдық ем тағайындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет