Табиғи тамақтандыру дегеніміз-5 – 6 айға дейін баланы тек анасының сүтімен қоректендіріп, 6 айынан бастап ана сутімен қатар қосымша тамақ беріледі.
Денсаулық Сақтау Министрлігінің 113 – ші бұйрығы бойынша, нәрестелердің ауруының азайту үшін, балалардың дұрыс дамып жетілуі үшін, барлық туған балалар ана сүтімен тамақтануы керек деп белгіленген.
Табиғи тамақтандырудың келесі артықшылықтары бар: Ана сүтінің химиялық құрамы жақсы:
а/ Ана сүтіндегі ақуыздар альбуминдер және глобулиндер, олар ұйығанда өте майда сүзбе береді, оны қорыту оңай, ал сиыр сүтінде казеин, сүзбесі ірі болады.
б/ Ана сүтінің майлары қанықпаған май қышқылдарынан тұрады, олар жұмсақ майлар. Ал сиыр сүтінде қаныққан майлар, қатты, қорыту қиын.
в/ Қанттары-бетта лактоза, бифидум бактериясының өсуіне себепкер болады. Сиыр сүтіндегі лактоза-ішек таяқшасын өсіреді.
д/ Ана сүтінің құрамында А,Д,Е,С витаминдері бар. Сиыр сүтін қайнатқанда олар бұзылып кетеді. Ананың сүті таза. Әр-дайым жылы.
Ана сүтінде гармондар мен имунды денелер бар. Эмоциональдық фактор-кіндік кесілгеннен кейін бала мен ана арасындағы байланыс емшектің сүті арқылы сақталады. Босанғаннан кейін бірінші күндері емшектен уыз шығады. Ол қою кілегей сарғыш сұйық зат. Уызда ақуыздар сүтпен салыстырғанда 4 есе, тұздар 2 есе көп, витаминдер, имундық денелер де көп. Уыздың құрамы баланың тканьдеріне жақын, сондықтан қорытылмай-ақ сіңеді. 4-5 күннен өтпелі сүт, екінші аптадан бастап сүт шығады. Анасының көкірек бездеріннен сүттің бөлінуін лактация деп атаймыз. Ұзақ уақыт емшекпен емізуді сақтау үшін қажет:
1.емшекпен емізудің маңыздылығын жетілдіру;
2.жүкті әйелдерге табиғи тамақтандырудың артықшылықтары туралы түсіндіріп және емшекпен тамақтандырудың техникасын үйрету;
3.ана мен баланың терілік байланысын ерте қамтамасыз ету-ерте емшекке салуды қамтамасыз ету;
4.перзентханадан шыққан соң емхана қызметкерлері емізу кезінде пайда болған қиындықтарды жоюға көмек көрсетуі керек.
Баланы алғашқы емізу тәртібі :
Ана мен баланың тері мен тері байланысын қамтамасыз ету;
Босанғаннан кейін алғашқы 2 сағатта анасына баланы емізуге көмектесу ;
Баланың емшекті дұрыс алғанын қадағалау ;
Балаға екі емшектен бірдей сүтті емуге мүмкіншілік жасау ;
Өлшеуді ,терісін тазалауды т.б. манипуляцияларды алғашқы емізуден кейін жасау керек .