Баланың физикалық дамуы. Әрбір нәресте тек өзіне тән ерекшеліктермен дамиды. Алайда даму қарқынында олардың бәріне тән заңдылық та бар.
Дене құрылысының дамуының негізгі көрсеткіштері:
баланың туғандағы салмағы және оның өсуі.
Баланың туғандағы бойының ұзындығы және оның өсуі.
Баланың басының аумағы және оның өзгеруі.
Кеудесінің аумағы және оның өсуі.
Тісінің дамуы – тіс кезені.
Сезім ағзасының дамуы.
Нервісінің, ақылының дамуы болып саналады.
Баланың салмағы және оның өсуі. Баланың туғанда салмағы 2,5 – 4,4 кг – ға шейін, бірінші жылы оның салмағы ай сайын өсіп отырады:
1 –ші айда – 600 г 7 – ші айда – 600 г
2 – ші айда – 800 г 8 – ші айда – 550 г
3 –ші айда -800 г 9 – ші айда – 500 г
4 –ші айда – 750 г 10 –ші айда – 450 г
5 –ші айда – 700 г 11 – ші айда – 400 г
6 –ші айда – 650 г 12 – ші айда – 350 г қосады
Баланың денесінің салмағы жасына сәйкес формула бойынша есептеледі, ол орта есеппен осы формуламен шыққан санға жақын болады, бірақ әр баланың өзінің ерекшелігі болатының ұмытпау керек.
3-12 айға дейін n+9/2, мұнда n – баланың айы.
1-6 жасқа дейін (n*2) +8, мұнда n – баланың жасы, 8 – тұрақты сан.
6 – 12 жасқа дейін n*7/2, мұнда n – баланың жасы, 2 мен 7 тұрақты сан.
Баланың салмағы 4,5 – 6 айда туғандағы салмағынан 2 есе, 12 айда 3 есе өседі.
Баланың бойының өсуі. Нәрестенің туғанда бойы 48 – 52 см болады да, алғашқы 2 жасында тез өседі, бірінші жылы 24 -28 см – ге , екінші жылы 11 – 13 см-ге, 3 – 4 жасында 7,5 -9 см, одан кейін жыныстық кезеңі дейін – 10 -12 жасқа дейін жылына 5 см өседі. Баланың өсуі бір қалыпты болмайды, 2 жастан кейін тез өсетін кезең – мектеп жасына дейінгі кезең 5 -6 жаста, одан кейін 11- 14 жаста – жыныстық кезең. Баланың бойы жыл сайын 12 см өсіп отырады. Бұл жағдайды баланың созылуы дейді. Орта есеппен баланың бойы 2 жастан кейін мына формуламен шығарылады: