1. Дәріс кешені келесі бөлімдерді қамтиды: 1



бет1/20
Дата05.09.2022
өлшемі437,55 Kb.
#148749
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Лекция 1,2,3
лекция №12

1.Дәріс кешені келесі бөлімдерді қамтиды:
4.1 Кіріспе.Педиатрияның қысқаша тарихы. ҚР-да балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруы. Ерте жастағы балалардың дамуының динамикалық процессі.
4.2.Мақсаты: Бұл дәрістің негізгі мақсаты педиатрия ғылымының нені зерттейтінін және оның тарихымен студенттерді таныстыру, ҚР педиатриялық қызметті ұйымдастырудың негізгі бағыттарын білуін,ерте жастағы балалардың динамикалық дамуын бағалаудағы білімін бекіту және тереңдету болып табылады. Осы оқу құралын оқығаннан кейін студенттердің алған білімі фельдшердің профессионалдық қызметінде қолдануға мүмкіндік беретін жалпы және кәсіби құзыреттердің қалыптасуына ықпал етеді.

4.3. Дәріс тезисі:
Қысқаша тарихи очерк. ҚР педиатрияның дамуы.
Педиатрия гректің екі сөзінен құралған: PAID – бала, JATREA – емдеу. Педиатрия баланың дамуының ерекшеліктерін, ауруының себептерін талқылайды. Емі мен күтім және баланың ауруының алдын – алу жолдарын қарастырады. Педиатрияның негізгі принципы балалар ауруларының алдын – алу. Балаларға емдеу, алдын – алу көмек көрсетудің тиімділігі кезеңдер бойынша: емхана – стационар – санаторий жолымен қамтамасыз етіледі. Педиатрия баланың ағзасын туғанынан бастап 15- жасқа дейін зерттейді. Дамып келе жатқан ағза туралы ғылым б.э.д. 4- ғасырда Гиппократ кезінде бала ағзасы туралы ғылымды бастаған.
Бұл педиатрияның дамуының 1-ші кезеңі, 2-ші кезеңде көптеген елдерде педиатрияның двмуына үлес қосқан және бұл кезеңде баланың ерекшеліктеріне көніл бөлумен сипатталады. Педиатрия саласында ғылыми жұмыстар жақсы дамып, педиатрия мектептері құрыла бастады. Ең 1-ші балалар ауруханалары дүние жүзінде Парижде ашылды, сонан соң Англияда, Швейцарияда, Италияда т.б елдерде педиатрияның ғылыми клиникалық орталықтар жұмыс істей бастады. Педиатрия алғашқы кезеңде өзіне жақын – терапия, акушерстводан құрылды.
Акушерлер: Максимович, Катовицкий деген ғалымдардың педиатрияға қоқан үлесі көп. Москва университетінің профессоры: Зибеленин, Сокольский нәрестені емшекпен емізудің ерекшелітерін жазды.
Профессор Филатов педиатрия ғылымына өте зор еңбек етті. Баланың ең жақын досына деп жазып ескерткіш орнатылды. Осы кездері балалардың ауруханалары, емханалары салынды. Балалар өлімдерінің алдын-алу мен күрес басталды және бала мен ана қөнік бөліне бастады.
3-ші кезең қәзіргі уақытқа шейін біздің елімізде ана мен баланың денсаулығын сақтау мақсатталады. Сол мақсатты анықтап бала- бақша, бала үйлері ашылды.
Кисель, Спиранский, Маслов, Домбровская, Тур деген ғалымдар бала ауруларын тексеріп, емдеу жолдарын көрсетті. Туберкулез, пневмония, қан аурулары, ревматикалық қызба, жұқпалы ауруларға көп көңіл бөлінді.
Осы кезде Қазақстанда да педиатрия дамып жатты. 30-шы жж. Көшіп-қонып жүген алыс аудандарда медициналық көмек көрсетіле бастады. Наркомздрав сол аудандарға медициналық экспедициялар жіберіп отырды. Оларды қызыл - қазақ үйлер деп атады.
Бұл үйлердің мақсаты:

  1. Алдын-алу жұмысын және медициналық тексеру жүргізу.

  2. Аналар мен балаларды белсенді түрде үйге барып қарау.

  3. Бала-бақша, перзентхана, емхана ұйымдастыру.

  4. Балалардың тууы, ауруы, өлімі туралы дұрыс мәліметтер жинау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет