1. Дәріс кешені келесі бөлімдерді қамтиды: 1



бет8/20
Дата05.09.2022
өлшемі437,55 Kb.
#148749
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Байланысты:
Лекция 1,2,3

4.1. Тақырыбы: «1 жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру түрлері. Тек қана емшек сүтімен тамақтандыру. 1 жастан асқан балалардың тамақтануы».
4.2. Мақсаты: балаларды тамақтандыру түрлерін меңгеру,ана сүтінің артықшылықтарын біле отырып анасына ана сүтімен емізуді насихаттау,алған білімдерін зерделеу болып табылады, оларды фельдшердің қызметінде қолдануға мүмкіндік беретін жалпы және кәсіби құзыреттердің қалыптасуына ықпал етеді.
4.3. Дәрістің тезисі.
Баланың ас қорыту ағзаларының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
Құрсақ ішіндегі ұрықтың дамуы анасынан келіп түскен қоректік заттармен жүзеге асырылады. Туылғаннан соң бала бірден қоректенудің жаңа жағдайына өтеді. Жаңа туылған нәрестенің асқорыту мүшелері толық жетілмеген, тек ана сүтін қорытуға бейімделген.
Ауыз қуысы. Баланың ауыз қуысы салыстырмалы кішкене өлшемде, шырышты қабаты нәзік, қан тамырларға бай болып келеді. Сілекей бездері жақсы дамымаған: 4-6 айлығынан бастап сілекей бөлінуі күшейеді. Тілі жалпақ, шайнау бұлшық еттері жақсы дамыған. Ұртында майлы кесектері (Биша түйіндері) жақсы жетілген.
Өңеш. Ересектерге қарағанда ұзын, 10-12см, шырышты қабаты өте нәзік, қан тамырларына бай, бұлшық ет қабаты нашар дамыған.
Асқазан. Бір жасқа дейінгі балаларда көлденең орналасқан, бала жүре бастағанда тігінен орналасады. Шырышты қабаты өте нәзік, қан тамырдарына бай, бұлшық ет қабаты әлсіз, кардиальды сфинктері нашар жетілген, ол баланың жиі құсуына әсер етеді. Пилорикалық сфинктер жақсы жетілген. Жаңа туылған нәрестеде асқазан сиымдылығы 30-35 мл, 2 айлығында-90-100 мл, 1 жасында -250-300 мл болады. Асқазан сөлінің құрамы ересектердікіндей, бірақ әлсіз, қышқылдар мен ферменттері аз болады. Жаңа туылған балада тұз қышқылы мен пепсин ферменті асқазан сөл құрамында жақсы дамымаған.
Ішек. Ересектерге қарағанда ұзынырақ (өз бойынан 6-есе ұзын, ересектерде бойынан 4 есе ұзын). Ішектің шырышты қабаты қан тамырларына және ас қорыту бездеріне бай, сондықтан ішектегі сорылу процессі жақсы жүргізіледі. Бірақ бұлшық ет қабаты әлсіз және ішектің жүйке талшықтары жақсы жетілмеген, сондықтан жас баланың іші жиі кебеді. Туылған кезде баланың ішегі стерильді, оны алғашқы тамақтандырғанда өзіне тән микроағзалар (бифидумбактериялар, лактобактериялар) қалыптасады.
Бауыр. Баланың ең ірі мүшесі, салыстырмалы түрде көлемі үлкен, қан тамырларына бай, бірақ бауыр жасушалары-гепатоциттер жақсы жетілмеген, бауыр бөліп шығаратын өт аз мөлшерде және әлсіз болады.
Баланың нәжісі-меконий деп аталады, ол қоңыр қара қошқыл түсті, жабысқақ болады. 2-3 күннен жасыл түске боялады, 4-5-ші күндері қалыпты сарғыш түсті қоймалжың нәжіске айналады.
Бір жасқа дейінгі бала үшін ең сенімді тамақ-ана сүті болып табылады. Асқазанда ана сүтінің қорытылу мерзімі 2-3 сағат, ішекте сіңірілу мерзімі 4-18 сағат, ал сиыр сүтінің қорытылуы одан ұзаққа созылады.
Бала жасының кезеңдерінің ішінде ең жедел өсіп даму кезеңі- бала туылғаннан бір жасқа дейінгі аралық. Баланың дұрыс өсіп дамуы үшін оны дұрыс тамақтандырудың маңызы зор.
1 жасқа дейінгі балаларды тамақтандырудың 3 түрі бар: табиғи, аралас және қолдан тамақтандыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет