Негізгі ұстанымдардың ІІ қадамы:
6.Көкірекпен емізуді бастау-көкірекке бірінші салу 30 минутпен 1 сағат аралығында нәрестенің сұранысы бойынша жүзеге асырылады. Медицина қызметшісі бірінші емізудің дұрыстығын бақылап, көмектесуі керек.
7. Алдын алу шараларын жүргізу (гонобленкореяның алдын алу туылғаннан кейін анасының үстінде жатқан кезде жүзеге асырылады, ол үшін 1% тетрациклин немесе 0,5% эритромицин жақпамайын анасының келісімімен нәрестенің көзіне жағады).
8.Ана мен баланы жалғыз қалдыруға болмайды.
9. Баланы тексеру, салмағын өлшеу, дене қызуын өлшеу және бала киімін киіндіру-дене қызуын өлшеу туылғаннан соң 30минуттан кейін, ал қалғаны 2 сағат өткеннен кейін жүзеге асырылады.
10. Ана мен баланың тәулік бойы бірге болуын қамтамасыз ету.
Ана мен баланы босанғаннан кейінгі бөлімшеге бірлесіп ауыстыру жүзеге асырылады. Босанғаннан кейінгі бөлімшеде жаңа туылған балаға жасалатын күнделікті күтім:
Ана мен бала бірге болуы тиіс
Күндіз және түнде қажет етуі бойынша баланы емізуді қамтамасыз етуі керек
Сүт бездерін антисептиктермен тазаламау
Кіндік қалдығын құрғақ тәсілмен тазарту. Кіндіктің қалдығына спирт немесе басқа антисептик жағылмайды, құрғақ, таза және ашық жағдайда қалдырылады. Кіндіктің тұқылы өзі түсуі тиіс.
Жаңа туылған балаға егу жасау кезінде анасы міндетті түрде қасында болуы керек.
Жаңа туылған нәрестені ерте шығару.
Ана мен бала өз киімдерін пайдалануы керек. Жаңа туылған нәрестенің киімі: таза иткөйлек, шалбарлары, жөргектер, қалпақтары , памперстер.
Бос орау
Босанғанға дейінгі патронаж жасау ережелері.
Босанғанға дейінгі патронаж-бұл жүкті әйелге кеңес беру, болашақ ананы және жанұясының мүшелерін дені сау бала туылуына дайындау, оларды үйрету мақсатында үйіне міндетті (Қ.Р.Денсаулық сақтау Министрлігінің №691 бұйрығы бойынша) профилактикалық баруды ұйымдастыру.
Босанғанға дейінгі патронаж орта буынды медицина қызметкерлерімен үйіне екі рет келесі мерзімдерде жүргізіледі:
-бірден, жүкті әйелді есепке алу туралы мәлімет түскеннен соң;
-жүктіліктің 32 апталығында.
Бірінші патронажға бару кезінде:
Мақсаты –анамнезін жинау және болашақ анаға кеңес беру.
Жүкті әйелге бару кезінде мейірбике болашақ баланың жанұясымен танысып, жүктілікке зиян келтіретін қауіп-қатерлерді, болашақ ананың әлеуметтік жағдайына, санитарлық тәртіп деңгейіне, физикалық белсенділігіне, аурулардың (ВИЧ, жұқпалы, жыныс жолымен берілетін, туберкулез, қызамық т.б.) бар-жоқтығына көңіл бөлу керек, болашақ балаға сапалы күтім жасалатын жағдайын анықтау қажет. Медицина қызметкерлері жанұя мүшелеріне ана мен баланың денсаулығын сақтау, жедел акушерлік жағдай пайда болған немесе босану іс-әрекеті басталған жағдайда қажетті білімдер мен дағдыларды меңгеруді үйретеді.
Екінші патронаж жасау кезінде мейірбике жүкті әйелдің жалпы жағдайын және көкірек бездерінің емізуге дайындығын бағалайды. Болашақ ананы емізу ережелерімен таныстырырп, жас нәрестеге дұрыс күтім жасауды үйретуге «Дені сау бала» бөлмесіне емханаға шақырады. Мейірбике жас нәәрестенің бұрышын даярлауға, күн тәртібін сақтауға, дем алу уақыты туралы кеңестер береді.
Медицина қызметкері босануға дейінгі патронаж жасауды жүктілік кезінде алғашқы медициналық көмекті талап ететін қауіпті белгілерді анықтауы керек:
-жыныс жолдарынан қан кету,
-тырысулар,
-қатты бас ауру,
-ішінің ауруы, үздіксіз құсу,
-ұрықтың сирек немесе толық қозғалмауы,
-жоғары температура,
-қағанақ суының кетуі,
-аяқ-қолдарының немесе басқа мүшелерінің ісінулері.
Достарыңызбен бөлісу: |