1. Дәріс кешені келесі бөлімдерді қамтиды: 1


Қорытынды сұрақтар (кері байланыс)



бет13/20
Дата05.09.2022
өлшемі437,55 Kb.
#148749
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
Лекция 1,2,3

4.5. Қорытынды сұрақтар (кері байланыс)
1. Асқорту жүйесінің АФЕ –рін атаңыз?
2. 1жасқа дейінгі балалардың тамақтануының түрлерін айтыңыз?
3. Табиғи тамақтану артықшылығы?
4. Гипогалактия – түрлері, себептері?
5. Қосымша тамақ еңгізу, оның түрлері?
6. Қолдан тамақтандыру дегеніміз не?
7. Аралас тамақтандырудегеніміз не?


4.6.Әдебиетер:
К.А. Святкина, Е.В.Белогородская, Н.П.Кудрявцева алматы – «Ана тілі» 1993 ж «Балалар аурулары», 81 – 100 беттер.

3 дәріс кешені келесі бөлімдерді қамтиды:




4.1.Тақырыбы:" Неонатология. Мезгілі жетіп туылған нәрестелер, анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері, күтімі. Шала туылған нәрестелер, анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері, күтімі ".


4.2.Мақсаты:Бұл дәрістің негізгі мақсаты мезгілі жетіп және шала туылған балалардың АФЕ рі туралы түсінік беру,нәрестелерге емі, күтімі бойынша бағыттарын, жаңа туылған нәрестелерге ем, күтім жасау бойынша дәлелді ұсынымдарды, осы нұсқаулықты зерделегеннен кейін студенттер алған білімді зерделеу болып табылады, оларды фельдшердің профессионалды қызметінде қолдануға мүмкіндік беретін жалпы және кәсіби құзыреттердің қалыптасуына ықпал етеді.


4.3. Дәрістің тезисі.
Ай – күні жетіп туған нәресте. Шекаралық (физиологиялық) жағдайлар.
Босанғанға деінгі патронаж. Нәрестенің алғашқы патронажы.
Жаңа туылған бала құрсақтағы дамудың апталығына қарай мерзімі жетіп (доношенный) туылған, мерзімінен бұрын, шала (недоношенный) туылған, мерзімінен кеш (переношенный) туылған болып бөлінеді.
Мезгілі жітіп туған бала құрсақтағы дамудың 39 – 40 аптасы 280 күн өткеннен кейін дүниеге келеді, оның салмағы 2500 грамнан, бойы 45 см артық болады.
Мезгілінде дүниеге келген баланың белгілері:

  1. Дауысы қатты шығады

  2. Қимылдары пысық

  3. Бойы 45 – 56 см

  4. Салмағы 2500 – 6000гр

  5. Бас аумағы 34 – 36 см

  6. Кеуде аумағы 32 – 34 см

  7. Терісі жұмсақ, түкті, қызғылт

  8. Тіріасты май қабаты жақсы дамыған

  9. Құлақ қалқаны қалпына келіп турады

  10. Кіндік сақиннасы семсер тәрізді өсік пен жамбас сүйектерінің қосындыларының дәл ортасында орналасқын

  11. Шаштары жақсы дамыған

  12. Иығында, арқасында аздап түк болады

  13. Ер балалардың екі жұмыртқасыда уманың ішінде, ал қыз балалардың үлкен жыныс еріндері кіші жыныс еріндерін жауып турады

  14. Шартсыз рефлекстері жақсы дамыған

Бала жарық дүниеге келгеннен кейін кіндігі кесіліп, анасынан ажыратылады. Балаға оттегі келу күрт тоқтағандықтан, ағзада көмірқышқыл газының мөлшері көбейіп, мидағы дем алу орталығын тітіркендіреді. Мидан диафрагма, кеуде сарайының бұлшық еттеріне жауып келіп, тарайды.Олар қимылдай бастайды, өкпе ашылады-осылай жаңа туылған бала алғашқы рет демалыс жасайды, қатты дауысы шығып, жылайды. Баланың дүниеге келген кездегі жағдайы бірінші және бесінші минуттарында арнайы Апгар кестесі бойынша бес белгі арқылы бағаланады.
1.баланың дем алысы
2.жүрек соғысы
3.тері қабаттарының соғысы
4.бұлшық ет тонусы
5.рефлекстері
Әр белгі баланың жағдайына сәйкес 0-2 балл бойынша бағаланады, қосындысы анықталып баланың туылу тарихына тіркеледі. Қалыпты жағдайда Апгар кестесі бойынша қиналмай туылған балаға 8-10 балл беріледі, 8-ден төмен баға алған бала тұншығып туылған болып есептеледі.
Бала ағзасында қоршаған ортаға бейімделу үшін өзгеше, физиологиялық немесе өтпелі деп аталатын жағдайлар сипатты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет