Жаңа туылған нәрестеге жасалатын алғашқы патронаж
Алғашқы патронажды нәрестені босану үйінен шығарғасын аймақтық мейірбике мен дәрігер бірге, алғашқы үш күн ішінде жасау керек. Ерте жастағы балаларға патронажды жасау мақсаттары:
1.Ана денсаулығының жағдайын бағалау (маститтер, туғаннан кейінгі депрессияны анықтау т.б.).
2.Лактация жағдайын бағалау және көкірекпен емізу тәсілін (көкірекке дұрыс салу тәртіптерін үйрету, табиғи тамақтандырудың артықшылықтарымен таныстыру).
3. Қосымша тамақтарды енгізу тәртібін үйрету.
4.Нәрестенің денсаулық жағдайын бағалау, ақауларды ерте анықтау
5. Нәресте күтімін қадағалау-баланың санитарлық жағдайын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
6.Нәрестедегі қауіпті жағдайлардың белгілерімен (суды ішпеу, көкіректі ембеу, құсу, тырысулар таныстыру).
7. Мешелдің алдын алу
8. Егулерді егу кестесі бойынша қабылдауды қадағалау
9. Гимнастика мен жалпы массаж жасауға үйрету.
Нәрестені тіркеу.
1. Туғаннан кейін нәрестені туу журналына тіркеу керек.
2. Туу тарихына нәрестенің жынысы, туған күні, айы, сағаты, минуты, салмағы, бойы, бас аумағы, кеуде аумағы, Апгар шкаласы бойынша баланың жағдайы жазылады.
3. Нәрестенің даму тарихы толтырылады: туу тарихының номері, анасының фамилиясы, аты, нәрестенің жынысы, туған күні, айы, сағаты, минуты, салмағы, бойы, бас аумағы, кеуде аумағы, Апгар шкала бойынша баланың жағдайы, туу актісінің ауыр – жеңілдігі, ауыр болса жасалған операциялар, нәрестеге көрсетірген көмектер жазылады.
4. Акушерка нәрестенің туу туралы анықтамасы 2 дана етіп жазады. Біреуін аймақтағы дәрігергіне, ал екіншісін ЗАГС – қа метрике алу үшін береді.
Ай – күні жетпей туған нәрестелерінің АФЕ- сі, күтім жасау.
Егер нәресте құрсақтағы дамудың 38-40 апталық мерзімінен бұрын дүниеге келіп,
салмағы 2500г, бойының ұзындығы 45см – ден кем болса, бұл бала шала туылған бала деп есептеледі.
Шала туылудың себептері:
Жүктілік кезіндегі таксикоздар
Жүктілік кезіндегің тұмау немесе басқа жұқпалы аурулармен ауыру
Жүкті әйелдің экстрагенитальды аурулары
Әйелдің зиянды әдеттері
Жиі түсік тастау, аборт жасату
Психикалық немесе физикалық стресстер
18 жасқа дейін немесе 30 жастан кейін бала көтеру.
Шала туылған баланың барлық жүйелері мен мүшелерінің қызметтері жақсы дамып , жетілмеген .Осыған байланысты шала туылған баланы күтудің өз ерекшеліктері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |