1 дәріс. Кіріспе «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»



бет2/2
Дата16.04.2023
өлшемі30,2 Kb.
#174621
1   2
Байланысты:
1 ДӘРІС

Заттай деректер, оларға: еңбек құрал саймандары, киім кешек, ыдыс аяқ, қару жарақ, қала қалдығы, зират орны, қоныстар және ақша, яғни бір сөзбен айтатын болсақ, археология ғылымының жетістіктері жатады.

  • Этнографиялық деректер, оларға: салт дәстүрлер, ырым жоралар, тұрмыстық ерекшеліктер.

  • Ауызша деректер, оларға: ертегілер, мақал мәтелдер, жаңылтпаштар, батырлар жыры, аңыздар жатқызылады.

  • Лингвистикалық деректер, оларға: жер су атауларын, кісі есімдерін, зерттейтін топонимика және антропонимика ғылымының жетістіктерін жатқызамыз.

  • Жазба деректер, бұл деректердің ерекше түрі болып табылады және оған сыни көзқараспен қарау керек. Себебі, жазба деректердің авторлары өзіндік ұлттық болмыспен, түсінікпен болған оқиғаны бағалайды.

    Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі заман тарихын оқып білу барысында жоғарыда аталған деректердің маңызы зор мәнін жоймайды. Алайда қазіргі қоғамның саяси, әлеуметтік экономикалық және рухани өзгерістерін бейнелейтін жазба дерек көздері мыналар:
    - мемлекет басшысының республикамыздың дамуы үшін алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді, басым бағыттар мен қорытындыларды ашып көрсететін жарлықтары, жолдаулары, баяндамалары мен сөйлеген сөздері;
    - үкімет қабылдаған еліміздің ішкі-сыртқы дамуын, Қазақстанның өркендеуінің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуын белгілейті қаулылары мен құжаттары;
    - атқарушы биліктің орталық және жергілікті органдарының құжаттары, әртүрлі деңгейдегі мәжілістердің материалдары;
    - азаматтық қоғам институттарының, саяси партиялардың және шетелдік сарапшылардың ұстанымын көрсететін материалдар;
    - замандастардың тәуелсіз Қазақстан құруға қатысушылардың естеліктер, жазбалары;
    - әлеуметтік сауалнамалар материалдары, статистика деректері;
    - қазақстандық және шетелдік ғалымдардың Қазақстанның ең жаңа тарихы бойынша тұжырымдамалық, іргелі еңбектері;
    - мерзімді баспасөз материалдары;
    - заман тынысын бейнелеген кино-фото, аудио құжаттар;
    - өзекті мәселелер бойынша Интернет-ресурстар.
    Тарихнама дегеніміз тарихи ғылымның дамуына байланысты ғылыми көзқарастардың жиынтығы, қамтылған зерттеу еңбектері. Отан тарихының ғылыми зерттелуін мынадай кезеңдерге бөледі:
    Орыс тарихнамасы.

    1. Бұл кезең XVIII ғасырдың 30-шы жылдары мен XIX ғасырдың басына дейінгі уақытты қамтиды. Орыс тарихшылары В.Татищевтың, П.И. Рычковтың еңбектері маңызды болды. XVIII ғасырдың 30-40 жылдарында бірінші академиялық экспедиция, XVIII 60-70- ші жылдарында екінші академиялық экспедиция (П.С. Паллас, И.Г. Георги.) ұйымдастырылып, қазақ халқының тарихына, шаруашылығына байланысты мәліметтер жиналып, географиялық тұрғыдан зерттелінді. Бұл кезең Қазақстанның батыс бөлігінің (Кіші жүздің) Ресей империясының құрамына саяси тұрғыдан қосыла бастауымен ерекшеленді.

    2. XIX ғасырдың басы XX ғасырдың басына дейінгі аралықта А.И. Левшин, Н.Я. Бичурин, И.Г. Андреев, Г.И. Спасский, С.Б. Броневский және тағы да басқа орыс тарихшыларының еңбектері жарық көрді. XVIII ғасырдың 30-шы жылдарында Ресей тарапынан басталған саяси отарлау саясаты бұл кезде толық іске асқан болатын.

    Қазақ-кеңес тарихнамасы. Бұл кезеңді шартты түрде 1917-1991 жылдар аралығы деп те қарастыруға болады. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында Қазақстан тарихына байланысты тарих оқулықтарын жазған М.Тынышбаевтың 1922, 1925 жылдары Ташкент қаласында баспадан шыққан «Қырғыз-қазақ халқының тарихына байланысты материалдар», «Түркі-моңғол тарихы» деген еңбектерін, 1935 жылы жарық көрген С.Асфендияровтың «Қазақстан тарихы» еңбегін, М.Вяткиннің 1940 жылы шықты «Қазақ ССР тарихына байланысты очерктер» атты жинағын, М.Әбдіхалықов пен А.М. Панкратованың 1943 жылы жарық көрген «Қазақ ССР тарихы» атты ұжымдық еңбекті, ең алғаш Қазақстан тарихынан докторлық диссертация қорғаған қазақ тарихшысы Е.Бекмахановтың атақты «XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» атты ғылыми еңбегін атап өткен орынды.
    XX ғасырдың екінші жартысында тарих ғылымы идеологияның ықпалында болғанымен еліміздің тарихын зерттеуде елеулі үлес қосқан ғалымдар қалыптасты. Археологтар Ә. Марғұлан, О. Смағұлов, К. Ақышев, К. Байпақов, Х. Алпысбаев, тарихшылар М. Қозыбаев, Ж. Қасымбаев, Б. Көмеков, Б. Сүлейменов, Х. Арғынбаев, Д.И. Дулатова, М.С. Мұқанов тағы басқа авторлардың еңбектері маңызды орын алады.
    Ал тәуелсіздік жылдарынан бері Қазақстан тарихының ақтаңдақ беттерін ақтарып, тарихымызды ұлттық болмысы тұрғысынан жазуға ат салысып жүрген беделді тарихшылардың тобы қалыптасты деп айтуымызға болады. М. Әбусейітова, Ж. Абылхожин, А. Күзембайұлы, Қ. Атабаев, Б.А. Аяған, Х.М. Әбжанов, Ж. Артықбаев, А.Ш. Алтаев, Т. Омарбеков, М. Қойгелдиев, Қ. Әбуев және басқа да тарихшылардың шығармашылықтары 1970-1980-ші жылдары басталғанымен, еңбектерінің көпшілік бөлігін егемендік тұсында жариялап жүр. Қазақстанның 1990-2017 жылдардағы саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, халықаралық салалардағы өткен жолдары әлі де тиянақты зерделенуі тиіс.
    Тәуелсіз Қазақстанның тарихнамасының маңызды арқауы ретінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің мемлекеттік қызметін, атап айтқанда, жаңа Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың құрылғанын көрсетуге болады. Мемлекет басшысы өзінің «Еуразияның қақ ортасында» атты еңбегінде (2005 ж.) тарихшыларға лайықты үлгі көрсетті. Онда Елбасы астананы көшірудің себептері мен салдарларын баяндап, мемлекетіміздің өркендеуі үшін Астананың қандай маңызы бар екеніне егжей тегжейлі, жан-жақты талдау жасап берді. Бұл бағытта қалыптасқан ғылыми, публицистикалық және құжаттардан тұратын: М.Қасымбековтің «Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасуы» (2000 ж.), «Елін сүйген Елбасы» (2005 ж.), Ж.Саданбековтің «Нұрсұлтан Назарбаев. Көшбасшылық заңдары» (2005 ж.), О.Видованың «Нурсултан Назарбаев: портрет человека и политика» (1998 ж.), «Бәйтерек» жинағын (2003 ж.), Ә. Жақсыбековтің «Астана осылай басталған» атты еңбектерді атауға болады.
    Соңғы онжылдықтардағы халықаралық қатынастарға баға берген Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік жалауы астында. Сыртқы саясат туралы очерктер» (1997 ж.), «Қазақстан Республикасы дипломатиясы» (2002 ж.), «Жарық пен көлеңке» (2008 ж.); Т. Мансұровтың «Казахстанско-российские отношения в эпоху перемен» (2001 ж.) еңбектері бар. Тәуелсіз еліміздің саяси тарихы бойынша К. Бұрханов, Б. Сұлтанов пен Б. Аяғанның «Қазақстанның қазіргі саяси тарихы (1985-2000 жылдар)» еңбегін атап өтуге болады.
    Қазақстанның қазіргі заман тарихын түсіну үшін төмендегі еңбектердің: «М. Қозыбаевтың «Ұлт және өркениет» (2001 ж.), Қ. Сұлтановтың «Время перемен» (2005 ж.), М. Жолдасбековтің «Ел тағдыры – ер тағдыры» (1997 ж.), Ғ. Есімнің «Политическая философия» (2006 ж.), Х. Әбжановтың «Казахстан: история, личность, теория» (2006ж.), Е. Ертісбаевтың «Казахстан и Назарбаев: логика перемен» (2001 ж.), Р. Қалиеваның «Республика Казахстан и современный мир» (2000 ж.), Т. Омарбековтің «Актуальные проблемы истории Казахстана» (2003 ж.), И. Агеевтің «Стратегическая матрица» (2006 ж.) және басқа да авторлар: Р. Медведевтің «Нурсултан Назарбаев. Казахстанский прорыв и евразийский проект» (2008 ж.), А. Гурскийдің «Твердая поступь страны» (2007 ж.), Б.Г. Аяған, Х.М. Әбжанов, С.В. Селиверстов, М.С. Бекеновтің «Путь к лидерству: социально-экономические и политические реформы в Казахстане» (2007 ж.), «История независимого Казахстана» (2010 ж.) деп аталатын еңбектердің жалпылама және нақты тарихи маңызы бар. Қазіргі Қазақстан тарихнамасының қорытындыларын шығару әзірше ертерек. Себебі, осы тақырып бойынша негізгі зерттеулерді жинақтау жүріп жатыр.


    Бақылау сұрақтары:

      1. Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнін оқытудың мәні мен мазмұны неде?

      2. Жалпы Отан тарихын кезеңдерге бөлуде қандай белгілеріне қарап ажыратамыз?

      3. Деректану мен тарихнаманың бір-бірінен айырмашылығын айтып беріңіз.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет