Өнімнің сапасы бойынша сарапшының (сұрауы) - өнімнің сапасы бойынша сараптау ой-пікірлерін анықтау үрдісі.
Сарапшылардың сұрау әдістері топтық және жекелік болып бөлінеді.
Топтық кезде бірге барлық топ немесе оның бөлігі сұралады. Әрбір сарапшыны сұрау бөлек атқарылады.
Сарапшылардың сұрау процедураларына сұхбат жүргізу,анкеталау және аралас анкеталау жатады. Сарапшының ой-пікірі сұхбат жүргізу кезінде, белгілі жоспар кезінде еркін әңгімелесу үрдісінде анықталады. Сұхбат жүргізу яғни сұрақтардың реті және оның мазмұны алдындағы сұрақтарға жауап беру сипатына байланысты сұрауларда қолданылады.
Анкеталау кезінде сарапшы оның ішіндегі сұрақтарға жауап бере отырып, сұрау картасын толтырады. Анкеталау жеке сұраудың сырттай әдісінде қолданылады.
Сарапшы аралас анкеталау кезінде сұрауды жүргізуші тұлғадан барлық керекті түсініктемелерді ала отырып сұрау картасын толтырады. Анкеталау әдісімен сарапшылардың сұрауын өткізу үшін жұмыс тобы анкета жасайды.
Анкета түсіндірме қағаздан және сұрау картасынан тұрады. Түсіндірме қағазында анкеталау мақсаты және мақсаты келтіріледі,сұрау карталарының графаларын қалай толтырылуы қажетінде тұтынушылардың талаптары мен өнімдердің жіктелу топтары жазылып, басқа да ақпараттар келтіріліп нақты мысалмен көрсетіледі. Сұрау картасында нақты түрде сұрақтардың жалпы шоғыры келтіріледі, олардың әрқайсысына белгілі жауап сипат қарастырылған.
Жұмыстың үшінші сатысы мүшелері өздерінің ой-пікірлерің екінші сатыда бекітілген әдістермен, тәсілдермен және процедуралармен сәйкесінше айтылатын сараптама тобымен атқарылады.
Жұмыстың төртінші соңғы сатысында сараптама комиссиясымен сараптама талқылаулары өңделеді және сараптама қорытындысы жасалады.
Органолептикалық тапсырмалы өнім бағалау көрсеткіштері қашан да өнім қасиеттері сенсорлы қабылданатын бағалау керек болғанда пайда болады. Осылайша тамақ өнімдерінің дәміндей, мата реңі, шрифт әртүрлілігі және киім сәнінің жауапкершілігі. Бұндай жағдайда тапсырма қорытындысы шкала тәртібінде құрылғанда бағалау жүзеге асырылуы мүмкін. Әдетте мұндай шкалалар ролі балдық шкалалы бағалауды орындайды. Айта кету керек, сенсорлы қабылданатын өнімді органолептикалық бағалау кезінде қолданылатын балдық бағалау шкалалары басқа мақсаттарда қолданылатын балдық шкалалардан ерекшелігі бар, мысалы нәтижелері өлшем бірлігі және оның аяқталу түрінде (негізінен уақыт, ұзындық және салмақ бірлігінде) келтірілген (шахматтан мат немесе пат, бокстағы нокаут және т.б.) оқушылардың білімін немесе спортшылардың шеберлігін бағалайды. Мұндай түрлерге конкиде сырғанау, спорттық билер, акробатика, спорттық және көркем гимнастика. Осындай жағдайларда сарапшыларда сәйкестігі немесе сәйкессіздігі балмен бағалауды анықтайтын бекітілген критерлері талаптар жинағы болады. Сарапшы бұл талаптардың орындалу дәрежесін бекітуді және осыған байланысты баға береді. Мысалға оқытушы оқушылардың білімін бағалауда егер оқытушы бағаланатын курс бойынша білімді жүз пайыз игерсе жоғары баға қояды. Егер білім деңгейі сексен пайыздан аспаса, онда баға бір балға төмендейді. Бірақ мұғалімге оқушының білім көлемін толық емес бақылау - билеттің сұрақтарына жауап беру нәтижесі және бірнеше қосымша сұрақтар бойынша бағалауға тура келеді.
Органолептикалық бағалау кезінде өнімнің қасиеттерін сенсорлы қабылдайтын балдық шкала бұл қасиеттің өлшемі болып табылатын және бағаланатын қасиетке мөлшерлі сипаттамаларды тағайындау үшін қызмет етеді.
Балдық шкаланың негізгі сипаттамасы болып диапазон - құрамына шкала, яғни бағаланатын нүктелердің мөлшері кіретін градациялар мөлшері табылады. Сол уақытта масштаб яғни екі көрші градацияларына сәйкес келетін балдардың арасындағы айырмашылықтың мағынасы болмайды. Мысалға, 0,5 балл арқылы градациялы жоғары бағалы 5 балды шкаланың 1 балы арқылы градациялық жоғары баға 10 балды шкала және 10 балл арқылы градациялы жоғары баға 100 балды шамамен бір диапазонға ие. Егер бұл шкалаларда 0 қолданылмаса, онда олардың бәрі 10 балды болып табылады.
Қолданылатын шкаланың градациялар саны сондай өнімнің сапасын бағалау бойынша тәжірибені, жұмысқа қатыстырылатын сарапшылардың санын, нәтиженің керекті дәлдігін және мөлшерлі градациялардың сапалы жазылу мүмкіндігін есепке ала отырып шешілетін есептің сипатына қарай анықталады.
Өнімнің сапасын сараптап бағалау үшін, әдетте, орта деңгейлі тақ санды градациясы шкалалар қолданылады. Неғұрлым қолайлы болып бағаланатын қасиет бойынша бес және жеті сапа градациялы шкала табылады, оның ішінде градациялардың мөлшері балдың мөлшерімен сәйкес келуі немесе келмеуі мүмкін.
1 нұсқа
Градация
|
Балдар
|
Сапалы бағалау
|
5
|
5
|
Өте жақсы сапа
|
4
|
4
|
Жақсы сапа
|
3
|
3
|
Орташа сапа
|
2
|
2
|
Нашар сапа
|
1
|
1
|
Өте нашар сапа
|
2 нұсқа
Градация
|
Балдар
|
Сапалы бағалау
|
7
|
100
|
Ең жоғарғы сапа
|
6
|
85
|
Жоғарғы сапа
|
5
|
70
|
Жоғарғы орташа сапа
|
4
|
55
|
Орташа сапа
|
3
|
40
|
Төменгі орташа сапа
|
2
|
25
|
Төменгі сапа
|
1
|
10
|
Ең төменгі сапа
|
Бағалау шкаласының екі келтірілген нұсқасының біреуін немесе басқа нұсқасын таңдау, сараптау комиссиясының жұмысының екінші сатысында жұмыс тобымен іске асырылады. Үшінші сатыда сарапшылар өнімнің сапасына өзінің балдық бағасын береді. Төртінші сатыда жұмыс тобы сараптау бағалауларын өңдейді.
Неғұрлым жиі қолданылатын өңдеу нәтижесі мына формула бойынша анықталатын орташа балл болып табылады.
мұнда аі - і-сарапшымен бағаланатын қасиеттің балдық бағалануы;
n - өнімнің сапасын бағалауға қатысатын сарапшылардың саны.
Өнім көрсеткіштері салмақтылықты анықтау қажеттілігін таңдау кезінде шектеулі жиынтық көрсеткіштерін жүзеге асыру үшін өнімге қойылатын бағалау және орташа таразылау әдісі пайдаланылады. Бұлардан бірінші тапсырма өнім көрсеткіштерінің номенклатурасының анықтау тапсырмасы, бұл үш сатыдан тұруы мүмкін. Бірінші түрі-кейбір таңдалған (алдын ала белгісіз) қандай да бір көрсеткіштер пікірімен берілген тізімін жүзеге асыратын сан. Екінші түрі-жүзеге асырылған көрсеткіштер тізімін жасау (таза беттен). Үшінші түрі - берілген тізімнен біршама “салмақты” көрсеткіштердің белгілі санын таңдау (бекітілген мөлшер кезінде).
Достарыңызбен бөлісу: |