1-дәріс Кіріспе. Квалиметрияның пайда болу тарихы. Квалиметрияның практикалық есептері. Басқа пәндермен өзара байланысы Қарастырылатын сұрақтар


Өнім сапасының деңгейін бағалаудың кешенді әдісі



бет24/39
Дата24.08.2020
өлшемі433,48 Kb.
#76722
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39
Байланысты:
stud.kz-80931

Өнім сапасының деңгейін бағалаудың кешенді әдісі.

Бұл әдіс өнім сапасының деңгейін бірлік сапа көрсеткіштердің функциясы болып табылатын бір жалпылама көрсеткішпен сипаттау қажеттілігінде қолданылады.

Жалпылама көрсеткіш өнімнің негізгі тағайындалуын сипаттайтын басты көрсеткіш (мысалы, өнімнің тағамдық құндылығы), сапаның интегралды көрсеткіші (мысалы, экономикалық тиімділік және (немесе) өнім бағасы) және өнім сапасының орташа өлшенген көрсеткіші болып айқындалады.

Кешенді көрсеткіш өнім сапасының деңгейін бірлік сапа көрсеткіштердің функциясы болып табылатын бір жалпылама көрсеткішті қолдануға негізделген.

Егер қажетті ақпарат болса, басты көрсеткішті анықтайды да, оның бастапқы көрсеткіштерден функционалды тәуелділігін анықтайды. Мысалы, жүк тасушы автомобильдердің басты көрсеткіші т-км өрнектелген жылдық өнімділігі, автобустарда – жолаушы-километрмен өрнектелген өнімділігі, энергетикалық құбырларда - кВт-сағ жылдық энергия өндірісі, метал кескіш білдектерде өңделген бөлшектердің мөлшерімен өрнектелген өнімділігі және т.б. болып саналады.

Интегралды (жалпылама) көрсеткішті қолдану және тұтынудан пайдалы әсер соммасын және өнімді қолдану мен тұтынуға кеткен шығындарды анықтау мүмкіндігі болғанда қолданылады.

Орташа өлшенген көрсеткіштерді сапаның басты көрсеткішінің бастапқы көрсеткіштерден функционалды тәуелділігін анықтау мүмкін емес, бірақ қажетті дәлдікпен орташа көрсеткіштердің маңыздылық параметрлерін анықтауға болатын жағдайда қолданылады.

Мысалы, орташа өлшенген арифметикалық көрсеткішті мына формуламен анықтайды:



Орташа өлшенген геометриялық көрсеткішті мына формуламен анықтайды:

мұндағы Pi - i- ші сапа көрсеткішінің мәні

Qi - сапаның i-q салыстырмалы көрсеткіші

mi(w) — жалпылама көрсеткіш (w) құрамына кіретін i- ші көрсеткіштің маңыздылық параметрі;

mi (v) — жалпылама көрсеткіш (v) құрамына кіретін i- ші көрсеткіштің маңыздылық параметрі;

i = 1, ..., n — орташа өлшенген көрсеткіш құратын көрсеткіштер саны.

Маңыздылық параметрі Smi=1 шартын орындағанда салмақтылық коэффициенті деп аталады. Бұл берілген көрсеткіштің басқа сапа көрсеткіштері ішінен маңыздылығының мөлшерлік сипаттамасы. Бастапқы ақпараттың болуы және оны алу мүмкіндігіне байланысты маңыздылық параметрі (коэффициенті) құндық регрессивті тәуелділік, шекті және номиналды мәндер, эквивалентті қатынас және экспертті (сараптама) әдісімен анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет