Интервалдар шкаласы (айырмашылық шкаласы). Бұл шкалалар рет шкаласын ары қарай дамыту нәтижесінде туындалған және олар эквиваленттілік, реттік және аддитивтілік қатынастарды қанағаттандыратын қасиеттер үшін қолданылады. Интервалдар шкаласы бірдей интервалдардан тұрады, өлшем бірлігі бар және еркін таңдалған бастамасы - нөлдік нүктесі бар. Мысалы, Цельсий, Франгейт және Ремюр температура шкалалары.
Интервалдар шкаласында қосуға, азайтуға болады. Қосындысын немесе айырмасын таба отырып бір интервал екіншісінен қанша есе үлкен не кіші екенін салыстыруға болады.
Интервалдар шкаласының шамасы Q мына теңдеумен өрнектеледі:
Q=Q0 + q [Q],
мұндағы q – шаманың сандық мәні;
Q0 – шкаланың санақ басы;
[Q] - өлшенетін шаманың өлшем бірлігі.
Тәжірибе жүзінде бұл шкаланы екі жолмен құруға болады. Бірінші жағдайда Q0 және Q1 екі шама мәні алынады. Бұл мәндер негізгі нүкте немесе негізгі реперлер, ал интервалдар (Q1 - Q0) – негізгі интервал деп аталады. Q0 нүктесі санақ басы, ал (Q1 - Q0)/n =[Q] шамасы Q өлшем бірлігі болып қабылданады.. Бұл жағдайда n мәні [Q] бүтін шама болатындай етіп қабылданады.
Бір интервалдар шкаласын Q=Q01+q1[Q]1, басқа интервалдар шкаласына Q=Q01+q1[Q]1 ауыстыру төмендегі формуламен жүзеге асады:
Қатысты шкала. Бұл шкалалар эквиваленттік, реттік және аддивтілік (екінші ретті шкалалар), ал кейде соған қоса пропорционалдық (бірінші ретті шкалалар) қатынастарды қанағаттандыратын эмпирикалық объект қасиеттерін сипаттайды. Мысалы, масса шкаласы (екінші ретті), термодинамикалық температура (бірінші ретті) шкаласы.
Қатысты шкалада нөлдік критерий мен бекітілген өлшем бірлігі бар. Бұл шкалаларда алынған мәндермен барлық арифметикалық әрекеттерді қолдануға болады.
Қатысты шкала – ең жетілген түрі. Олар мына теңдеумен өрнектеледі:
Q=q[Q]
Мұндағы ,Q- шкала құрылатын физикалық шама,
[Q]- оның өлшем бірлігі
q- физикалық шаманың сандық мәні
Бір шкаладан екіншісіне ауысу мына теңдеуге сәйкес жүргізіледі:
q2=q1[Q1]/[Q2]
Достарыңызбен бөлісу: |