Қарастырылатын сұрақтар:
1. Шкалалардың түрлері.
2. Шкалалардың қызметі.
Тәжірибеде денелердің, заттардың, құбылыстар мен процестердің қасиеттерін сипаттайтын әртүрлі шамаларды өлшеу қажет. Кейбір қасиеттер тек сапалық жағынан, ал басқалары - мөлшерлік жағынан туындалады. Кез-келген қасиеттердің әртүрлі туындылары (мөлшерлік немесе сапалық) көпмүше құрайды, олардың элементтерінің бейнеленулері жалпы жағдайда өлшеу шкаласын құрайды. Мөлшерлік қасиеттін өлшеу шкаласы физикалық шама шкаласы болып табылады. Физикалық шама шкаласы – дәл өлшеу нәтижесі негізінде қабылданған физикалық шама мәндерінің реттелген реті.
Қасиеттердің туындалудың логикалық құрылымына сәйкес өлшеу шкалаларының бес негізгі типі бар:
Атау шкаласы (жіктеу шкаласы). Бұндай шкалалар қасиеттері тек эквиваленттілік қатынаста туындалатын эмпирикалық объектілерді жіктеу үшін қолданылады. Бұл қасиеттерді физикалық шама деп есептеуге болмайды, сондықтан бұл шкала түрі физикалық шама шкаласы болып табылмайды. Бұл шкалалардың ең қарапайым түрі, сапалы қасиеттерге атау ролін атқаратын сан беруге негізделген.
Атаулар шкаласында берілген қасиеттерді белгілі бір эквиваленттілік класына жатқызу адамның сезім мүшелерін қолдану арқылы жүзеге асады, эксперттердің көбі таңдаған нәтиже адекватты болып саналады. Бұл жағдайда эквивалентті шкаланы дұрыс таңдау маңызды ролі атқарады. Атаулар шкаласы бойынша объектілерді номірлеу “бір цифрді әртүрлі обьектілерге қойма” принципі бойынша жүзеге асады. Объектілерге қойылған сандар осы обьекттің пайда болу ықтималдығы мен жиілігін анықтау үшін қолданылады, бірақ оларды қосындысын табу және басқа математикалық операциялар жүргізуге қолданбайды.
Бұл шкала эквиваленттілік қатынаста ғана сипатталатындықтан, нөль, «үлкен» немесе «кіші» және өлшем бірлік түсініктері қолданылмайды. Атау шкаласына мысал түсті идентификациялауға арналған түстер атласы болып табылады.
Рет шкаласы (ранг шкаласы). Егер берілген эмпирикалық объектілердің қасиеттері эквиваленттілік және өсу немесе кему бойынша реттік қатынаста туындалса, олар үшін рет шкаласы құрылады. Ол біртекті өседі немесе кемиді және шамалар арасындағы үлкен/кіші қатынасын орнатуға мүмкіндік береді. Рет шкаласында нөль болуы да, болмауы да мүмкін, бірақ өлшем бірлік орнатылмайды, себебі онда пропорционалдық қатынас бекітілмеген, яғни нақты қасиеттің туындалуы қанша есе үлкен немесе кіші екенін анықтауға болмайды.
Шамалар арасындағы қатынасты дәл орнату мүмкін болмағанда немесе шкаланы қолдану ыңғайлы, әрі тәжірибеде жеткілікті болса, онша шартты (эмпирикалық) рет шкаласы қолданылады. Шартты шкала - бастапқы мәндері шартты өлшем бірлікте өрнектелген физикалық шама шкаласы. Мысалы, Энглер тұтқырлық шкаласы, Бофорт 12 –баллдық шкаласы.
Бірдей интервалды шартты шкалада берілген шама өлшемдерінің арасында өлшемін білдіретін бірдей сан жоқ. Бұл сандар арқылы ықтималдылықты, мода, медиана, квантиль табуға болады, бірақ қосу, көбейту және басқа математикалық операция жүргізілмейді.
Рет шкаласы арқылы шама мәнін табуды өлшеу деп есептеуге болмайды, себебі бұл шкалада өлшем бірліктер енгізілмейді. Қажетті шамаға сан орнату операциясын бағалау деп атайды. Рет шкаласы бойынша бағалау шартты болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |