1 Дәріс Классикалық механика заңдылықтары. Кинематика



бет27/30
Дата08.02.2022
өлшемі1,46 Mb.
#123873
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
Физика лекций

Диссоциация дәрежесі деп электролиттің диссоциацияланған молекулалар санының оның молекулаларының жалпы санына қатынасын атайды.
7 Дәріс
Магнит өрісі. Электромагниттік индукция. Заттардың магниттік қасиеттері.

Дат физигі Х. Эрстед магнит тілшесіне электр тогының бағыттайтын әсерін байқаған.



Сол аралықта француз физигі А.М. Ампер тогы бар екі өткізгіштің өзара әсерлесуін ашып, толығымен зерттеді. Магниттік өзара әсерлесу тек қозғалыстағы электр зарядтарына (токтарға) тән екендігі анықталды.


Токтардың магниттік өзара әсерлесуі материяның ерекше түрі – магнит өрісі - арқылы жүзеге асады. Магнит өрісінің негізгі қасиеті – сол өрісте орналасқан тогы бар өткізгішке күштің әсер етуі. Магнит өрісінің қасиеттерін зерттеу үшін тогы бар рамка қолданылады.

Берілген нүктедегі магнит өрісінің бағыты ретінде рамкаға жүргізілген n векторының оң нормалінің өрістегі бағыты алынады. Тогы бар рамкаға әсер ететін күштер жұбының айналдыру моменті



мұндағы - тогы бар рамканың магниттік моменті, - магнит индукциясының векторы деп аталатын магнит өрісінің cандық сипаттамасы.
Біртекті магнит өрісінің берілген нүктесіндегі магнит индукциясы магниттік моменті бірге тең рамкаға, оған жүргізілген оң нормаль өріс бағытына перпендикуляр болғандағы, әсер ететін максималды айналдыру моменті арқылы анықталады.
Магнит индукцияның өлшем бірлігі - тесла (Тл).
Idl элементі өрістің кейбір нүктесінде индукциясын тудыратын I тогы бар өткізгіш үшін Био-Савар-Лаплас заңы төмендегідей өрнектеледі.

мұндағы - токтың Idl элементінен өрістің қарастырылып отырған нүктесіне жүргізілген радиус-векторы, μ0 = 4π∙10-7 Гн/м – магнит тұрақтысы.
- ның бағыты және векторларының бағытына перпендикуляр, яғни олар жатқан жазықтыққа перпендикуляр. Бұл бағытты оң бұранда ережесі бойынша анықтауға болады: егер бұранданың ілгерілемелі қозғалысының бағыты элементтегі токтың бағытымен дәл келсе, онда бұранда сабының айналу бағыты векторының бағытымен дәл келеді.
векторының модулі төмендегі өрнекпен анықталады:



мұндағы α - және векторлары арасындағы бұрыш.
Электр өрісі сияқты, магнит өрісі де суперпозиция приципіне бағынады: бірнеше токтар тудыратын қорытқы өрістің магнит индукциясы әрбір жеке токтың тудыратын өрістерінің магнит индукцияларының векторлық қосындысына тең:
.
Био-Савар-Лаплас заңының суперпозиция принципімен қоса қолдануы кейбір токтардың магнит өрістерін анықтауға мүмкіншілік береді.
1. Түзу токтың магнит өрісі:

мұндағы r - ток пен қарастырылып отырған нүктенің ара қашықтығы.
2. Дөңгелек токтың центріндегі магнит өрісі:



мұндағы R - дөңгелек токтың радиусы.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет