1 Дәріс Классикалық механика заңдылықтары. Кинематика


Тізбек бөлігі үшін Ом заңы



бет22/30
Дата08.02.2022
өлшемі1,46 Mb.
#123873
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30
Байланысты:
Физика лекций

Тізбек бөлігі үшін Ом заңы бойынша ток күші түсірілген кернеуге пропорционал болады, яғни
I = U/R,
мұндағы R – өткізгіштің электр кедергісі.
Кедергінің өлшем бірлігі – ом (Ом): 1 Ом - ұштарында 1 В кернеу кезінде өзі арқылы күші 1 А тұрақты токты өткізетін өткізгіштің кедергісі.
Өткізгіштің кедергісі олардың өлшемдері мен пішініне, сондай-ақ өткізгіш ретінде қолданылатын материалға тәуелді. Цилиндр пішінді өткізгіш үшін бұл тәуелділікті әсіресе қарапайым түрде жазуға болады:
R = ρl/S,
мұндағы l - өткізгіштің ұзындығы, S - оның көлденең қимасының ауданы, ρ - заттың тегі мен күйіне ғана тәуелді болып келетін меншікті кедергі. Меншікті кедергінің өлшем бірлігі - Ом∙м.
Металдардың кедергісі температура жоғарлаған сайын ұлғаяды:

мұндағы ρ0 t = 0˚С кезіндегі металдың меншікті кедергісі, α - металл кедергісінің температуралық коэффициенті. Көптеген металдар үшін α коэффициентінің мәні жуықтап алғанда 1/273 °С-1-ге тең және температураға тәуелсіз деуге болады.
Өте төмен температурада кейбір заттарда асқын өткізгіштік құбылысы байқалады, бұл кезде кедергі кенет нольге айналады. Асқын өткізгіштікті алғаш рет 1911 ж. голланд физигі Х. Камерлинг-Оннес сынапта байқаған. Кейін, асқын өткізгіштік қорғасында, мырышта, ниобийде және басқа металдарда, сондай-ақ бірқатар қоспаларда байқалған. Кедергі жоғалатын TC температура кризистік температура деп аталады. 1933 ж. неміс физигі В. Мейсснер асқын өткізгіштердің екінші фундаменталды қасиетін ашты: TC мәнінен төмен температурада магнит өрісі үлгінің қалың қабатынан итеріліп шығатыны анықталды (Мейсснер эффекті).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет