Электростатикалық өрістің негізгі касиеттері:
1) электростатикалық өріс кез келген электр зарядының айналасында пайда болады,
2) сол өрісте орналасқан кез келген басқа зарядқа белгілі күш әсер етеді.
Электростатикалық өрістің күштік сипаттамасы ретінде берілген нүктедегі электр өрісінің кернеулік векторы алынады:
мұндағы F - өрістің сол нүктесінде орналасқан q0зарядқа әсер етуші күш.
Электр өрісі кернеулігінің өлшем бірлігі – В/м.
Электр өрістерінің суперпозиция принципі: зарядтар жүйесінің өріс кернеулігі жүйеге кіретін жеке зарядтардың өріс кернеуліктерінің векторлық қосындысына тең:
Егер q нүктелік зарядтың электростатикалық өрісінде 1-ші нүктеден 2-шіге күштік сызықтың бойымен басқа q0нүктелік заряд drорын ауыстырса, зарядқа әсер етуші күш жұмыс атқарады.
A - dr элементар орын ауыстыруындағы F күшінің атқаратын жұмысы
Демек, электростатикалық өріс потенциалды өріс болып табылады.
Күштің потенциалдық өрісінде орналасқан дене потенциалдық энергияға ие болады да, соның есебінен өріс күштері жұмыс атқарады.
Өріс күштерінің атқаратын жұмысы потенциалдық энергияның кемуіне тең:
Өрістің берілген нүктесіндегі өріс потенциалы деп аталатын
скалярлық шама, E кернеулік векторымен қоса, электр өрісін сипаттау үшін пайдаланылады. Сонда q0зарядты 1-ші нүктеден 2-шіге орын ауыстырғандағы электростатикалық өріс күштерінің атқаратын жұмысын мына түрде жазуға болады