1 Дәріс Классикалық механика заңдылықтары. Кинематика



бет23/30
Дата08.02.2022
өлшемі1,46 Mb.
#123873
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30
Байланысты:
Физика лекций

Токтың жұмысы мен қуаты

Егер өткізгіште электр өрісін тудырып, бірақ оны сақтап тұру үшін ешқандай шара қолданбаса, онда ток тасушыларының тасымалдануы тез арада өткізгіштің ұштарындығы потенциалдардың теңестірілуіне әкеледі де ток жоғалады. Токты мейлінше ұзақ уақыт ұстап тұру үшін, ток тасушы зарядтарды (оң зарядты тасушылар үшін) өткізгіштің потенциалы аз ұшынан үздіксіз әкетіп, потенциалы жоғары ұшына оларды үздіксіз жеткізіп отыру қажет.


Электрлостатикалық өріс күштері зарядтардың мұндай орын ауыстыруын жүзеге асыра алмайды. Бұл үшін бөгде күштердің көмегі қажет.
Бөгде күштерді олардың зарядтарды тізбек бойымен орын ауыстыруында атқаратын жұмысы арқылы сипаттауға болады. Бірлік оң зарядтың орын ауыстыруында істелінетін бөгде күштердің жұмысына тең шаманы тізбектегі немесе оның бөлігіндегі әсер ететін ε электр қозғаушы күш (э.қ.к.) деп атайды
ε = A/q0.
Э.қ.к.-ң өлшем бірлігі – вольт (В) . q0 зарядына әсер ететін F
күшін мына түрде жазуға болады:
F = Eq0
мұндағы E - бөгде күштер өрісінің кернеулігі. Тізбектің 1-2 бөлігіндегі бөгде күштердің q0 зарядына істелінетін жұмысы :
Сан жағынан бірлік оң зарядтың орын ауыстырғандағы электростатикалық және бөгде күштердің атқаратын жұмысына тең шаманы тізбектің қарастырылып отырған бөлігіндегі U кернеуі деп атайды:
U12 = φ1 - φ2 + ε12.
Бойында бөгде күштер әсер етпейтін тізбек бөлігін біртекті тізбек бөлігі деп атайды.
Бойында ток тасушыларға бөгде күштер әсер ететін бөлікті біртекті емес тізбек бөлігі деп атайды.
Тізбектің біртекті бөлігі үшін кернеу потенциалдар айырмасымен бірдей болады:
U12 = φ1 - φ2.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет