Тізбектің бір текті емес бөлігі үшін Ом заңын мына түрде жазуға болады:
I = U12/R = (φ1 - φ2 + ε12)/R
Тұйықталған тізбек үшін φ1 = φ2, сондықтан тұйықталған тізбек үшін Ом заңы төмендегідей өрнектеледі:
I = ε12/R ,
мұндағы R – бүкіл тізбектің жиынтық кедергісі болып табылады.
Бір-бірімен тізбектей жалғанған n ток көздерінен тұратын батареяның э.қ.к.-і және ішкі кедергісі мынаған тең
ε = ∑ εi, r = ∑ ri, i = 1…n
Бір-бірімен параллель жалғанған n ток көздерінен тұратын батареяның э.қ.к.-і және ішкі кедергісі төмендегі өрнектердің көмегімен анықталады:
ε/r = ∑ εi/ri, 1/r = ∑ 1/ri, i = 1…n
Кедергісі R және U кернеуге қосылған өткізгіште тұрақты токтың атқаратын жұмысы келесі өрнектер арқылы есептеледі:
A = UIt = I2Rt = U2t/R
Сонда тұрақты токтың қуаты: P = UI = I2R = U2/R.
Тыныштық күйдегі металл өткізгіш арқылы өткен кезде токтың атқаратын барлық жұмысы тек өткізгішті қыздыруға ғана жұмсалынады да, энергияның сақталу заңы бойынша
A = Q
Сонымен, өткізгіштегі бөлінетін жылу мөлшері төмендегідей болады:
Q = UIt = I2Rt = U2t/R.
Джоуль-Ленц заңын өрнектейтін бұл қатынастарды алғаш рет эксперименталды түрде бір–бірінен тәуелсіз Дж. Джоуль және Э.Х. Ленц анықтаған.
Достарыңызбен бөлісу: |