Магнитиндукциясының сызықтары әрқашан тұйықталған болады және тогы бар өткізгішті қамтиды. Үздіксіз сызықтарды иеленетін векторлық өрісті құйынды өріс деп атайды. Магнит өрісі - құйынды өріс. Магнит өрісін сипаттау үшін магнит индукциясымен қатар басқа физикалық шаманы қолданады – ол магнит өрісінің H кернеулігі. Вакуумде ол магнит индукция векторымен
H = B/μ0 өрнегі арқылы байланысқан. Магнит өрісі кернеулігінің өлшем бірлігі – А/м.__
Ампер заңы. Лоренц күші. Магнит өрісінің осы өрісте орналасқан Idl ток элементіне әсер ететін dF күші:
векторының бағытын сол қол ережесі бойынша анықтауға болады:
егер сол қолдың алақанын оған B векторы кіретіндей, ал ашылған төрт саусақты өткізгіштегі токпен бағытталатындай етіп орналастырса, онда тік бұрышқа қайырылған бас бармақ токқа әсер ететін күштің бағытын көрсетеді.
Ампер күші деп аталатын осы күштің модулі мына өрнектің көмегімен анықталады
мұндағы α - dl және B векторлары арасындағы бұрыш.
r арақашықтықта жатқан, бойларында I1және I2тогы бар екі өзара параллель өткізгіштер бір бағыттағы ток өткен жағдайда бір-біріне тартылады да, қарама-қарсы бағытталған ток өткен жағдайда бір-бірінен тебіледі:
Магнит өрісінде v жылдамдықпен қозғалатын q электр зарядына әсер етуші күшті Лоренц күшідеп атайды:
Лоренц күшінің бағыты сол қол ережесі бойынша анықталады: егер сол қолдың алақанын оған B векторы кіретіндей, ал ашылған төрт саусақты v векторымен бағытталатындай етіп орналастырса, онда тік бұрышқа қайырылған бас бармақ оң зарядқа әсер ететін күштің бағытын көрсетеді.
Лоренц күшінің модулі:
мұндағы α - v және B векторларының арасындағы бұрыш.
Заттардың магниттік қасиеттері. Ферромагнетиктер, диамагнетиктер және парамагнетиктер.