Ферромагнетиктер. Магнит өрісіне орналастырылған барлық денелер магниттеледі. Осы құбылыстың пайда болу себебін түсіндірген А. Ампер, кез-келген денеде оның молекулаларының немесе атомдарының құрамына кіретін электрондардың қозғалысымен байланысқан микроскопиялық токтардың бар екендігін болжамдаған. Дөңгелек орбита бойымен қозғалатын электрон дөңгелек токқа баламалы, сондықтан ол орбиталды магниттік моментке ие болады.
Кейін электрон орбиталды магниттік моменттен басқа өзінің спин деп аталатын меншікті механикалық моментімен байланысқан меншікті (спиндік) магниттік моментке ие болатындығы анықталды.
Демек, электронның магниттік моменті оның орбиталды және спиндік магниттік моменттерінен құралады.
Заттағы магнит өрісінің индукциясын мына түрде жазуға болады
мұндағы өлшемсіз шама μ - заттың магниттік өтімділігі болып табылады.
Ферромагнетиктер спонтанды (өз бетімен болатын) магниттілікті иеленеді, яғни олар сыртқы магнит өрісінсіз-ақ магниттеледі.