1 дәріс. Нарықтық экономиканың мәні мен қызмет ету механизмі


Нарық жүйесі және оның құрылымы



бет2/5
Дата11.09.2020
өлшемі28,88 Kb.
#77808
1   2   3   4   5
Байланысты:
нарық экономика негіздері

1.2 Нарық жүйесі және оның құрылымы

Нарықтың құрылымы күрделі болып табылады және халық шаруашылығының барлық салаларын қамтиды.

Нарықтың құрылымы – бұл нарықтың жеке элементтерінің ішкі құрылысы, тәртібі, орналасуы, осы элементтер нарықтың жалпы көлеміндегі үлесі.

Әртүрлі критерийлердің негізінде жеке элементтерге мүшеленген барлық нарықтардың жиынтығы нарық жүйесін құрайды,

Құрылымы бойынша нарықтарды келесі критерийлер бойынша бөлуге болады:

1.     Нарықтық қатынастар объектілерінің экономикалық тағайындалымы бойынша:

- тауарлар мен қызметтер нарығы;                          - жұмыс күші нарығы;

- өндіріс факторлары нарығы;                        - ақпарат нарығы;

- бағалы қағаздар нарығы;                              - қаржы нарығы;

- ғылыми-техникалық жасалулар нарығы;     - лицензия және т.б.нарығы.

         Мұндай нарықтардың қалыптасуы кәсіпорындардың өзара әрекет етуінің барлық жүйесінің түбірімен өзгеруіне; тауарларды тікелей байланыстар негізінде сатуға өтуге ықпал етеді. Мыналар нарықтың негізгі құралы болып табылады. Тауар және қор биржалары, арнайы базалар, коммерциялық орталықтар, көтерме сауда кәсіпорындарының жүйесі түріндегі нарықтық құрылымдарды құру.

2.     Бәсекенің шектелу дәрежесіне қарай: монополиялық нарық, олигополиялық нарық, еркін нарық.

3.     Әрекет етуші заңға сәйкес: ресми нарық, көлеңкелі нарық.

4.     Орналасу кеңістігіне қарай: жергілікті нарық, аумақтық нарық, ұлттық, әлемдік нарық. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет