1 дәріс. Нарықтық экономиканың мәні мен қызмет ету механизмі


Нарықтық механизм және оның элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға және бәсеке



бет3/5
Дата11.09.2020
өлшемі28,88 Kb.
#77808
1   2   3   4   5
Байланысты:
нарық экономика негіздері

1.3 Нарықтық механизм және оның элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға және бәсеке

Кез келген нарық өзінің нақты түріне қарамастан негізгі үш элементке негізделеді: бағаға, сұраныс пен ұсынысқа, бәсекеге. Нарықтық механизм – сатушы мен сатып алушының өзара іс-әрекетінің бәсекелестік механизмі және сұраныс пен ұсыныстың негізінде төмендегідей үш мәселені шешеді: Не өндіру керек? Қалай өндіру керек? және кім үшін өндіру керек? Нарықтық экономикада бұл сұрақтар нарық арқылы (баға, сұраныс және ұсыныс, бәсеке механизмдері арқылы) шешіледі.



Сұраныс – ақшалай қамтамасыз етілген, нарықтағы тұтыныстың өңі айналған түрі немесе сұраныс – төлем қабілеттілігі бар тұтыныс. Тауардың нарықтық бағасы мен сұраныс көлемі арасында үнемі белгілі арақатынасты көрсететін қисық сұраныс қисығы деп аталады (2 - сурет).

D

 




0

 




Q

 




P

 

                   1 Сурет - Сұраныс қисығы

     Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен: баға деңгейі, сатып алушылардың ақшалай табысы, нарық көлемі, жинақталған мүлікпен сатып алушылар санымен және басқалармен қалыптасады. Тауарға деген сұраныс мөлшері тұрғындардың ақшалай табыс деңгейіне тура пропорционалды және баға деңгейіне кері пропорционалды. Баға көтеріңкі болса, тауарды сатып алушылар сұранысы төмен болады, егер сұраныс мөлшерінің бағалық емес факторларын өзгермеген деп санасақ, онда бағаға қатысты сұраныстың функционалды тәуелділігі келесі формуламен анықталады:  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет