1 Дәріс. Өсімдіктер. Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер. Өсімдіктің даму кезеңдері


Дәріс 9-10 Құндылықтар. Мәдени мұра



бет7/11
Дата19.11.2022
өлшемі0,86 Mb.
#158931
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Дәрістер жинағы

Дәріс 9-10 Құндылықтар. Мәдени мұра.
Жоспар
1. Құндылықтар.
2. Мәдени мұра.
Құндылық — бір заттың маңыздылығы, пайдалылығы. Сырттай құндылық зат не құбылыстың қасиеті болып анықталады. Алайда оның маңыздылығы мен пайдалылығы табиғаттан, объекттің ішкі құрылымының әсерінен емес, адам болмысына енген, адам оған құштар не қажеттілік сезетін нақты қасиеттердің субъективті бағалануынан болады. Құндылықтар жүйесі адамның күнделікті қоғамдық не жеке тұрмыстық бағдарында, оның айналасындағы заттар мен құбылыстарға қарым-қатынасының орнауында орын алады. Мысалға, стақан сусын ішу құралы ретінде өз пайдалы қасиетін тұтынушы құндылығы ретінде, материалдық игілік ретінде көрсетеді. Еңбек өнімі және тауар айналымының заты ретінде, стақан экономикалық құндылық, бағалық ретінде болады. Егер стақан өнер заты болса, ол тағы да эстетикалық құндылық, көркемдікке ие болады.
Құндылық — объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым.
Философия тарихында құндылық көрінісінің заңдылықтары туралы жалпы түсінік 19 ғасырдың ортасында пайда болды. Құндылық ұғымына тұңғыш филосиялық анықтаманы Р.Лотце мен Г.Коген берді. Ежелгі филосиялық көзқарастарда құндылықтың әр түрлі көріністеріне жататын және табиғи, қоғамдық құбылыстарды, адамның іс-әрекетін бағалауда пайдаланылатын сұлулық, қайырымдылық, мейірімділік секілді этикалық және эстетикалық ұғымдар қолданылды. Құндылық объектінің адам үшін қаншалықты маңызды екендігін айқындайды. Ол пәндік және субъективтік деген екі бөліктен тұрады. Пәндік және субъективтік құндылық — адамның дүниеге қатынасының екі жағы, біріншісі — оның объектісі, екіншісі — субъектісі. Сондықтан пәндік құндылық баға берудің объектісі, ал субъективтік құндылық олардың өлшемі мен әдісі болып табылады. Пәндік құндылыққа заттардың табиғи қажеттілігі, өнімнің өзіндік құны, әлеуметтік игілік, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұралар, ғылыми ақиқаттың теориясы маңызы мен тәжірибелік пайдасы, адамдардың іс-әрекетіндегі жамандық пен жақсылықтың іске асуы, табиғи және қоғамдық объектілердің эстетикалық қасиеттері жатады. Санадағы құндылық ұғымына қоғамдағы ойлау мен бағалау, мақсат және оған жетудің жолдары, қоғамда кездесетін түрлі нормалар жатады. құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне, т.б. баға беру қатынасынан тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар, нормалар мен мән-мағыналар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Құндылықтар адам мүддесінің объектісі бола тұра, әлеуметтік, заттық ортадағы күнделікті тіршілікте бағыт беру рөлін атқарады. Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Оның шынайы өмірге құндылықтық қатынасы тек сана негізінде болуы мүмкін. Құндылықтық сана заттың біз үшін қаншалықты бағалы, оның құндылығы неде екенін зерттейді.
Құндылық мәдениетте
Құндылық - мәдениеттің құрамдас бөлігі. Мәдениеттің құрамдас бөлігі болуы себепті құндылық адамдардың өзін ұстауын реттейді, олардың шынайы тәртібін айқындайды. Мәдениет құндылықтары, тиісінше, материалдық және рухани болып бөлінеді. Құндылықтардың мазмұны қоғамның мәдени жетістіктерімен шарттастырылған. Құндылықтар әлемі, сөздің кең мағынасында, мәдениет әлемі деген сөз. Ол адамның рухани қызмет аясы, оның санасының дұрыстығын айғақтаушы, адамның рухани байлығының елшеуіші іспетті. Құндылықтарды мүдделердің қарапайым жалғасы немесе бейнеленуі ретінде қарастыруға болмайды. Олар салыстырмалы өзінділікке ие.
Шынайы және алдамшы құндылықтар
Адамның өзінің солай деп таңдауына орай, құндылық қашанда белгілі бір қанағаттанарлық нәрсені білдіреді. Ал материалдық және рухани қажеттіктердің өтелуі тұрғысынан құндылықтардың бәрін қанағаттанарлық категорияға жатқызуға болмайды.
Адамдардың немесе әлеуметтік топтардың қажеттіліктері, мүдделері жөне талғамдары әр түрлі болады. Сондықтан барлық құндылықтар салыстырмалы. Құндылық қатынас қанағаттанарлық немесе қанағаттанғысыз болып келуі мүмкін. Біреу үшін мынау, екінші үшін анау құнды. Олардың қайсысынікі дұрыс, қайсысы қателесіп тұрғанын релятивистік тұрғыдан оны ажыратып жатуда мағына болмайды. Шынайы деп — адамға пайда әкелетін, оның санасына жоғары адамдық қасиеттерді сіңіретін, адамдардың бақыты мен игіліктілігін қамтамасыз ететін, адамның тұрғасын ажарландыратын, адаммен қоғамның ілгерілей дамуын қамтамасыз ететін құндылықтарды айтқан жөн. Алдамшы құндылықтарға жеке индивидтер құндылық деп қабылдағанымен, шынында, қоғамның дамуына септігін тигізбейтін, оны кері кетіретін, адамды аздыратындарды айтамыз.
Ұлттық құндылықтар
Әлеуметтік-тарихи тәжірибе әрбір жаңа ұрпақ өз халқының өткен тәжірибесін қайта ойлап, ұлттық дамудың мақсаттары мен міндеттерін айқындауымен қатар, оның перспективаларын тұжырымдап, нақты уақытта ұлтқа тән саяси, идеологиялық, экономикалық, мәдени бағдарларды, қазіргі заманғы әлемге сәйкес ұлттық сана-сезімді қалыптастыратынын көрсетеді. Бұл процесс ұлт тарихының аса күрделі, сыну кезеңдерінде қарқынды жүреді. Ұлттық сана-сезім ұлт пен адам ретінде, осы қауымдастықтың мүшесі ретінде сипатталатын маңызды фактор болып табылады. Жеке тұлға өзін ұлттың ажырамас бөлшегі ретінде сезіне отырып, өз халқының тарихын, ұлттық құндылықтарды (жазу, ұлттық тіл, рухани мәдениет пен тағы басқа жетістіктері), ұлттық менталитет, халықтың әлемдік мәдениет қазынасына қосқан үлесін бағалап, оның дамуына ықпал етеді. Ұлттық сана-сезімнің дамуы индивидтің өз ырымдарын, дәстүрлерін, яғни этникалық тамырын білуімен байланысқан, сонымен бірге осы үдерісте адамгершілік жалпыадамзаттық құндылықтарды тану маңызды. Яғни, ұлттық сана-сезімді дамытудағы маңызды тарап ондағы этностық, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың арақатынасы болып табылады. Жеке тұлғаның ұлттық сана-сезіміне өзінің ұлттық қатыстылығы туралы субъектіні таныстыру, өзінің этникалығын позитивті қабылдау, ұлттың тарихи өткеніне, оның бүгіні мен болашағына деген көзқарас, ана тілін меңгерудегі белсенділік, халық мәдениетін зерделеудегі белсенділік, ұлттық мүдделер мен құндылық бағдарларын ұғыну және қабылдау, басқа да этникалық қауымдастықтарға қарым-қатынасты қалыптастыру, оның аумақтық тұтастығын сақтауға дайындық, оның байлығын арттыруға ұмтылу кіреді.
Ұлттық құндылықтар – олардың тарихи өзіндік ерекшелігі Отан, тіл, тарих, өнер, әдебиет және тағы басқалар сияқты көрініс тапқан қандай да бір этностық қауымдастық өкілдерінің рухани идеалдарының жиынтығы.
Әр ұлттың дүниетанымы, ойлау түрі, темпераменті, ұлттық санасы және т. б. белгілі бір жолмен үйлеседі. Жалпыадамзаттық құндылықтар ұлттық құндылықтарға да тән орнықтылық және тұрақтылықпен сипатталады. Ұлтқа және жеке тұлғаға қатысты менталитет бастапқыда әдеттегі-эмоционалды түрге ие болды деп айтуға болады, тек экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуға негізделген құндылықтардың пайда болуымен ғана ол көп қырлы дүниетанымдық сипатқа ие болады. Ұлттық менталитет адамның рухани және материалдық құндылықтарын тарихи іріктеу нәтижесінде қоршаған әлемге қарым-қатынас жүйесінде көрініс табады.
Жалпыадамзаттық құндылықтардың бір бөлігі ретінде ұлттық құндылықтар - құлық пен құндылықтар түрінде оң тәжірибені сақтаушы ұлттың өзін дамыту шарасы болып, индивид пен этнос өмірінің дербес факторы болып табылады. Қоғамдық қатынастардың нақты жұмыс істеуі оның деңгейіне байланысты. Ұлттық және әмбебап жалпыадамзаттық құндылықтар ұлт субъектісінің қоршаған шындыққа деген шығармашылық қатынасын көрсетеді. Адам өзін-өзі тануға, өзін-өзі жетілдіруге, белгілі бір этнос өкілі ретінде өзін-өзі дамытуға қабілетті жарқын даралық ретінде жасайды.
2.Мәдени мұра - орны толмас құнды рухани, мәдени, экономикалық және әлеуметтік қазына. Мұра осы заманғы ғылым, білім мен мәдениеттің де қайнар көзі. Бұл, табиғи байлықтарымен қатар, ұлттық өзін-өзі сыйлауы мен әлемдік қоғамдастықты мойындатуына басты негіз болып табылады.
Мәдени мұраның экономикалық ресурсын жұмылдыру - елді қайта жандандырудың негізі. Тарихи ортаның сақталуы республикамыздың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етеді. Ол, сонымен қатар, бүкіл қазақстандық қоғамдастықтың игілігіне айналар жанама артықшылықтардың шеңберін кеңейтуге де алып келеді.
Мәдени мұраны сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың базалық қағидаты - бұл жұмыстың мемлекетіміздің экономикалық және әлеуметтік дамуы аясында ғана тиімді болатындығына негізделген кешенді көзқараспен қарау. Мәдени мұраны сақтау орнықты даму стратегиясының шешуші элементі болуға тиіс.
Қазақстан өз экономикасының маңызды саласы бола алатын және болуы қажет туризм индустриясын дамыту үшін қуатты мәдени әлеуетке ие. Туризм тарих және мәдениет ескерткіштерін кең танытуға септігін тигізеді, республикамыздың ел ішіндегі, сондай-ақ шет елдердегі биік беделін нығайтады.
Мәдени мұраның туризмді дамытудағы артықшылықтарын пайдалануға негізделген мәдени туризмнің қазақстандық моделі ұмытылып кеткен дәстүрлер мен өнер түрлерін жаңғыртуға, туристік қызығушылық тудыратын жаңа орталықтар ашуға, ерекше бағыттар түрлерін ұйымдастыруға бағытталуы тиіс. Туристік-экскурсиялық жұмыс тәуелсіз Қазақстанның мәдени мұрасының бар әлеуетін пайдалана алады.
Кешенді сақтау қағидатына мемлекеттік басқару органдарының жұртшылықпен және мемлекеттік емес сектормен серіктестік қарым-қатынастарды дамытуда бастамашы, қадағалаушы және үйлестіруші функциялары да енеді. Мәдени мұраны барлық қолжетімді ресурстарды пайдалана отырып сақтау ісіне деген ведомствоаралық көзқарасты да қолдау қажет. Сақтау міндетін тек орталық атқарушы органдар ғана емес, жергілікті атқарушы билік органдары да шешуге тиіс.
Еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерделеу, айрықша маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қайта қалпына келтіру жөнінде ауқымды жұмыс атқарылды. Бүгінгі күні мемлекеттік мұражайларда екі миллионнан астам мәдени құндылықтар сақталуда.
Ұлттық мәдениет пен жазудың сан ғасырлық тәжірибесін қорыту, әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктері негізінде гуманитарлық білімнің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын құру жөнінде жұмыс жүргізілді.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында 35 тарих және мәдениет ескерткіштерінде жаңғырту жұмыстары, 30 қалашық, қоныс, тұрақ пен қорғанда археологиялық зерттеу жұмыстары жүзеге асырылды.
Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапон, Египет, Өзбекстан, Армения, АҚШ, бірқатар Батыс Еуропа елдеріне ғылыми-зерттеу экспедициялары ұйымдастырылып, ғылыми ортаға бұрын белгісіз болып келген Қазақстанның тарихы, этнографиясы, өнері туралы бес мыңға жуық қолжазба мен баспа басылымдары табылды. Экспедициялар барысында тек Қытайдың өзінде ғана Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне қатысты бұрын зерттелмеген үш жарым мыңға жуық тың дерек табылды.
Осы зерттеулердің нәтижесінде, қазір Қазақстанда қазақ хандары мен сұлтандарының Қытай, Қоқан, Хиуа және де басқа шектес жерлердің билеушілерімен хат алмасуы жөнінде көптеген тарихи маңызды деректер жиналды, бұрын белгісіз қыпшақ жазбаларын иелендік.
Жүздеген жазба ескерткіштер Еуропа мемлекеттерінің кітапханалары мен дипломатиялық мұрағаттарынан табылды.
Шет елде Орталық Азиядағы көне көшпелі халықтардың шаруашылық құрылысы мен антропологиялық түріне, олардың тілдерінің өзара ықпалына және өзара қарым-қатынастарына қатысты этнологиялық деректердің табылуының маңызы айрықша зор.
Қожа Ахмет Иассауи кесенесі мен Тамғалы археологиялық кешені сияқты екі ғажайып ескерткіш ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік Мұралар Тізіміне енді. Аталған тізімге ұсынылған келесі ескерткіш ежелгі Отырар қаласы болып отыр.
Мемлекеттік бағдарлама аясында 230 аталым кітап жарық көрді, арасында тарих, археология, этнография жөніндегі аса құнды сериялар, жаңа энциклопедиялық сөздіктер бар. Мысалы, "Бабалар сөзі" сериясы жүздеген жылдар бойы жасалған қазақ халқының бай ауыз әдебиетін жинақтауға мүмкіндік берсе, "Қазақтың ата заңдары" жинағы қазақ халқының құқықтық санасының даму тарихын ашып көрсетеді.
Мемлекеттік бағдарлама ТМД елдерінде ғана емес, сонымен қатар алыс шетелдерде де аса жоғары бағаланды. 2006 жылғы сәуірде Париж қаласындағы ЮНЕСКО-ның Штаб-пәтерінде оның тұсаукесері табысты өтті.
Оны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен 2,7 миллиардқа жуық теңге бөлінді.
Мемлекеттік бағдарлама тарихи-мәдени мұраны қайта қалпына келтірумен ғана шектелмейді. Оның басты мақсаты - қоғамдық санада оң өзгерістерге қол жеткізу және нақ осы тұрғыда ол маңызды идеологиялық, жалпымемлекеттік мәнге ие.
Біріншіден, мемлекеттіліктің аса маңызды рухани негізі болып табылатын ұлттың тарихи санасының көкжиегін кеңейту және рөлін күшейту туралы сөз болып отыр.
Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу барысында зерттеулер жүргізу ауқымын тарихи диапазонын концептуалды түрде анықталды. Ол қола дәуірінің соңынан бастап темір дәуіріне дейінгі екі мың жылдан асатын кезеңді қамтиды.
Нәтижесінде Еуразия кеңістігіне атты көшпелілердің шығуы және осы оқиғаның әлемдік діндер пайда болған "осьтік дәуірге" әсері, далалық өркениет пен қазақ хандықтарының жарқын әрі драмалық тағдыры, Ұлы Жібек жолы бойында қалалардың пайда болуы, олардың гүлденуі, құлауы мен қайта өркендеуі, отарлану, империя құрамында болу, егеменді мемлекет ретінде болашаққа жол іздеу сияқты іргелі тарихи оқиғалар назарға алынды.
Екіншіден, Мемлекеттік бағдарлама ұлттық сана-сезімнің қалыптасуы және нығаюына байланысты сұрақтарға жауап болды.
Үшіншіден, Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы елдің жаңа тарихи-мәдени ландшафтының қалыптасуына игі әсерін тигізді.
Төртіншіден, Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы қазақстандықтардың өз тарихына және мәдениетіне қызығушылықтарын арттыра түсті.
Бесіншіден, Мемлекеттік бағдарламаның елдегі этносаралық өзара түсіністіктің артуы мен ұлтаралық қатынастардың үйлесімділігі тұрғысынан алғандағы зор әлеуетін де атап көрсету қажет.
Жалпы алғанда, Мемлекеттік бағдарлама бойынша өте қомақты нәтижелерге қол жеткізілді, ол елдегі және шетелдік зиялы қауым тарапынан жоғары бағаға ие болды.
Елдің мәдени мұрасын зерделеуге, сақтауға, қалпына келтіруге және тиімді пайдалануға бағытталған шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 желтоқсандағы N 1203 қаулысымен 2007 - 2009 жылдарға арналған "Мәдени мұра" салалық бағдарламасы бекітілді, ол Мемлекеттік бағдарламаның қисынды жалғасы болып келеді.
"Мәдени мұра" салалық бағдарламасын іске асырудағы 2 жыл ішінде (2007 - 2008 жж.) 16 тарих және мәдениет ескерткіштерінде жаңғырту жұмыстары аяқталды, 39 қалашық, қоныс, тұрақ пен қорғанда маусымдық археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Ұлттық мәдениет үшін айрықша маңызы бар тарихи-мәдени, сәулет және археология ескерткіштерінде 8 қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізілді, Қазақстанның тарихы, археологиясы, этнографиясы және мәдениетінің мәселелері жөніндегі басылымдардың жаңа серияларын әзірлеп шығару бойынша жұмыстар жалғастырылды.
Салалық бағдарламаны іске асыруға 2007-2008 жылдары мемлекеттік бюджеттен 3,2 миллиардқа жуық теңге бөлінді.
Сонымен қатар, Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тәжірибесі қысқа мерзім ішінде рухани-мәдени, гуманистік әлеуетті толығымен ашып жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін бірқатар тенденциялардың бар екендігін де көрсетті.
Егер Мемлекеттік бағдарламаның алдағы кезеңі негізінен аса ауқымды мәдени мұраны, соның ішінде, фольклор, салт-дәстүрлерді зерделеу, ұлттық мәдениет үшін маңызы айтарлықтай зор тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру, ұлттық әдебиет пен жазудың көпғасырлық тәжірибесін жинақтау бағытындағы игі істермен сипатталса, оны одан әрі іске асырудағы мақсат - мол тарихи-мәдени мұраны қоғам игілігіне айналдыруды қамтамасыз ету болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет