1 дәріс. Педагогика


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет35/51
Дата13.12.2019
өлшемі0,78 Mb.
#53594
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   51
Байланысты:
Дәрістер

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар


    1. “Дүниетаным” ұғымы туралы айтыңыз.

    2. Дүниетаным құрылымы қандай?

    3. Оқушылардың жеке тұлғалық дүиетанымының қалыптасу ерекшеліктері қандай?

    4. Дүниетанымның құрылымындағы сенімнің рөлі қандай?

    5. Сенім мен сезімнің арасында қандай байланыс бар?

    6. Ғылыми дүниетаным дегеніміз не?

    7. Дүниетанымның құрамды бөлігінің бірі - ерік-жігердің мақсаты не?

    8. Құндылық - теориялық таным ретінде нені сипаттайды?

    9. Философияның басқа дүниетаным формаларынан айырмашылығы неде?

Ұсынылған әдебиеттер тізімі


  1. Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. Алматы. “Нұрлы әлем” .2003, 123-135 б.

  2. Қалиев С., Майғаранова Ш., т.б. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері. Алматы. “Білім” 2001.

  3. Майғаранова Ш., Иманбаева С.Т. Мектептегі тәрбие теориясы мен әдістемесі. –Алматы,

2009.
17 Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны Дәріс мақсаты: Тәрбиенің мәні мен мазмұнын игерту.

Дәріс жоспары:


  1. Базалық мәдениет туралы түсінік.

  2. Базалық мәдениеттi қалыптастыру жүйесiндегi азаматтық, адамгершілік, эстетикалық.

еңбек, дене тәрбиес.

Негізгі ұғымдар: базалық мәдениет, гумандылық.

Базалық мәдениеттi қалыптастыру жүйесiндегi азаматтық тәрбие


Азаматтық тәрбие - білім беру саласының басты міндеттерінің бірі. Азаматтық тәрбие мәселесін шешу үшін, мектеп өз күшін оқушы бойында қоғамдық құбылыстарға құндылық қатынас орнатуға бағыттауы тиіс. Азаматтық тәрбиенің басты мақсаты - тұлғаның кіріктірілген (интеграциялы) біртұтас сапасын қалыптастыру, ішкі еркіндік пен мемлекеттік үкіметті құрметтеу, Отанын сүю, бейбіт өмірді қолдау, өзін құрметтеу, жауапкершілікті мойындау, отансүйгіштік пен ұлтаралық қатынастар мәдениетін үйлестіре білу.

Жеке тұлғаның азаматтық мәдениетін қалыптастыру педагогтар мен ата-аналар, қоғамдық ұйымдардың субьективті қатынасымен және қоғамдық обьективті жағдайлар қызметімен, мемлекеттік құрылым ерекшеліктерімен, құқықтық, саяси, адамгершілік мәдениетімен анықталады.

Азаматтық тәрбие мәселелерін зерттеудің педагогикада өзіндік тарихы бар. Батыс еуропалық антикалық және классикалық педагогикада азаматтық тәрбие Платон, Аристотель, Ж.Руссо есімдерімен тығыз байланысты. Алғашқы зерттеушілер азаматтық тәрбиені мемлекетті құрметтеу, заңға жүгінумен байланыстырса, кейінгілері азаматтық тәрбиені тұлғаның еркін дамуымен және өз қабілеттерін мейілінше дамытумен байланыстырған. Шетелдік педагогикада неміс педагогы Г. Кершенштейнер азаматтық тәрбиені толық зерттеп, оны мақсатты түрде бірізділікпен жүргізу керектігін көрсеткен.

Ресей педагогикасында азаматтық тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін А.Н.Радищев, В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, А.Г.Герцен, т.б. еңбектерінде көрсетілген. Тәрбиедегі халықтық идеясы К.Д.Ушинский еңбектерінде орын алып, орыс менталитетін ескеріп, ұлттық сана-сезімді қалыптастыру, азаматтық тәрбие беру мәселесі анықталған.



Кеңестік педагогика азаматтық тәрбиені тұлғаны қоғамдық бағытта, ұжымдық әрекет тәжірибесін қалыптастыру аясында жүргізді. В.А.Сухомлинскийдің «Азаматтық тәрбие беру» атты белгілі кітабында кеңес кезеңіндегі азаматтық тәрбиенің теориясы мен тәжірибесі қорытындыланған.

Оқушының азаматтық ұстанымын қалыптастыруға мектеп, отбасы, қоғамдық ұйымдардың ықпалы орасан зор.

Мектептегі және отбасындағы азаматтық тәрбие мазмұнында мұғалім, тәрбиеші, ата- аналардың патриоттық тәрбие беру жұмыстары, ұлтаралық қатынастар мен саяси мәдениетті қалыптастыру, қоғамның бейбіт өмірін сақтау төңірегіндегі мәселелер қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет