1 дәріс. Педагогика


Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет38/51
Дата13.12.2019
өлшемі0,78 Mb.
#53594
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   51
Байланысты:
Дәрістер

Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар


  1. Іс-әрекеттің түрлерін ата.

  2. «Педагогикалық ықпал ету тәсілдерін, «түрлерін, «тәрбие әдістерін ағымдарының анықтамасын беріңіз.

  3. Әдістерді, тәсілдерді неге қозғаушы күш дейді?

  4. Жеке тұлғаны тәрбиенің тәсілдері, түрлері мен әдістерінің тұтас педагогикалық процесте алар орны қандай?

  5. Педагогикада тәрбие әдістерінің қандай топтары бар?

  6. Оқушылардың санасы мен мінез-құлқын қалыптастыру әдістерін сипаттаңыз.

  7. Оқушылардың мінез-құлқын ынталандыру әдістерін атаңыз.

  8. Жеке бастың іс-әрекетін ұйымдастыруды түсіндір.

  9. Этикалық әңгіме-сұхбат әдісінің мәнін айт.

  1. .Мадақтау мен жазалау әдістерін қолданудың негізгі шарттарын атаңыз.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі


  1. Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. - Алматы “Нұрлы әлем” 2003.

  2. Педагогика: көрекі дәрістер жинағы. –Алматы, 2008; 2009.

  3. Майғаранова Ш., Иманбаева С.Т. Мектептегі тәрбие теориясы мен әдістемесі. –Қазмемқызпи. 2006.

№19 Тәрбие мазмұнының қоғамдық сана мен құндылық ұстанымға тәуелділігі


Мақсаты: Жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдени құндылықтардың жеке тұлғаны дамытудағы, тәрбиелеудегi, қалыптастырудағы маңызы.

Жоспары:


    1. Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінік.

    2. Жеке тұлғаны дамытудағы, тәрбиелеудегі, қалыптастырудағы жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар.

    3. Базалық мәдениеттi қалыптастыру жүйесiндегi азаматтық, адамгершілік, еңбек, эстетикалық дене тәрбиесі.

Негiзгi түсiнiктер: жалпыадамзаттық және ұлттық мәдени құндылықтар, базалық мәдениет.

Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінік. Құндылық деген ұғым философиядағы, қоғамтанудағы және педагогикадағы негізгі құбылыстардың бірі болып табылады. Мысалы, философияда құндылық дүниедегі обьектілердің ерекшеліктерін адам мен қоғамға, қоғамдық өмір мен табиғаттағы құбылыстардың дұрыс немесе бұрыс мәнін көрсетету (игілік, жақсылық пен жаманшылық, әсемдік пен көріксіздік) үшін қолданылады.

Сондай-ақ, құндылықты құбылысты қоғамдық сана түрінде (әділеттілік немесе әділетсіздік) сипаттап қана қоймайды, сонымен бірге оларға баға береді, оларды мақұлдайды немесе айыптайды және олардың жүзеге асуын талап етеді немесе кемшілікті жоюдың өлшемі болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтардың арасында философтар мен прогресшіл ойшылдар мен педагогтар әрқашан бірінші орынға адамның құқығын, оның бостандығын және соған сәйкес келетін тәрбие мен білімді бөліп қарастырған.

Кез келген халықтың өмірінде жалпыадамзаттық құндылықтардың орнығуы қоғамның тарихи дамуының заңды нәтижелері болып табылады. Адам құқығының адамгершілік мүмкіндігі басқа жалпыадамзаттық құндылықтар сияқты ғасырлар бойы жинақталып, жаңа үлгінің негізінде адамның мінез-құлқын реттеуші ретінде қызмет етеді.

Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда, оларға адамзат баласының қол жеткен қоғамдық-тарихи тәжірибесімен қатар, қоғамдық-этикалық қалыптар мен ізгілікті-адамгершілікті игеруге болатынын тәжірибеден көруге болады. Жалпыадамзаттық құндылықтар халықтық дәстүрлерде, адамгершілік принциптерде, діни мәдениетте нақты жазылып қойылған және әлеуметтік ойдың озық белгілері, жеке тұлғаның қасиеттері, адамгершілік үлгілері жинақталған күйде, әдептіліктің қоғамда қабылданған үлгісі ретінде көрінеді.

Ғалым-педагогтар осы заманғы педагогиканың алдында басты екі міндет тұр деп көрсетеді. Біріншіден, педагогиканы жалпыәлемдік құндылық (педагогикада адамды жақсы көру және адам бостандығын қамтамасыз ету) деңгейіне көтеруге әрекет жасаған жөн. Екіншіден, барынша жетілген адамзаттық идеалды құру. Осы екі міндетті кіріктіріп адами мұрат жасауда бостандық пен сүйіспеншілік сияқты құндылықтарды да ескеру қажет.

Жалпы әлемдік құндылықтар түрлі халықтың, түрлі діннің, түрлі дәуірдің рухани мақсаттарын жақындастыратын құбылыс. Сол себепті де ол жалпыадамзаттық деп аталады. ХХ ғасырдың соңында Халықаралық топ алғаш рет дүниежүзілік тарихта адамның құқықтары туралы халықаралық негізге алынатын құжаттар жасады. “Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы”, “Баланың құқықтары туралы конвенция” және т.б., оларда тәрбиенің методологиясы мен теориясы, жаңартылған мақсат пен мүдделер қарастырылған. Онда халықтардың мұраттарын және рухани құндылықтарын дамытуда жаңа көзқарастарға негізделген халықаралық стандарт болып табылатын жалпыадамзаттық құндылықтар - адамның құқықтары мен бостандығы көрсетілген.

Қазақстан Республикасы аталған құжаттардың басты идеяларын білім саласында негізге алды. Мектептегі тәрбие жұмысын жалпы әлемдік құндылықтарға негіздей отырып, жаңа құндылықтар жасауға талпыныс жасау көзделуде. Оның мәні жас ұрпақты басқаларда бар нәрсені бағалай білуге үйрету, жалпыадамзаттық дамуға үлес қосуға, халықтардың күш-жігерімен жасалған құндылықтарды құрметтеуге және қорғай білуге тәрбиелеу.

Педагогикалық процесте оқушылардың рухани байлығын арттыру үшін әр халықтың жетістігімен бірге алуан түрлі мәдениетін пайдалану да қарастырылады.

Жеке тұлғаны дамытудағы, тәрбиелеудегі, қалыптастырудағы жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар.

Тәрбие адамдарға тән әлеуметтік категорияға жатады және тұлғаны дамытуда шешуші рөл атқарады. Даму дегеніміз, ең алдымен адам ағзасындағы физиологиялық және психологиялық сапалық өзгерістер. Бұл өзгерістер белгілі бір әлеуметтік ортада болады. Адам биологиялық жанды зат ретінде дүниеге келеді де, ол даму үрдісінде әлеуметтік қызметтерді (өмірге, адамдарға, еңбекке, тұтастай қоғамға қатысты, т.б.) атқару арқылы ғана тұлға болып қалыптасады. Тәрбие әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарағанда қоғам бақылайтын және түзету енгізетін, жастарды мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар арқылы басқарып бағыттайтын, қоғамның қазіргі және болашақ өміріне қатысуға мақсаттылықпен даярлау ісі.

Тәрбие туралы түсінікке баланың жеке басының қалыптасуы мен дербес ерекшеліктерін ескерумен іске асырылатын толық қанды және толық құқылы тұлға тәрбиелеуге болады деп тануды талап ететін және педагогикалық процестің субьектісі ретінде тұлғаның қоғамдағы жаңа ұстанымы орнығады.

Тұлғаның «қалыптасуы» ұғымына баланың қоғамда өздігінен өмір сүруге қабілеттілігі, өз тағдырына өзі үкім ете білуі және өзінің қарым-қатынасын түсіне білу қабілетін меңгерген, сонымен бірге құндылық атаулыны тұрақты таңдай алу сияқты дамудың шартты түрдегі жетістіктері жатады. Тұлғаның қалыптасуы тұлғаның шындықпен өзара әрекеті барысындағы өзгеріске түсу үрдісі және оның дене құрылысы мен әлеуметтік-психологиялық жаңаруындағы өзгерістердің пайда болуы.

Тәрбие жалпыадамзаттық мәдениеттің бір бөлшегі болғандықтан, оны культурологиялық тұрғыдан оқып, үйренуге тура келеді. Жалпыадамзаттық құндылықтарды игеруде біріктіруші бастама - тәрбиенің маңызды құралы ретінде ана тіліне берілуі тиіс. Тіл арқылы кез келген халықтың даму дәрежесін, оның тарихын, мәдениетін түсінуге болады. Өз ұлтының тілін, музыкасын, әдет-ғұрпын, ауыз-әдебиетін, мақал-мәтелдерін білмеу, ол өз халқынан, өскен ортасынан, ұлттық менталитетінен жұрдай болып, қол үзу болып табылады. Өз халқымен рухани байланысы жоқ адам , тамырсыз өскен өсімдік, қуыс кеуде болып қалады. Ондай адамды космополит деп атайды. Өз халқының тілін, мәдениетін білмейтін адам өз халқының тарихын, әдет- ғұрпын мақтан ете алмайды. Тіл ол тек ұлттардың қарым-қатынас құралы ғана емес, ол сонымен қатар оның бейнесі, мәні, дүниетанымының шегі. Адамның сөйлеу мәнерінде ұлттық ерекшелік көрініп тұрады. Әр жеке тұлға өз ұлтының рухымен сомдалуы тиіс.

Құқықтық демократия құрып жатқан Қазақстан Республикасы үшін, оның ішінде құқықтық реформаның басты субьектісі болып отырған қазақ халқы үшін ғасырлар бойы жинақталған, дәстүрлі құқықтық құндылықтардың ұлт менталитетінде алатын орны ерекше.

Қазіргі кезде философиялық әдебиеттерде құқықтың мазмұны мен табиғатын ашуға тұрақты екі көзқарас қалыптасқан. Бірінші, тиым салу, немесе дәстүрлі құқық. Екіншісі, либералдық, яғни адамның табиғи құқы мен бостандығын паш ететін көзқарас. Дәстүрлі көзқараста құқық пен заң бір деп қарастырылады және олардың арасында айырмашылық жоқ. Құқық адамдардың мінез-құлқын реттейтін, мемлекет тарапынан үнемі қолдау тауып отыратын жүйе. Бұл жүйені бұзғандар жауапқа тартылып жазаласын алады. Бір ауыз сөзбен айтсақ ”ұлықсат етілмегендердің бәріне тиым салынады”. Екінші көзқарас ХVIII ғасырда ағартушылық философия шеңберінде пайда болды. Бұл бағыттың өкілдері И.Кант, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо, Ч.Беккариа, т.б.

Олардың ойынша, құқықта бірінші тиым салу немесе жазалау, адамның іс-әрекетін шектеу емес, керісінше адамның еркіндікке, бостандыққа деген құқы. Құқық ұғымының алғашқы мәні: адамның өмір сүруге, меншікке, қауіпсіздікке, ар бостандығына, сөзге, көшіп-қонуға құқылы деді. Табиғи қарапайым құқыққа мемлекет ешқандай шек қоймауы керек.

Либералдық көзқарас адамдардың тәуелсіздігін басты құндылық деп жариялай отырып, “тиым салғанның бәріне руқсат” қағидасын алға тартады. Сонымен құқық мәселесіне екі методологиялық көзқарас пайда болды, біріншісі, адамдардың іс-әрекетіне, мінез-құлқына тиым салу арқылы қоғамда тыныштық пен тәртіп сақтау, екіншісі, жеке бастың еркіндікке құқы. Әрине бұл екі көзқарастар бірімен-бірі тығыз байланысты, дегенмен де, бүгінде құқықтық мемлекет құру либералдық құндылықтар негізінде жүргізілуде. Қазақ менталитетіне либералдық құқық жақын екенін айтуға болады, оның тамыры тереңде жатыр. Олардың мазмұны мен ауқымы мемлекеттік құқыққа қарағанда әлде қайда әмбебапты. Егер мемлекеттік құқық мемлекетпен бірге бір мезгілде пайда болса, жеке бастың құқы мемлекет пайда болғанға дейін өмір сүрген. Ол мәдениеттің ажырамас бір бөлігін құрай отырып, халық даналығы негізінде, моральдық-этикалық қағида, салт- дәстүр, әдет арқылы реттеліп отырған. Сондықтанда құқықтық құндылықтардың жеке тұлғалық мағынасы адам мен дүние қатынасын қамтыса, мемлекеттік құқық, адам мен мемлекет институттарының ара- қатынасынан туындайды. Бірінші қатынас биресми, қалыпсыз, қалыпқа келе

бермейтін немесе өте қиын келетін болса, екіншісі қалыпты сақтауға үнемі ынта танытып отыратын құбылыс. Әрине жеке бастың құқықтық құндылықтары мен мемлекет құқының арасында үнемі қайшылықтар болып тұрады. Бұл заңды құбылыс.

Құқықтық мәдениетті ұлт менталититеінің темірқазығына айналдыру дегеніміз ұлттық сана-сезімнің құқықтық беріктігін күшейту, агрессиялық пиғылдағы ойлар мен іс-әрекеттерге заң жүзінде тойтарыс берудің рухани қамалын жасау. Халық болып Ата заңды қорғау, оны бұлжытпай орындау құқықтық мәдениеттің көзі болады.

Дін адамзат қоғамында адамзат санасынан тысқары өмір сүрген жоқ. Ол қоғамдық өмірдегі сананың бір бөлігі болып саналады. Сондықтан оны қоғамнан тысқары қарауға болмайды. Ол әлеуметтік өмірдің мәніне кірігіп кеткен құбылыс.

Қазақстан Республикасы білім беру заңында да мемлекеттік саясатының басты бағыты ретінде “мемлекеттік оқу орындарында жастарға діни ұғымнан тысқары ғылыми көзқараста білім беріледі және ол діни бірлестіктерден бөлектенген” деп мемлекеттің оқу-ағарту саласындағы дін жөніндегі саясаты ашық көрсетілген.

Ата-аналар өз баласын отбасында өз көзқарастарынша тәрбиелеуге құқықты, бірақ бұл істе баланы күштеп дінді мойындатуға жол берілмейді.

Дінді оқытуда оны адамзат мәдениетінің бір бөлігі ретінде қарастыру керек. Барлық дінде де сүйіспеншілік, үміт, бейбітшілік, әділдік, ізгілік, қайырымдылық деген ұғымдарға бірыңғай көзқарас бар. Жастарды адамгершілік қасиеттерге, құндылықтарға тәрбиелеуде діннің таза ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелейтін ұстанымдарына ден қоюға болады. Мектептерде діннің осы ұстанымдарын ұстана отырып, бірақ оқудың ғылыми негізіне баса көңіл бөлуге тура келеді. Яғни білім және тәрбие беру ісінде ғылымилық, оның күнделікті өмірмен байланыстылығы, баланың жас және жеке бас ерекшеліктерін ескеру, еріктілік ұстанымдарын басты қағида етуді үнемі есте сақтау қажет.

Кез келген халықтың рухани-адамгершілік өмірінің барлық кезеңінде халықтық педагогика үлгілері бай және сан-алуан, өйткені ол түрлі этникалық ұлыстардың мыңдаған жылғы тәжірибесімен жасалған педагогикалық мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Халықтық дәстүрлер әрқашан адамзаттық дамудың барысында, өзін этикалық халықтық сананың табиғи құрамдас бөлігі екенін көрсетті. Соған қарамастан дәстүрдің ескісі мен жаңасы да өзгеріске ұшырауда. Бірақ олардағы басты нәрсе - өтіп бара жатқан ұрпақ пен келер ұрпақтың арасындағы жанды байланыс болып сақталып келеді. Сондықтанда осы заманғы тәрбиенің мәні - халықтардың озық ізгілік дәстүрлерін қайта жандандыру арқылы ұрпақтардың адамгершілігін нығайту болып табылады.

Базалық мәдениет туралы түсінік. Әдетте, мәдениет дегенді біз тарихи даму барысында адамзат жасаған материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы деп түсінеміз. Алайда, мұндай анықтама беру бір жақтылықты көрсетеді, өйткені мәдениет туралы айтқанда оған қатып-семіп қалған және аяқталған, қандай да болмасын ықпалға берілмейтін нәрсе деп қарауға болмайды. Сонымен бірге адамдардың қолымен жасалынып жатқан жаңа құндылықтар, мәдениетті жасау, адамдардың құндылықтармен өзара байланысы, олардың оны игеруі мәдениеттің аса маңызды бөлігінің бірі болып табылады. Осы факторларды ескере отырып, мәдениетке жаңаша анықтама беруге болады.

Мәдениет дегеніміз адамдардың бірлесе ғылыми, моральдық-әлеуметтік, көркем және техникалық құндылықтар жасаудағы қарым-қатынастар жиынтығы деген анықтама беруге болады. Сөйтіп, мәдениеттің мәні адамның өзіндік адамдық еңбегімен байланысты туындайтын дүние деуге болады.

Адамды әлеуметтендіру үрдісінде, жеке адамға жалпыадамзаттық мәдениеттің жиынтығын бүгінгі нарықтық экономиканың талаптарына негіздей отырып меңгерту көзделеді. Осыған байланысты педагогтың кәсіби біліктілігі артуы тиіс. Жеке тұлғаны қалыптасыру процесін ұйымдастыру үшін оның үнемі мәдениетке енуіне зер салу, бүгінгі мәдени жетістіктер дәрежесінде әлемдік мәдениетпен қарым-қатынас жасауы арқылы жеке тұлғаның әлеуметтік өмірдің мағынасына енуін қарастыру көзделеді. Олай болса, жеке тұлғаның осы заманғы тәрбиесінің негізіне адамзаттық мәдениеттің бүкіл дүниежүзілік қоры алынуы керек. Атап айтқанда, ол оның барлық түрін: ақыл-ой мәдениетін, тұлғаның кәсіби бағдары мен политехникалық және еңбек мәдениетін, адамгершілік, саяси-құқықтық, эстетикалық, экологиялық, экономикалық және денесінің даму мәдениетін қамтиды. Мәдениеттің осы түрлерінің бәрі олардың өзара әрекеті арқылы адамның дүниені, табиғатты, қоғамды, техниканы, өнерді біріктіре қабылдауының, оның тұтас көзқарасын қалыптастырудың негізі болады.

Ғылыми көзқарас дегеніміз ол ғылыми негізделген сенімнің, көзқарастың, адамның табиғатпен, қоғаммен қарым-қатынасындағы мінез-құлқын, эмоционалдық сезімін, танымдық қызметін айқындайтын кешен. Тәрбиеші көзқарастың осы сипаттағы мәнін ашу үшін, жалпы мәдениеттің жүйеге келтірушілік, кіріктірушілік рөлін түсініп, өзінің бойында жалпы әлемдік мәдениеттің барлық түрін жинақтап, алдын ала оларды кіріктіре пайдалануы тиіс. Кіріктірілген (интеграциялы) көзқарас осы заманғы оқушының біртұтас тұлғасын қалыптастыру мақсатында тәрбиелік қызметтің негізгі компоненттерінің ара қатынасын күшейтуге және оны жүзеге асыруға мұғалімді бағыттайтын методологиялық ұстаным ретінде қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет