1 дәріс. Педагогика


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақ-тапсырмалар



бет2/51
Дата13.12.2019
өлшемі0,78 Mb.
#53594
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
Дәрістер

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақ-тапсырмалар


1.Педагогика тарихы ғылымы нені зерттейді?

  1. Педагогика тарихының әдіснамалық негізіне не алынады?

  2. Педагогика тарихының басқа ғылым салаларымен байланысын сипаттаңыз.

  3. Педагогика тарихының қандай әдіснамалық ұстанымдарын білесіз?

  4. Педагогика тарихының қандай зерттеу әдістері бар?

  5. Ғылыми-зерттеу әдiстерiне талдау жүргiзiңiз.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Беркімбаева Ш.К., Қожахметова К.Ж., Құнантаева К.Қ., т.б. Педагогика тарихы.- Алматы, 2009. 5-21 б.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Гершунский Б.С. Философия образования для ХХI века. М., 1998.

  2. Проблемы методологии педагогики и методики исследований. /Под ред. М.А.Данилова , Н.И.Болдырева. – М.: Педагогика 1971.

  3. Полонский В.М. Оценка качества научно-педагогических исследований.-М: Педагогика 1987.



№2 дәріс. Адамзат дамуының ерте кезеңіндегі тәрбиені ұйымдастыру формаларының туындауы


Дәріс жоспары:

1.Палеонтология, молекулярлық биология және археологиялық ғылымдардың мәдени мұралардың эволюциялық дамуын анықтауға қосқан үлесі.

  1. Ұлы Даланы мекендеген көшпенділер туралы тарихи деректер.

  2. Алғашқы қауым қоғамындағы бала тәрбиесі.

Жер бетінде алғашқы адамдардың қалай, қай жерде, қай заманда пайда болғаны туралы ғылыми пікірталаслар әлі де жалғасып келеді. Алғашқы адамдардың пайда болу төңірегінде көптеген монографиялар, ғылыми-зерттеу еңбектері жазылғанымен белгілі бір түйінді тұжырым жасалаған жоқ. Дегениен ХІХ-ХХ ғасырларда кең зерттелулер жүргізген палеонтология ғылымы саласында аталған мәселелерге байланысты көптеген деректер жиналды.

Палеонтология ғылымның дамуына молекулярлық биология мен археологиялық ғылымдардың табыстары бұл ғылым саласының деңгейін көтеруге, жер шары халықтарының мәдени мұраларының эволюциялық даму жолдарын анықтауға көп септігін тигізді.

Жалпы палеонтология оқулықтары бүгінгі күндері адам баласының құрлқағы пайда болуы осыдан 1 миллион 600 мың жыл бұрын шамасында шыққан деген түсінік береді. Кейбір деректерде адамның жер бетінде пайда болуы 9 миллион жылдарға тең деген болжам айтылады.

Белгілі археолог Кемел Ақышевтың басшылығымен шәкірттерінің зерттеу нәтижелері көрсеткендей, Ұлы даламыздың төсінде палеолит дәуірі кезеңіндегі Алматы облысындағы Қарғалы және Шығыс Қазақстан облысындағы Тарбағатай елді мекендерінде алғашқы адамдардың жатақтары табылған.

Еуразия даласында жақын арада табылған ең ежелгі алғашқы адам тұрақтаған мекен анықталды. Қазба жұмыстары дәлелдегендей қазақстандық белгілі археолог В.Волошин ашқан жаңалық адамзат тарихы жөніндегі бірқатар теориялардың қайта қаралуына мүмкіндік туғызады. Аты аталған археологтың басқаруындағы экспедиция соңғы 30 жылдың ішінде Сарыарқа өңірінен палеолит кезеңінен 20-дан астам адам қоныстарын ашқан.

Ежелгі адамдардың қоныстарында еңбек құралдарымен қатар, осы заманғы жылқының арғы тегі гиппарионның тістері табылды. Соңғы деректер бойынша Еуразия даласында жабайы жылқыны қолға үйреткен тайпаның Нұра-Есіл аумағынан табылуы әлем палеонтологтарының назарын аударып отыр.

Сонымен алғашқы адамның мекен еткен жері Африкада ғана емес, Еуразиядағы Ұлы дала да алғашқы адамдар тұрағы болғандығын айқындайды.

Тарихи деректер Еуразияның Ұлы даласында б.з.д. соңғы 5-6 мыңжылдықтың ішінде халықардың қоныс аударуы бірнеше рет қайталанғандығын көрсетуде. Бірақ, тарихшы Қ.Салғариннің үш рет қоныс аудару болған деген пікірін шартты түрде қабылдауға болады. Айтылған тұжырымды нақтылай түсуге байланысты белгілі орыс академигі А.П.Окладников бастаған ғалымдар “Сібір мәдениеті” деген атпен археологиялық жазба жұмыстарын жүргізген. Қазба жұмыстары көрсеткендей, Алтай тұрғындары тұрмыс-тіршілікте пайдаланған тас- құралдардың мезгілін радиоактивтік құралдар арқылы анықтау олардың жүз мың жылдардан бұрын қолданылғандығын дәлелдеген.

Сібір археологтары анықтағандай энолит (мыс, тас) дәуірінде-ақ солтүстіктің қалың орманының күнгей жағынан Алтайды Еуропаға байланыстырған дәліздің болғандығы байқалады.



Еділ мен Жайық бойынан табылған заттар, құралдар мен бұйымдар ертеде Сібір төңірегінде жасалынғанын, Еуропа аумағында табылған бұйымдардың оларға қатыстылығы ежелгі адамдардың қоныс аударуына байланысты екендігін айқындайды.

Кейбір деректерге көңіл аударсақ, М.Аджидің айтуынша: “…біздің жыл санауымыздан бұрынғы ҮІ-Ү мыңжылдықтан кейін өздерін угор, фин, литван, эстон, кельт жєне викингпіз деп атап жүрген жұрттың көпшілігі жоғарыда айтқан дәлізбен Азиядан Еуропаға жол тартып, сол жерлерде өздеріне қоныс тауып, тұрақты мекендеп қалған. Сол кездерде олардың бір-бірінен айырмашылықтары да жоқ болатын, бір-біріне ұқсас өзен бойын, орман ішін мекендеп, аң аулап, балық ұстап, бірге көшіп жүрген. Халық болып ұйымдасып қалыптасса да, Ұлы қоныс аударушылардың көш басы осылар болатын” делінді. Бұл жасалған тұжырым шындыққа сәйкеседі. Өйткені Шығыс Еуропа елдерінің негізін қалағандар, яғни Скандинавия түбегі мен Балтық бойындғы угор, фин, эстон, литван және кельттер б.з.д. бірінші мыңжылдықтың ортасында бүкіл Галлияны иемденіп, Ү1-ІІІ ғасырларда қазіргі Испания, Британия, Италия, Германия, Чехия және Венгрия жерлерінде орнығып қалғаны тарихтан белгілі.

Ал, Ұлы далада мекен еткен көшпенділерге қатысты тарихи деректерге сүйенсек, Ұлы қоныс аударудың қабаласында солтүстік және оңтүстік бағыттар аралықтарында көшіп қонғандығын байқаймыз. Мысалы, жоғарыда айтқандай орман тайпалары солтүстік бағытпен Еуропаға өтсе, дәл сол шамада оңтүстік бағытпен Батысқа қарай қозғалғандардың ішінде орта азиялық тайпаларда болған, кейінірек ежелгі түркілер (мықтар сақтарға дейінгі елдің аты, ол туралы деректер аз) мен сақтар аталып, олардың бір тармағы атақты шумерлер Кіші Азияға қоныс аударады. Олар дүниежүзі тарихында белгілі болғандай, Таяу Шығыста алғашқы өркениетті құрған елдер қатарында аталады.

Екінші қоныс аудару дүниежүзілік су тасқынынан кейінгі, б.з.д. екінші мыңжылдықтан кейінгі, Батыстан Шығысқа қарай бағытталған қоныс аударуға байланысты тарихи деректер

жоқтың қасы. Сонда да, халықтың санасында сақталған ауызша тарихи шежіре ретінде айтылатын аңыздар бар.

Адамзат тарихының әр кезеңдерiндегi тарихи-мәдени үрдiстердi талдауда археологиялық және этнографиялық зерттеу нәтижелерiне сүйенемiз. Шамамен үш миллион жыл бұрын жануарлар дүниесiнен гоминид тармағы бөлiнiп шығып, адам ұрпғының бастауы австралопитек және алғашқы адамдар архаентроп және палеонтроптар тарихы қалыптасу барысында қазiргi адамдарға ұқсау нышандары байқалынады.

Адамныњ пайда болуы мен даму кезеңдерiн геологиялық хронологияларға негiздеу - тарих ғылымында берiк қалыптасқан жай. Геологиялық танымда жердiң тарихы төрт дәуiрге бөлiнедi. Олар: архей, палеозой, мезазой, кайнозой деп аталады.

Жер бетiндегi тiршiлiк сiлемi кайнозой дәуiрiнен басталады. Кайнозой өз кезегiнде екi кезеңге, бiрi шамамен 60 миллион жылға созылған геологиялық үштiк кезең, екiншiсi шамамен 1 миллион жылдан бүгiнгi күнге дейiнгi кезең болып ажыратылады.

Сонымен саналы адамның тiршiлiгiнде тұтынылған тастар “тас дәуiрi шартты атаудан бастау алады. Адам танымы ғылыми тұрғыдан тас дәуiрiнің ежелгi кезеңі - палеолит, екiншiсi мезазой (орталық кезең), үшiншiсi неолит (ең соңғы кезең) деп үш кезеңге бөлінеді.

Ал азиялық аймақта алғашқы адамдардың пайда болуы 9-7 мыңжылдықтар шамасындағы ең ежелгi палеолит кезеңiнде Сiбiр, Қырым, Кавказ, Орталық Азия және кейiннен Днестр, Дон жағалауларында пайда болған деген пiкiрлер бар. Бұл тұжырым әлi де нақтылана түседi.

Палеонтроптар еңбек және аң аулау құралдарын жасап, әр түрлi топтық-шаруашылық қарекеттермен айналысқан, үңгiрлерге, жер үйлерге паналап алғашқы от жағу, тағам дайындау, жемiс-жидектердiң дәнiн, тамырын жинау, сақтау, т.б. iстердi атқаруға үлкендермен қатар балалар да қатыстырылған. Мұндай жағайларда тәрбиенiң пайда болуы - заңды құбылыс. Жас ұрпақты тәрбиелеу күнделiктi тәжiрибелерi жинақтала келе, тұрмыс-тiршiлiгi тәрбиенiң қажеттiлiгiне және оны жетiлдiрiп отыруға талаптандырды. Үлкендер мен балалардың бiрлескен еңбектерi бағдарлы үйрету қарекетiмен ұштасты. Тұрмыстық тiршiлiктiң барысы, алғашында аң және балық аулау қауымдастықтарын қалыптастырса, егiн жєне мал шаруашылығымен (8-5 мыњжылдықтан жаңа дәуiр аралығы) айналысуда адамдар өмiрiне мол өзгерiстер енгiздi. Бiздiњ заманымызға дейiн 35 мың жылдарда басталған тарихи кезеңмен бiздiң жаңа дәуiрiмiзге дейiнгi соңғы бес мың жылдық кезең аралқтарындағы тас дәуiрi (неолит) аяқталады.

Осы аралықта аналық-рулық матриархат қауымдастығы өрбiдi. Ауылдық ұйымда балалар мал бағуға, егiн егуге, қолөнерiне үйретiлiп, осыған сәйкес тәрбиенi ұйымдастыру қажет болды. Балаларды тәрбиелеу тайпа көсемдерiне, ақсақалдарға жүктелiп ертегi айту, ойын ұйымдастыру және өлең айту түрлерi, сол дәуiрдегi тәрбиенiң мазмұндқ құрамына айналды.

Кейiнгi алғашқы қауымдаѓы аңшылық шаруашылықтары адамдардың өндiрiстiк формадағы егiншiлiк пен шаруашылық еңбектерiмен ұласты. Алғашқы қоғамдағы шаруашылық және әлеуметтiк байланыстардың күрделенуi және өзгерiске түсуi өндiрiс құралдарына иелiк ету, отбасының пайда болуына жағдай жасады.

Қоғамдағы билеушi топтар, көсемдер, ақсақалдар, дiн басылары балаларды еңбекке баулу тәрбиесiнен, есеп-шот бiлiмiне үйрету, тәрбие мазмұнын кеңейтуге назарларын бөле бастады. Жер өлшеу, ауа райын, су тасқындарын болжау, адамды емдеу, т.б. бiлiмдердi үйрететiн арнаулы мекемелер ашылды. Онда балалардың практикалық iскерлiктерi мен дағдылары жетiлдiрiлдi.

Қауымдастықта қалыптасқан жағдайларға байланысты аңшыны, бақташыны, диханды, тәрбиелейтiн бағдарламалар белгiленiп, жасөспiрiмдердiњң бiлiм, практикалық дағдыларын дамытуға ат салысты. Қыз балаларға арналған бағдарламаларда оларды үй шаруашылығына, үй кәсiбiне: жемiс-жидек жинау, ас дайындау, сақтау, қолөнер, бейнелеу, сурет салуға үйретiлдi.

Сонымен қатар жастарды денесiн шынықтырумен бiрге ежелгi дәстүр-салттарын сақтаға бейiмдеу қауымдық тәрбиеде басым болады, жастарды өмiрдiң жалпы ұстанымына қажеттi бiлiмдердi, практикалық iскерлiк пен дағдыларды меңгеруге, рулық аңыздар, мифтердi және ертегiлердi есте сақтауға ынталандырды. Қорыта айтқанда, неолит (тас) дәуiрiнде тiршiлiк қажеттiлiгiн өтеу шаруашылығынан өндiрiстiк өнiм шығаруға көшу адамзат тiршiлiгiне өзгерiстер ендiрiп, бала тәрбиесi мәселесiне де тiкелей ықпалын жасады.

Алғашқы қауымдастықта күнделікті өмір-тіршілікке, шаруашылыққа, елді қорғауға қыз балалар да қатыстырылды. Қазақстанның территориясындағы таулы-тасты жерлердегі бедерленіп сызылѓан жүкті, балалы әйелдердің бейнелері, садақ ұстап нысананы көздеген қыздардың мүсіндері салынған деректер ұшырасады.

Рулық қоғамдастықта көсемдер, жасы келген қариялар, ақсақалдар жас ұрпақтарды тәрбиелеуге қатысқандығы археологиялық және этнографиялық зерттеу жұмыстары нақты деректермен дәлелдейді.

Жас ұрпақты тәрбиелеуге қауымдастықтың барлық мүшелері қатысқан, оларды қауымдастықтың жалпы өмір тіршілігіне үйрету, балаларды ересек адамдардың өмір қарекетіне даярлау мәселелері ортақ болған. 10-12 жасар балалар үлкендер қатарына қосылу үшін тіршілікке қажетті іскерлік пен дағдыларды игеруге тиіс болған. Ал бала 13-ке толғанда отбасы иесі деп саналып, үлкендер қатарына жатқызылып, дене күшін дамыту және шаруашылық іс-әрекеттер тәжірбиесін жинақтауға тәрбиелеген. Жастар тұрмыстық құралдарды жасауға және қолдануға дағдырландырылған. Мәселен, балалар арасында қасиетті аң-құстарды, үй жануарларын, адамдарды бейнелейтін ойыншықтар жасау кеңінен тараған. Дон дариясының жанындағы Костенка ауылындағы қорғаннан балалар жасаған ойыншықтар ертедегі палеолит дәуірінде табылған. Үлкендердің бірлесіп аң аулағандарын көргендерін, оған қатысқаннан алған сезім- күйлерін балалар осындай ойыншықтарды жасау арқылы өзіндік ой-саналарын арттыруға мүмкіндік алған.

Сонымен қатар Тәңірге табыну сияқты тотемдік ырым-салтқа байланысты балалардың магиялық ойлау образдарын дамытқан. Былайша айқанда, тотемдік сенім, адамның қабілет- қасиеттілігі хайуанаттың қимыл әрекеттеріне ұқсау арқылы дамытуға болады деп есептеді. Тотемдік ырымдарға айырықша мән берілді, балалар ол ырымдарды игеруге үйретілді.

Балалардың үлкендердің басшылығымен атқаратын жұмыстарында олардың тағам- сезімдерін, ептіліктерін тыңдауға көңіл бөлінеді. Балаға арналған ер-тоқым, киім-кешек, садақ, т.б. құрал-жабдықтар оның күш-қуатына, жас шамасына қарай бейімделіп жасалды.

Рулық қауымдастықта балаларға бостандық және әр істі өздіктерінен орындауға ерік берілді. Балалардың іс-әрекеттерінде, ойын элементтерін пайдалануы, сюжеттік, рөлдік ойындарды орындауы элементтік мінез-құлықты, жүріс-тұрысты дамытудың пайдалы қыралдары деп есептелді.

Сонымен үлкендердің еңбектеріне балаларды қатыстыру балалардың құрбылары арасындағы тотемдік, ырымды, үлкендерге ұқсау т.б. тәрбиелік орта құрау ойындары алғашқы қауымдастықтағы тәрбиенің ерекшеліктеріне жатады. Сол кездегі сұранысқа сай қарым-қатынас нормаларын белгілеу қауымдастық алдындағы күрделі мәселенің бірі болды. Күнге, айға, отқа табыну және қауымдас аралық салт-дәстүрге, жыл мезгілдеріндегі ырымды орындауға, жасөспірімдерді қатыстыруға балаларға лайықты іс-шараларды ұйымдастыру ересектердің өмір тәжірибелерін игеруге, бір-бірімен адамгершілік қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туғызатын. Балаларды тәрбиелеуде ертегілер мен аңыздар арқылы күшті, ержүрек адамдар образдарына ұқсау, олардан үлгі-өнеге алу насихатталды.

Сонымен ертедегі алғашқы қауымдастықта тәрбие өндірістік және тұрмыстық қарым- қатынастарда рулық ұжымның табиғи өмір тіршіліктеріне байланысты бір-бірінен бөлінбегендігінен қайта аралас-құралас болуға бейімделген.

Ертедегі еңбек, дене және адамгершілік тәрбиесі, балаларды өмірге дайындауға олардың санасын өсіріп, дүниетанымдық ой-сезімін дамытуға бағытталды.

Отбасының пайда болуы. Кейінгі алғашқы қауымдастықтарда, шамамен б.з.г. 8-5 мыңжылдықтарда шаруашылықтың күрделенуіне орай адамның жеке басының қамын қанағаттандыру әрекеттерін (жеміс-жидек, аң аулау) сақтаумен қатар, өндірістік іс-әрекет формалары (егін егу және мал өсіру) қалыптаса бастады. Қауымдастықтардағы шаруашылық және әлеуметтік байланыстардың күрделене түсуі мен өзгерістеріне байланысты жаңа жғѓдайлардың туындауы, отбасының пайда болуына себепші болды. Отбасын құруда үйлену үрдісін жүйеге келтіруде, бір рулық топтан тыс тұрмыс құруға рұқсат беру, кейінірек келе екі ру қауымдастық аралық тұрмыс құру (экзогамия) тәжірибесі рулық қауымдастықтардың қарым-қатынастарын жаңа негізде ұйымдастыруға себепші болды. Сонымен кейінгі рулық қауымдастықтардағы тұрмыс құрудағы топтық форма бертін келе, екеуара некелесуге ұласты. Бұл өз кезегінде рулық қауымдастықтағы қарым-қатынасқа өзгерістер әкеліп, тәрбиенің жеке отбасылық формасын дүниеге келтірді. Осы кезеңнен бастап, тәрбиенің мазмұны баланың дене және рухани дамуына отбасының тікелей жауапкершілігімен толықтырылды.

Әрине, ол кезде ананың (матриархат) тәрбиедегі рөлі жоғары болатын. Ер бала 5 жасқа дейін отбасының ықпалында болса, сонан кейін қауымдастықта өзі қатарлас балаларымен бірге ортақ тәрбие алады.

Шаруашылық және әлеуметтік байланыстар жаңа жағдайларында үлкендердің өмір тіршілігіне жас ұрпақты қатыстыру өмірге дайындау нәтижелеріне қоғамдық талап қойылды. Сөйтіп, тєәбиенің қоғамдық мәні бар алғашқы элементтері қалыптаса бастады. Жеткіншек қыздар мен бозбалаларды үлкендер қатарына қосу ырымдары орныққаннан кейін, тарихи маңызы бар алдын-ала мақсатқа сай ұйымдастырылған тәрбиелеу мен үйретудің алғашқы қоғамдық институты аяғынан тұрды. Адамдардың өмір тіршілігін археологиялық ізденіс пен этнографиялық зерделеу көрсеткендей, алғашқы қауымдастықтығы балаларды өсіру, тәрбиелеудің кейбір элементтері осы күнге дейін сақталып (баланы бесікке салу, отпен аластау, май ќұю) қалды.

Жастарды өмірге, рулық-салтқа дайындауда ұл және қыз балаларды жеке-жеке тәрбиелеу рулық қауымдастықта-ақ белгіленгене бастады. Қауымдық орталықтарда арнайы “үйлер”, мысалы, “бойдаќтар үйі” сияќты ұйымдар болды. Мұндай орталықтарда жастарды өмірге дайындау мектептің міндетін атқарғандай болатын.

Қауымдастықтағы өмір тіршіліктердің де қалыптаса бастаған үйрету бағдарламаларын белгілеу, жасөспірімдерге өмірге қажетті білім беру, мысалы, аңшы, егінші және әскери адамдарға қажетті тәжірибелік дағдыларын тәрбиелеу іске асырылды.

Қыз балалар болса үй жұмыстарына: тоқу, ору, қолөнерлеріне (қыштан ыдыстар жасау) үйретілді. Олардың денелерін шынықтыру, рәсімдік дайындықтар жасау сияқты, қыз балаларға әлеуметтік-адамгершілік тәрбиелер берілді. Балалар өмірдің жалпы заңдылықтарын білуге, үйретілді өмірге қажетті практикалық іскерлік пен дағдыларды игерді. Кемелденудің аяқталу кезінде жастардың шыдамдылықтарын анықтау ұйымдастырылды, жасөспірімдердің дене күшін, практикалық икемділіктерін, әлеуметтік-адамгершілік және ерік күйлерін тексеруден өткізілді, олардың ересектер өмір-тіршілігіне жеткендігі бағаланды.

Кемелге келгендігін анықтау тәжірибесін балаларды өмірге үйретуін істерін алғашқы қорытындысын шығару болатын. Сөйлеу мәнеріне, биге үйретуде, есте сақтау, жаттықтыру, қайталау элементтері қолданылды кемшіліктері үшін баланы жазалау әдістері (ескерту, зекіру, ұру) кеңінен пайдаланылды.

Балалардың бойында тапсырмаларды есте сақтау, оларды тиянақты орындау тәртібін білу, қауымдастықтағы өз орнын сезіну дағдылары қалыптастырылды. Ал, егер тапсырмалар жеткіліксіз орындалса, баланы жазалау және жастардың кемелге келу жүйесін басқару рулық қауымдастықта арнайы айналысатын қарт адамдарға жүктелді. Осыған байланысты, рулық қауымдастықта арнайы бөлінген ақсақалдар тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың жаңа әдіс- тәсілдерін дүниеге келтірді. Бұл үрдіс кейін келе мазмұндық жағынан мәдени-тарихи, тұрмыстық және шаруашылық дәстүрлермен сабақтастырыла дамытылды, сөйтіп алғашқы педагогикалық қызметтің алғашқы түрлері сұрыпталып шыға бастады. Сонымен, алғашқы қауымдастықтың ыдырау жағдайында тєәбиенің дербестенуі басталды, оған басты себеп неолит дәуірінде шаруашылықтың өнім өндіру түріне көшу адамдардың өмір тіршілігіне ауқымды өзгерістер енгізіп, тәрбие ісіне де елеулі ықпал жасады.

Ұлы далада тас қару-жарақ пен құралдардың орнына қоладан жасалған өндіріс құралдары қола дәуірі б.з.д. 4-3 мыңжылдықтарда, қалайы дәуірі 3-2 мыңжылдықтарда және темір дәуіріндегі 1 мыңжылдықта) жетіле келе темірдің шаруашылықта қолданылуы өндіріс сапасын арттырудағы еңбек бөлісуі, егіншіліктің мал шаруашылығынан бөлінуі, қолөнердің қалыптаса бастауы шаруашылық қызметінің өрбуіне ұйытқы болды.

Алтайдан Днепрге дейінгі ұлы Даладағы тайпалар мал шаруашылығымен айналысса, қазіргі Кавказ таулары етегі мен Орта Азия, Украина, Молдава, Еділ бойлары, Сібір территорияларында егіншілікпен шұғылданды.

Рулық қауымдастықта еңбектің арнайы түрлерімен айналысатын арнайы адамдар тобы қалыптаса бастады. Мысалы, мал және егін, аң аулаумен қатар, жіп иіріп, мата тоқу, металл өңдеу, қыш ыдыстар жасау дамыды. Рулық қауымдастықтары араларында тұрмысқа қажетті заттарды айырбастау, сауда-саттық элементері туа бастады. Әлеуметтік шаруашылық жағдайларда жеке меншіктік бастау алып, өндірістік құралдар мен өнімдер бір қолға жиналып, ру-тайпалық ауқатты (көсем, тайпа басшылары, т.б.) адамдар шыға бастады.

Неолит дәуірінде Ұлы Дала территориясында б.з.д. 8-6 мыңжылдықта ертедегі жазба, яғни пиктографикалық (тасқа сурет салу) таңбалар жартастарға түсіріле бастады.

Археологтар мен этнографтардың зерттеу материалдары бойынша Алтайдан Дунайға, Қиыр Шығыстан Балқанға дейінгі аралықта өмір сүрген тайпалар, тұрмыс-тіршіліктен түйген

сезімдерін пиктографикалық жазбалармен тасқа, мал терісіне, сүйектерге, қайың қабықтарына жазып келген.

Сонымен қатар еңбекті бөлісу қажеттілігі әртүрлі қолөнерге арнайы үйретуді талап етті. Сол себептен, материалдар, заттар мен бұйымдардың жекелеген отбасының қолында шоғырланғандықтан кәсіби мамандыққа балаларды даярлау отбасыныњ мүмкіндіктеріне байланысты болды.Кәсіби мамандық икемділік пен қабілеттілікті басқалардан қорғауға, сақтай білуге талпыныс тудырды. Өйткені, бұл қажеттілік жеке отбасы мен кейбір әлеуметтік топтарға өте қажет болды. Сондықтан қолөнерлі шебер отбасы кәсіби ұстаздық пен қабілетті шәкірттерді дайындайтын орталыққа айналды. Ал, жасөспірімдерді еңбекке, жауынгершілікке, дене шынықтыруға және әлеуметтік-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, өмірге дайындау оларды арнайы үйретудің бастамасы деп айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет