1 дәріс. Педагогика


Өзін-өзі бақылау сұрақтары



бет8/51
Дата13.12.2019
өлшемі0,78 Mb.
#53594
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51
Байланысты:
Дәрістер

Өзін-өзі бақылау сұрақтары


    1. Көне түркі мәдениетінің даму кезеңдері. Орхон-Енисей ескерткіштері туралы айтыңыз.

    2. ҮIIIIХ ғ.ғ. Орта Азия мен Қазақстан елдерiне араб-шығыс мәдениетiнің әсерi қандай?

    3. Орта Азия елдер мәдениетіне Хорезмидің қосқан жаңалықтарын сипаттаңыз.

    4. Орта ғасыр ойшылдарына (әл-Фараби, Ж.Баласағұни, А.Жүйнеки, А.Иассауи) тәлімдік ой- пікірлерін талдаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер


1.Беркімбаева Ш.К., Қожахметова К.Ж., Құнантаева К.Қ., т.б. Педагогика тарихы.- Алматы, 2009.

35-46 б.

  1. Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiр Антологиясы. (Қ.Жарықбаев, С.Қалиев) -Алматы, “Рауан” 1994 .



№6 дәріс. Еуропа мен Америка елдері тарихындағы білім беру, мектеп және педагогикалық ой-пікірлер


Мақсаты: Орта ғасырда және Қайта өрлеу дәуiрiндегi Батыс Еуропа елдерiндегi тәрбие, педагогикалық ой-пiкiрлермен таныстыру.

Дәріс жоспары:


1.Ерте ортағасыр (Ү-Х ғ.ғ.) дәуіріндегі мектеп пен тәрбие.

    1. Қайта өрлеу дәуіріндегі (Х1-Х111 ғ.ғ.) мектептердің дамуы.

Негізгі ұғымдар: монастырлық, кафедралық мектептер, гуманистік педагогика.

Ортағасырлық дәуiрдiң басы Батыс Еуропадағы Рим империясының құлауымен байланыстырылады. Оны даму кезеңдерi: Ү- Х ғасыр ерте ортағасыр, ХI-ХIII ғ.ғ. дамыған ортағасыр, яғни Қайта өрлеу дәуiрi деп бөлiнедi.

Ерте ортағасырдағы шiркеу мәдениетiнiң дамуы жүйелi бiлiм беру iсiнiң мектептiң пайда болуына тiкелей ықпал жасады. Бұл кезеңдегi бiлiмнiң ұстаған бағыты шiркеудiң догмалық идеяларын тарату болады.

Бiрiншi рет шiркеу оқу бағдарламасын дайындау қажеттiлiгiн, онда христиан дiнiнiң қағидаларын оқыту мәселесiн көтерген философ және кейiнгi антикалық дiнтанушы Аврели Августин (Блаженный 353-430 ж.ж.) едi.

ҮII ғасырдың басында Ұлыбритания мен Ирландияда монахтардың белсендiлiгi арқасында алғашқы шiркеу мектептерi ашылды. Монастырьлық мектептерде бiлiм мазмұны Августиннiң шығармалары негiзiнде құрылды. Сонымен бiрге монастыр жанындағы мектептерде ежелгi қолжазбалар сақталғандықтан, олар оқу құралдары ретiнде пайдаланылды. Оның бiлiм бағдарламалары әлемдiк бiлiмдермен толықтырылып христиан дiнiн уағыздауға көмегi тиетiн пәндер: тiлдердi игеру, тарих, диалектика, риторика, математика негiздерi оқытылды.

Мектептерде А.Августиннiң философиялық iлiмдерiмен қатар, христиан дiнiне сай келетiн Платон және оның шєкiрттерiнiң шығармалары оқытылды.

Ерте ортағасырдағы (Ү-Х ғ.) монастырьлық және кафедралдық мектептердегi адамгершiлiк тәрбиеге ерекше назар аударылды. Дiни тақырыптарға байланысты сұрақ-жауап түрiнде әңгiмелесу, дiни шығармаларды оқу, дiндi уағыздау басты орын алды.

Ерте ортағасыр мектептерiндегi оқыту үш түрлi негiзгi деңгейге бөлiндi: бес жыл бойы бастапқы деңгейде - оқу, жазу, есептеу, ән айту пєндерi оқытылды, орта деңгейде латын грамматикасы, риторика жєне диалектика; жоғары деңгейде “жетi ерiктi өнер” және арифметика, геометрия, астрономия, музыка пәндерi оқытылды.

Монастырлық мектептердiң шарықтау шегi ғасырдағы франк королi Ұлы Карлдың басқару кезеңiмен ұласады, оның жарлығымен әр шiркеу жанынан мектептер ашылды.

Монастырьлық мектептерде антикалық, эллиндiк, римдiк дәуiрлердегi классикалық шығармалар оқытылды. Сөйтiп, Ұлы Карлдың басқару кезеңi тарихқа Ренессанс кезеңi деп ендi.

Қайта өрлеу дәуіріндегі мектептердің дамуы. ХI-ХIII ғасырларда антикалық даму бағытының өзгеруi дамыған ортағасыр кезеңiнде Батыс Еуропада саяси орталықтанған билiк монахтардың қолдарында шоғырлануына байланысты болды. Қоғамның саяси және рухани өм тiршiлiгiнде дiни философияның жаңа түрi схоластика өмiрге ендi. Схоластика Аристотельдiң формалды логикасына және құдайға табынуға бағдарланған мәдениеттiң жаңа типiн жасауға ұйтқы болды. Бұл бағдардың тұрақтануында басты рөл атқарған белгiлi философ және дiндар Фома Аквинский (1225-1274 ж.ж.) болатын.

Ол өзiнiң шығармаларында шiркеу дәстүрiне жаңаша сипаттама беруде, бiлiмдi құдайға сенумен ұштастырғанда Аристотельдiң этикасына сүйендi. Көптеген жылдар бойы Ф.Аквинскийдiң шығармалары жоғары типтi еуропалық мектептерде құдайға құлшылық ету пәнiн оқытуда негiзгi құрал ретiнде пайдаланылды.

Схолостиканың дамуы және оған оқу орындарының бейiмделуi шiркеу мектептердегi бiлiм беру дейгейiн әлсіретті, оларда оқылатын грамматика мен риторика пәндерi формалды логикамен жаңа латын тiлдерiмен алмастырып, сабақ кестесiнен ығыстырылып шығарылады.

Мектептердегi оқу 6-8 жылдарға созылып, алғашқы екi жылда оқушылар аздап философияны оқыса, келесi екi жылда құдайға құлшылық ету, шiркеу тарихы мен құқығы, қалған екi жылда құдайға табыну тереңдетiле оқытылады. Тыңдаушылар 13 жыл оқудан кейiн бакалавр дәрежесiн алып, одан әрi құдайға табыну магистрында оқуларын жалғастырды.

Ортағасырлық университеттер бiрнеше заң, медициналық және құдайға табыну факультеттерден құралды, жоғары бiлiмдi ғалымдарды даярлап, оларды өздiктерiнен бiлiмдерiн жетiлдiруге, ғылымды дамытуға үлес қосуға талаптандырды.

Дүниежүзi мәдениетi мен педагогикалық ойлардың тарихында ерекше орын алатын кезең кейiнгi Еуропалық ортағасыр гуманистiк идеяларды дәрiптеген Қайта өрлеу дәуiрi ( басы ХIҮ ғ. аяғы ХҮII ғ. басы).

Еуропаның зиялы қауымы жер бетiндегi басты құндылық адам, адамның бойындағы жақсы қасиеттердi дамыту үшiн тәрбиенiң жаңа формалары мен өдiстерiн пайдалану қажет деп есептедi. Қайта өрлеу дәуiрiнiң жаңа идеологиясы әрбiр адам өзiне сенiп, өзiнiң күш-қуатына, ақыл-парасатына сүйенуi тиiс деген пiкiрдi ұстанды.

Гуманистiк педагогика көптеген мемлекеттердiң ұлттық сана-сезiмдерiнiң оянуына байланысты тамырын кең жая бастады. Педагогикалық ойлардың жандануына объективтiк жағдай

- өнер, әдебиет, ғылыми бiлiмдердiң қарқынды дамуы бiрден-бiр себепшi болды. Мәдениет пен бiлiмнiң кеңiнен тарауы ХҮ ғ. орта шенiнде қоғамды кiтап басуға, өнертапқыштыққа бет бұрғызды.



Гуманистер антикалық Греция мен Римнiң мәдениетi мен бiлiм беру дәстүрлерiн қайта жандандыруға, оларға ұқсап бағуға ұмтылған гуманистер өз мезгiлiн “Қайта өрлеу” деп атады. Сондықтанда Италияның өзiн де еуропалы қайта өрлеу бесiгiне жатқызамыз .

Қайта өрлеу дәуiрiндегi италяндық гуманистердің бiрi Томазо Кампанелла (1568-1639) болды. Ол жазған бiрнеше трактаттарының iшiндегi педагогикалық мәселелердi көтерген еңбегi “Күн қаласы” атты шығарма болатын. Оның басты педагогикалық идеясы кiтапты жаттау емес, кең энциклопедиялық бiлiмдiк, баланың табиғи ерекшелiгiн ескеру, бейiмiн арттыру делiндi.

Күн балалары ғылыммен айналысып, тарихты зерттеп, дәсү‰р мен әдет-ғұрыпты ұстаулары тиiс. Күн қаласы балаларды әсемдiктi, адамдағы табиғи сұлулықты, өнерге деген сүйспеншiлiктi тәрбиелеуге бағыттайды. Мақсатты тәрбиелеудiң арқасында күн балалары дене- күшi мығым, сырт пiшiнi сымбатты болды. Мемлекеттi басқару iсiне Кампанелла өте бiлiмдi алғыр, алдын болжай алатын азаматты тартуды ұсынды.

Француздардың қайта өрлеу дәуiрi өкiлдерi - белгiлi ағартушылар Франсуа Рабле (1494-1553) жєне Мишель Монтень (1553-1592) педагогикалық ойлар мен мектеп практикасын дамытуға мол үлес қосты. Мысалы, Ф.Рабле ортағасырлық тәрбие және бiлiм жүйесiн қайта сынады, гуманистiк тәрбиенiң мұратын жоғары бағалай келiп, оның мақсаты жеке тұлғаны рухани және дене күшiн дамыту жағынан жан-жақты болуы керек деп есептейдi.

Ф.Рабленiң “Гаргантюа” романындағы кейiпкерi Гаргантюаны күштi, жан-жақты тәрбиеленген және бiлiмдi адам ретiнде қалыптастыруға тєрбиешiсi мүмкiндiктердiң бәрiн қолдануға ұмтылады, кiтап оқытып, оның мазмұнын талдау әңгiме түрiнде жүргiзiлiп, Гаргантюаның адамгершiлiк сана-сезiмiн оятуға талаптанады. Ол латын тiлiн, арифметика, геометрия, астрономия, музыканы оқытуды ойын түрiнде ұйымдастырады. Оқу сабақтары ойынмен алмастырылып, роман кейiпкерi таза ауада дене шынықтырумен және гимнастикамен айналысады. Сонымен бiрге ол атқа мiну, қылыштасу, күресу, жүзу және салмақ көтерумен арнайы жасалған кесте бойынша шұғылданады, кешкi мезгiлде аспан әлемiн қадағалап, жұлдыздардың орналасу тәртiбiне көз салады. Жауын-шашынды күндерi отын жарып, үй шаруашылығымен айналысып немесе қолөнершiлердiң еңбегiмен және саудагерлердiң тiршiлiгiмен танысады.

Ал Мишель Монтень “Тәжiрибе” деген еңбегiнде адамды ең жоғары құндылық және өзiндiк жеке-дара табиғи ерекшелiгiмен сипатталынатын тiршiлiк иесi деп санаған. Ол тәрбие мен оқыту қалай ұйымдастырылуы керек? деген сұраққа жауап iздеп, мектепте оқушы көп сөйлесiн, ал мұғалiмнiң көп тыңдағаны дұрыс дейдi. Оқушы айналасын, қоршаған дүниенi зерттеп тексерсiн, тек тыңдаумен тынбасын қоршаған ортамен байланысын кеңейтiп, оқыту барысында рухани құндылықтармен таныссын, мiнез-құлқын тәрбиелеуге ынталы болсын деген пiкiрдi ұсынады. Қайта өрлеудегi гуманистiк-педагогикалық қозғалыстар Италия мен Франциядан басқа Еуропалық елдерге тарады.

Гуманистiк қозғалыс ХҮI ғасырда Батыс және Орталық Еуропада реформациялау қоғамдық қозғалысы кең етек жайды, бұл қозғалыс римдiк-католик шiркеу идеологиясына қарсы күрес жүргiздi. Реформаторлар ұстанған бағытта әсiресе адам табиғаты мен оны тәрбиелеу жолдарын қарастыруда қайта өрлеу гуманистерiн көзқарастарынан елеулi өзгешелiктер болды.

Реформаторлар адамның жеке-даралығын, дербестену ұстанымын дәрiптедi, оның “өзiндiк” қасиетiн дамытуға, соның iшiнде құдай алдындағы жеке жауапкершiлiк мiндетiн тәрбиелеуге назар аударуды талап еттi. Реформаторлардың қайта өрлеу өкiлдерiне жақындығы, адамды тәрбиелеудегi талпыныстарының бiрегейлiгiнде бұл жастардың ұлттық мәдениетке, тiлге, әдебиетке сүйспеншiлiктерiн көтеру және әлемдiк деңгейде бiлiм алуына қолдау талаптарынан байқалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет