1 дәріс. Педагогика


Қазақстандағы мектеп түрлері, оларға қысқаша сипаттама



бет51/51
Дата13.12.2019
өлшемі0,78 Mb.
#53594
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
Дәрістер

Қазақстандағы мектеп түрлері, оларға қысқаша сипаттама.


Қазақстандағы жаңа типті мектеп түрлері: 1) жалпы білім беретін мектеп; 2)гимназия; 3)лицей; 4) шағын жинақталған мектеп.

  • жалпы білім беретін мектеп, ол негізгі және қосымша жалпы білім беретін үш сатылы (бастауыш, негізгі, жоғары) бағдарламаларды жүзеге асырады; жалпы білім беретін мектеп, шағын мектеп болуы мүмкін, яғни оқушылар санының аздығына сәйкес, қосылған сыныптар жұмыс істейді;

  • гимназия негізгі және қосымша оқыту бағдарламасын жүзеге асырады, оқушылардың қабілеті мен икемділігіне байланысты арнайы, терең, кәсіптік оқытуды көздейді;

  • лицей кәсіптік бағытталған оқушыларды оқытуды жүргізетін, негізгі және қосымша бағдарламаларды жүзеге асырады, бастауыш және орта кәсіптік оқыту.

  • шағын жинақталған мектеп сынып жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп. Шағын жинақталған мектептің ерекшелігі мұғалімнің қызметіндегі көп пәнділік, мектеп басшыларының әкімшілік міндттерді қоса атқаруы болып табылады. Шағын жинақталған мектептердің негізгі құрылымдық компоненті –бір ғана оқытушы басқаратын жинақталған сыныптар.

Мұндай жаңа типті мектептердегі, мектеп кеңесінің шешімімен жаңа перспективалық бағыттар жөнінде мектеп директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары қызметі енгізілуде. Мысалы, сондай жаңа қызметтің бірі-мектеп директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары жоғары оқу орындарының ғалымдары, оқытушыларымен, ғылыми орталықтармен байланыс орнатып, оларды мектептегі педагогикалық жұмысқа тартады, мұғалімдердің тәжірибе- эксперименттік жұмыстарына көмектеседі.

Жаңа типті мектептердегі оқу-тәрбие беру жүйесінің қызметін ұйымдастыруда әлемдік тәжірибеге сүйенеді. Оқыту процесіндегі субьектілердің (білім беру жүйесінің қызметкерлері, оқушылар мен тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары) әлеуметтік кепілдері мен олардың құқықтары, міндеттері ескерілген.

Білім беру мекемелерінде педагогикалық қызметпен айналысуға, тек соған сәйкес білімі бар азаматтар ғана құқылы. Олар кәсіби қызметін жүргізуге жағдай жасауды талап етуге, білім берудің мемлекеттік стандарттарын сақтай отырып, педагогикалық қызметтерінің әдістері мен түрлерін еркін таңдауға, ғылыми зерттеулердің бағыты мен олардың нәтижесін педагогикалық тәрбиеде қолдауға құқылы.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар


  1. Білім берудің мемлекеттік стандарты дегеніміз не және оған қандай талаптар қойылады?

  2. Қазақстандағы білім жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттарын атаңдар.

  3. «Білім туралың заңдағы типтік мектептерді қолдау.

Ұсынылған әдебиеттер


  1. Мемлекеттік «Білім» бағдарламасы. Алматы,2000.

  2. Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты. Алматы,1998.

  3. Қазақстан Республикасының «Білім туралың заңы. Алматы, 2000. Қазақстан Республикасының Ата заңы, 1995.

  4. Основы школоведения. Караев Ж.А., Шахгулари В.А., Иманбаева С.Т. Алматы, 2006.

  5. 12 жылдық мектептің білім беру тұжырымдамасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет