1 дәріс. Педагогика


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет49/51
Дата13.12.2019
өлшемі0,78 Mb.
#53594
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
Дәрістер

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар


1.Тұлғалық бағдарлы технологияның құрамды элементтерін атаңыз.

2. Дәстүрлі және дамыта оқыту, тұлғалық бағдарлы білім беру жүйелеріндегі ерекшеліктер неде? 3.Қандай технологиялық көрсеткіштерді білесіз?

4. Тұлғалық бағдарлы білім беру моделінің құрылымы қандай? 5.Мұғалім тұлғалық бағдарлы үдерісті қалай жобалайды? 6.Педагогикалық ситуацияларды құрудың екі негізі қандай?

7.Тәрбиелік жағдаяттағы жеке тұлғаның субьекттілену деңгейлері қандай? 8.әрбиеде интерактивті әдістерді қолданудың маңызын түсіндіріңіз.

9. Тақырыптық топтық пікірсайыс технологиясының мүмкіндіктерін атаңыз.



  1. .Имитациялық ойынға жатпайтын нақты жағдаятты талдау технологиясының негізгі белгілері қандай?

  2. .Мимен батыл әрекет ету әдісінің жетістіктері мен кемшіліктері қандай? 12.Рөлдік ойындар технологиясының негізгі белгілері қандай?

Ұсынылған әдебиеттер тізімі


1.Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. - Алматы “Нұрлы әлем” 2003.

  1. Педагогика: көрнекі дәрістер жинағы. –Алматы, 2009.

  2. Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Педагогика. М.: Асадема 2003

  3. Майғаранова Ш.М.,т.б. Тұлғалық бағдарлы тәрбие технологиясы. –Алматы, 2010.



IV модуль. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін басқару


28 Тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастыру, басқару, мектептегі мұға лімдердің біліктілігін арттыру үшін аттестациялау

Дәріс мақсаты: Мектептің педагогикалық процесін басқарудың теориялық негізін анықтау.

Дәріс жоспары:


  1. Мектептің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселелері.

  2. Әдістемелік басқару жұмысының мазмұны.

3.Педагогикалық процестегі диагностиканың мәні, педагогикалық ақпарат түрлеріне сипаттама.

4. Мектепішілік бақылау жұмысының мазмұны.



5.Аттестациялау (сараптау) маман шеберлігінің деңгейін анықтайтын тәсіл, аттестацияның мазмұны, ұйымдастырылуы, өткізілуі.

6. Мектептегі әдістемелік жұмыстардың түрлері мен әдістері.



Негізгі ұғымдар: басқару, оқу-тәрбие процесін басқару, әдістемелік жұмыс, басқару қағидалары, педагогикалық кеңес, әдістемелік бірлестік.

Мектепті басқарудың басты мәні-педагогтардың оқыту мен тәрбиеде ең жақсы нәтижеге жету мақсатындағы оқушылар мен олардың ата-аналарының іс-әрекетін мақсатты ұйымдастыру. Қазіргі мектептің өзара байланысы бар, ішкі құрылымы және социуммен белгіленетін тұтас әлеуметтік-педагогикалық жүйе. Ол өзара тығыз байланысты екі жүйеден тұрады: басқарушы және басқарылушы. Бұл қазіргі кез-келген оқу-білім, тәрбие беру мекемесінің алдына өмірдің өзі қойып отырған міндеттерді жүзеге асыру бойынша барлық жұмыстың басты ұйымдастырушысы ретіндегі мектеп директорының тікелей басқару іс-әрекетінде көрінуі қажет.

Мектеп директорының ұйымдастыру іс-әрекеті процесінде мынадай қызмет түрлері орындалады:

- мақсаттар айқындау ( жүйенің, әр кезеңдегі соңғы нәтижесін саралап, ой-санада нақтылау; жоспарлау (мектеп жұмыстарының барлық бағыттары бойынша әр жылға жоспар түзу); ұйымдастыру ( қызмет бабындағы міндеттерді әділ бөліп, бағыну мен жауапкершілік жүйесін қалыптастыру); реттеу (қабылданған шешімдерді іске асыру мақсатында әрқилы бағыттағы түрлі қызмет жүйелерінің іс-әрекеттерін үйлестіру), ынталандыру (шығармашылық істерге, ғылыми- зерттеу жұмыстарына, инновациялық жобаларға қатыстыру үшін жағдайлар жасау; мұғалімдердің рухани бірлік сезімін қалыптастыру, олардың әлеуметтік белсенділігін көтеру; жетістіктеріне сәйкес бағалау және мадақтау); қадағалау (талдау және жаңа міндеттерді белгілеу үшін көзделген жоспарлардың орындалуы жөнінде уақтылы ақпараттар алып тұру); педагогикалық талдау (оқу процесін, тәрбие жұмыстарын, білім мекемесінің материалдық қорын, қаржы-экономикалық жағдайын, педагог мамандар мен тәрбиеленушілер құрамын жетілдіруге байланысты зерттеулер мен талдаудар, нақты қорытындылар жасап, ұсыныстар беру).

Мектеп директорының басшылық қызметі, оқу-тәрбие жұмысы мен сапасы үшін арнайы жауапкершілігі бар. Мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасарының қызметі мен міндеттері: мектептегі сабақтарды және оқыту процесіндегі тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру; оқу бағдарламаларының орындалуын, сабақтардың барысы мен оқушылар үлгерімінің сапасын бақылау; әртүрлі пәндер бойынша сыныптан тыс оқу жұмысын ұйымдастыру (пәндік үйірмелер, қоғамдар, олимпиадалар, жарыстар, т.б.), оқушылардың оқу көлемін реттеу; мектептің оқу-тәрбие жұмысын талдау және педагогикалық ұжым іс-әрекетінің нәтижелері туралы сандық және жазбаша есеп беру; оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру мәселелері бойынша білім беру департаментінің нұсқауларын жүзеге асыру мен олардың орындалуын бақылау; оқу-тәрбие жұмысының сапасын жоғарылату үшін алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені қорыту мен енгізу; мұғалімдердің пәндік әдістемелік комиссияларының (секциялары) жұмысына басшылық ету.

Мектепті жаңарту мен тың өзгерістер енгізуде, оқу-тәрбие жұмысын алға қоюда жоғарыда аталған қызмет міндеттерін орындау үшін мектеп директоры мен оның оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасарының жоғары педагогикалық білімділігі, адамгершілік мәдениеті, жұмыста іскерлік пен жауапкершілік көрсетулері, оқыту мен тәрбиені жетілдірудің тәсілдері мен шығармашылық әдістемесіне ие болуы керек.

Әдістемелік басқару жұмысының мазмұны. Әдістемелік жұмыс әрбір мұғалімнің, тәрбиешінің, оқу мекемесі басшысының, білім беру жүйесінің басқа да қызметкерлерінің

педагогикалық мамандық дәрежесін және кәсіби шеберлігін көтеруде ғылым және озат педагогикалық тәжірибе жетістіктеріне, оқу-тәрбие жұмысының нақты талдауына негізделген, тұтас педагогикалық ұжымның теориялық мүмкіндігін дамыту мен көтеруге және оқушыларға нақты білім мен тәрбие берудің үйлесімді деңгейіне жетуге бағытталған өзара байланысты шаралар мен қызметтердің жүйесі.

Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастыру формалары бірқатар факторларға байланысты өзгеріп, жаңарып отырады, олардың негізгілері:

  • мемлекеттің білім беру саласындағы саясаты, заң актілері мен құжаттары;

  • мұғалімдердің педагогикалық мәдениетінің деңгейі, оларды жеке тұлғалық және кәсіби- қызмет көрсеткіштерінің диагностикалық өлшеуімен анықталған әдістемелік сауаттылығы;

  • мектеп ұжымындағы моральдық-психологиялық жағдай, әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың материалдық-технологиялық мүмкіндіктері

  • мектеп ішіндегі педагогикалық тәжірибені зерттеу, мұғалімдердің жаңашылдық белсенділігі,

  • мектеп басшыларының әдістемелік жұмысқа басшылық жасаудағы кәсіби дайындығының деңгейі т.б.

Әдістемелік жұмыстың мазмұны мынадай бағыттар бойынша нақтыланады:

мұғалімнің жалпы мәдени дайындығы; кәсіби-адамгершілік мәдениеті; жалпы мәдениеттілігі; зерттеушілік мәдениеті; диагностикалық мәдениеті; басқару мәдениеті.

Мектеп директорының басшылық қызметіне, оқу-тәрбие жұмысы мен оның сапасы жөніндегі арнайы жауапкершілік жүктеледі. Ал, мектептің педагогикалық ұжымына әділ басшылық ету, кадрларды дұрыс таңдау, мұғалімдердің кәсіби, ғылыми-теориялық педагогикалық деңгейін көтеруге, шығармашылық белсенділігіне мүмкіндік жасау, оқу-тәрбие процесінің барысын, сыныптан тыс жұмыстардың мазмұнымен танысу, мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру бағытында мұғалімдер мен оқушылардың қоғамдық ұйымдарымен іскерлік ынтымақтастық қарым- қатынас жасау және т.б. жұмыс түрлері директор қызметінің тікелей міндеттері болып табылады. Мұғалімдердің әдістемелік, жаңашылдық іс-әрекетке қатысуы, болашақта жеке педагогикалық жүйенің, іс-әрекеттің қалыптасуына жағдай туғызады. Жаңашыл педагогтар тәжірибесі, ең алдымен, оқыту әдістемесіне ғылыми оқытудың нақты бір бағытынан және оны жүзеге асырудың технологияларына үлес қосады.

Жекеленген басқарым инновацияларының жиынтығы мектепті басқарудың жалпы инновациялық процесін құрайды, ал ол өз кезегінде аудан, аймақ, республикалық білім жүйесінде жүріп жатқан кең ауқымды инновациялық кешендердің құрамынан орын алады.

«Инновация» термині жаңашылдық, өзгеріс, қандай да бір жаңалық ендіру дегенді білдіреді. Педагогикалық процеске байланысты бұл түсінік оқу және тәрбие жұмыстарымен мұғалім және оқушының бірлікті іс-әрекеттерін ұйымдастыру мақсаттарына, мазмұнына, әдістері мен формаларына енген, болашақта енетін жаңалықтардан хабардар етеді.

Қоғам, мәдениет және білімнің бүгінгі даму жағдайында педагогикалық іс-әрекеттегі инновациялық бағыттардың қажеттігі мынадай шарттардан туындап отыр:

- әр текті оқу орындарындағы білім беру жүйесінің, әдіснамасының және оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру технологияларының жаңалануы; білім мазмұнының күшті адамилық (гуманизация) сипат алуы; оқу пәндері көлемінің үздіксіз өзгеріп отыруы; оқудың жаңа ұйымдастыру формалары мен технологияларын ұдайы іздестіруді қажет ететін жаңа оқу пәндерінің енгізілуі; мұғалімдердің педагогикалық жаңалықтарды меңгеруі мен қолдануының өзіне болған қатынастар сипатының өзгеруі; жалпы білімдік оқу мекемелерінің нарықтық экономикаға бет бұруы; жаңа оқу орындарының арасында мемлекеттік емес білім ордаларының құрылуы.



Күнделікті тәжірибеде инновациялық процестер сипаты күтілген нәтижелер мазмұнымен, енгізілудегі ұсыныстардың күрделілік және тыңғылық дәрежесімен, сондай-ақ мектеп мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетке дайындық дәрежесімен анықталады.

Білім мекемелерінің құқықтық мәртебесіндегі, басқару нысандары жағдайы мен міндеттеріндегі күрделі өзгерістер басқару қызметтерінің жаңа түрлерін өмірге әкелді, олар: мектептің іс-шаралар жүргізуге байланысты құқығы мен оған қатысты басқару нысандары аясының кеңеюі; бұл процестің басқарушылық санадан орын алуы; біртұтас жаңа басқару нысандарының (мектептердің жаңа типтері); түрлері,жобалары) немесе олардағы байланыстар мен қатынастардың туындауы не туындау мүмкіндігі; әлеуметтік тапсырыс және жаңа табыс келтіру көзі-мектеппен байланысты сырттай ортаның көзге түсер сапалық өзгерістерге келуі.

Басқару қызметтерінің арасында инновациялық процестерді басқару және оларды бұдан былай

дамыту мақсатындағы арнайы қызметтер салаларының (сапа менеджменті, білім маркетингі, мектеп психодиагностикасы және т.б.) пайда болуы-бүгінгі оқу-тәрбие орындарындағы жаңа құбылыстар. Бұл орайда білім ордасы өзінің барлық іс-тәжірибесінің нәтижесін тек оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы табыстарымен ғана байланыстыруы тиіс.



Мұғалімдердің кәсіби дайындығын жетілдіру жүйесі сараптау (аттестация)-педагогтар мен мектеп басшыларының біліктілігін көтерудің аса маңызды тиімді тәсілі болып есептеледі.

Аттестацияның мақсаты- кәсібилік деңгейді көтеруге ынталандыру, оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру, шығармашылық ынтасын дамытып, нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында жекелеген еңбек жалақысын беру жолымен педагогтардың әлеуметтік қорғанысын қамтамасыз ету. Кәсібилік деңгейіне сәйкес педагогтың біліктілік категориясын тағайындау да осы сараптау қызметінің нәтижесі болып табылады.

Аттестацияның принциптері: еріктілік, жариялылық, жүйелілік және тұтастық, шынайылық.

Мұғалімдерді сараптауда педагогикалық еңбектің бағамы-оның нәтижелілігі және оқу-тәрбие процесінің сапасы есепке алынады. Ол әр бес жылда бір рет педагогтың өзі таңдаған біліктілік категориясы көрсетілген жеке өтінішіне орай өткізіледі. Біліктілік категориясын иемденуге байланысты өз сараптау мүмкіндіктерін мұғалімдердің өздері анықтайды, олар сараптау формаларын таңдауға құқылы: дәрістер топтамасын көрсету, сыныптан тыс оқу жұмыстарымен таныстыру, белгілі бағдарлама бойынша «емтиханң, (әңгімелесу) не шығармашылық есеп, ғылыми- әдістемелік немесе тәжірибе-эксперименттік жұмысты қоғау және т.б.

Кей жағдайда педагогтың нақты біліктілік деңгейі мен оның тағайындалған қызметіне сәйкестігін анықтау үшін сараптау жұмысы әкімшіліктің, мектеп кеңесі мен педагогикалық кеңес ұсынысымен де өткізілуі мүмкін.

ҚР Білім және ғылым министрлігі бұйрығына орай қабылдаған «Мемлекеттік және жеке меншік білім мекемелерінің педагогикалық және басқару қызметкерлерін сараптау жөніндегі Ережелерінең сәйкес үш түрлі сараптау комиссиясы құрылады:

  • бас сараптау комиссиясы республикалық деңгейдегі басқару органы тарапынан ҚР, облыстар құрамында құрылады;

  • аудандық (аймақтық) не қалалық комиссия-жергілікті жердегі білім басқармасы тарапынан ұйымдастырылады;

  • білім мекемесіндегі сараптау комиссиясы- оның педагогикалық кеңесі ұсынысымен құрылады.

Әр комиссия мәселені өз құзырына сай шешеді. Сараптау комиссиясының қабылдайтын негізгі шешімі-біліктілік категориясын тағайындау. Қазіргі кезде сараптау Ережелеріне орай үш біліктілік категориясы белгіленген:

  • ең жоғары, оны бас сараптау комиссиясы белгілейді;

  • бірінші, оны аудандық (аймақтық) не қалалық комиссия тағайындайды;

  • екінші категория мектептің сараптау комиссиясы тарапынан беріледі.

Сараптаудың табысты болуы оның ұйымдастыруымен, қойылатын талаптар туралы қажетті ақпараттың нақтылығымен, қорғау және эксперттеу әрекеттерімен, іскерлік және көңілге қонымды жағдайлардың жасалуымен байланысты келеді. Мұғалімдерді сараптау қорытындысы мектеп жұмысының стратегиясы және тактикасын белгілеуде маңызды роль атқарады.

Мектептегі әдістемелік жұмыстардың түрлері мен әдістері. Әдістемелік жұмыс- педагогикалық кадрлардың олардың идеялық, ғылыми-теориялық, кәсіби әдістемелік және мәдени деңгейін көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жекедара жүйелік жұмысынан құралған күрделі шығармашылық. Ол оқу-тәрбие процесін басқарудың, педагогтарды жоғары әдістемелік мәдениет пен өз еңбегінің сапасы мен нәтижесі негізінде тәрбиелеудің маңызды амал-тәсілі болып табылады. Әдістемелік жұмыс мұғалімнің білім беру тәжірибесіндегі оқушылардың танымдық, ойлау әрекетін белсендіретін, терең білім, білік және дағдыларды қалыптастыратын ұтымды және нәтижелі әдістерді шығармашылық түрде меңгеру.

Мектептегі әдістемелік жұмыс педагогикалық мәдениетті көтерудің шарты. Мұғалімнің кәсіптік дайындығы оның педагогикалық жоғары оқу орнын бітіруімен аяқталмайды, ол мұғалімнің кәсіптік қызметінің бүкіл кезеңін қаитиды. Сонымен бірге мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз көтеріп отыруы оның шығармашылық қабілетін дамытуды және дербес педагогикалық тәжірибесін үнемі дамытудың шарты болып табылады. Егер мұғалім қоғамдық ортада белсенді позиция ұстанып, оның дербес тәжірибесі әлеуметтік және педагогикалық тәжірибемен кірігіп, педагогикалық ұжымның қолдануға ие болып, кәсіптік шығармашылық ізденісі көтермеленіп отырса, мұғалімнің кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық мәдениетінің артуы барынша жемісті болады.

Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру жоспарына сәйкес олар бес жылда бір рет мұғалімдер біліктілігін көтеру институттарында немесе педагогикалық жоғары оқу орындарының арнаулы факультативтерінде арнайы дайындықтан өтуі тиіс. Мұндай жағдайда мектепте арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыстардың жүйесі мұғалім үшін баға жеткіліксіз көмек болып табылады.

Әдістемелік жұмыстар дербес және жеке ерекшеліктер ескерілген жағдайда мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік дайындығын жетілдіруге деген сұранысына жауап бере алады. Ал, әдістемелік жұмыста жеке ерекшеліктерді ескеріп жүргізу, бірқатар субъективті, объективті алғышарттарға байланысты. Ең бастысы мұғалімнің ғылыми-әдістемелік дайындығын жетілдірудегі өмірлік және кәсіптік бағдары, кәсіптік деңгейі мен тәжірибесі ескерілуі тиіс. Мектептің әдістемелік қызметінің озық тәжірибелері мен дәстүрлерін сақтау мен дамытудың да маңызы зор.

Мектептегі әдістемелік жұмысты басқару оның міндеттері, мазмұны және ұйымдық негіздің директоры, оның орынбасары ғана емес, мұғалімдер де нақты ұғына алғанда барынша тиімді болады. Ал, мектептегі әдістемелік жұмыстардың жалпы міндеттерін былайша тұжырымдауға болады:

  • мектептік педұжымның педагогикалық тәжірибесін жүйелі түрде зерттеу, жинақтау және тарату;

  • педагогика ғылымының жетістіктерін жұмысқа қолдану қызметінде инновациялық бағыттылықты қалыптастыру;

  • мұғалімдердің теориялық (пәндік) және психологиялық-педагогикалық дайындық деңгейін көтеру;

  • жаңа оқу бағдарламаларын, жоспарларын, мемлекеттік білім стандарттарын оқып, үйренуді ұйымдастыру;

  • оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиясы, түрлері мен әдістерін байыту;

  • жаңа нормативтік құжаттар, нұсқау-әдістемелік материалдармен танысуды ұйымдастыру-жас мұғалімдерге, пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілері мен тәрбиешілерге;

  • педагогикалық жұмыста белгілі бір қиындыққа кезіккен мұғалімдерге;

  • педагогикалық білімі жоқ мұғалімдерге және т.б;

  • мұғалімдердің кеңес беру;

  • жалпы кәсіптік-педагогикалық мәдениет деңгейін көтеру.

Мұғалімнің әдістемелік жұмыстарының мазмұнын кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің құрамды бөліктерін ескере отырып айқындау қажет. Олар:

  • мұғалімнің жалпы мәдени дайындығы;

  • әдістемелік, тәрбиешілік, зерттеушілік, кәсіптік-адамгершілік, басқара білу мәдениеті.

Әдістемелік жұмыстың мазмұны кәсіптік-педагогикалық мәдениеттің әрбір бағыты бойынша нақтыланып, бірнеше ұзақ мерзімдік зерттеудің нысанына айналуы тиіс. Мұғалімнің әдістемелік, инновациялық жұмысқа қатысуы соңғы нәтижеде оның жеке педагогикалық жүйесінің, дербес педагогикалық жұмыс стилінің қалыптасуына ұласады.

Мектептегі әдістемелік жұмыстардың түрлері: пәндік әдістемелік бірлестіктер, мектептегі бірыңғай әдістемелік күн, проблемалық семинарлар мен практикумдар, жас мұғалім мектебі, озат тәжірибе мектебі, мұғалімдермен дербес жұмыс жүргізу, ашық және үлгілі сабақтар өткізу, ғылыми- педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқу, рөлдік, іскерлік және ұйымдық-қайраткерлік ойындар, педагогикалық жағдайды талдау және модельдеу, мұғалімдердің шығармашылық есебі, педагогикалық консилиум және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет