1 дәріс. Педагогика


Өзін-өзі бақылау сұрақтары



бет46/51
Дата13.12.2019
өлшемі0,78 Mb.
#53594
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
Дәрістер

Өзін-өзі бақылау сұрақтары


1.Оқыту процесінде білімді бағалау, бақылау, есепке алудың маңызы қандай?.

  1. Оқыту процесінде білімді бағалау, бақылау, есепке алу тәрбиелік құрал ретінде екенін қалай түсінесіз?.

  2. Кредиттік оқыту жүйесімен оқитын студенттердің білімін бақылау және бағалаудың ерекшеліктері қандай?

Ұсынылған әдебиеттер тізімі


1.Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. - Алматы “Нұрлы әлем” 2003.

  1. Педагогика: көрнекі дәрістер жинағы. –Алматы, 2009.

  2. Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Педагогика. М.: Асадема 2003



№26 Оқушылардың педагогикалық үдерістегі танымдық белсенділігі


Дәріс мақсаты: Жеке тұлғаны дамыту үшін педпроцеске қатысушылардың өзара әрекеттесулерінің маңызды құралы ретінде ұжымдық-танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастырудың қажеттілігін анықтау.

Дәріс жоспары:


  1. Ұжымдық-танымдық іс-әрекет педагогикалық процестің бөлігі.

  2. Оқушылардың ұжымдық-танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері.

  3. Сабақтағы топтық жұмыстарды ұйымдастыру.

Негізгі ұғымдар: Танымдық іс-әрекет, белсенділік, алгоритмдеу, компьютендірлендіру, саралау, (проблемалық оқыту, бағдарламалық оқыту, профильдік оқыту).

Педагогикалық процесс “Педагог-оқушылар” жүйесінің үздіксіз қызметі, бұл жүйенің өзгерісте болатынын білдіруші. Мүмкіндігінше оған қажетті жағдай жасау, орын алып отырған қарама-қайшылықты дұрыс біліп бағыттап отырудың қозғаушы күші. Қарама-қайшылық туындамайынша даму мүмкін емес.

Оқушылардың танымдық іс-әректі адам танымының әртүрлілігі және оқыту процесінің қарама-қайшылықтарымен байланысты болатын жеке қарама-қайшылықтармен сипатталады.

Педагогика ғылымында жинақталған тәжірибе қарама-қайшылықтың қозғаушы күші туралы бірнеше теориялық қорытынды жасалған.

  • қарама-қайшылық үстіріт жасалмайды, ол зерттейтін обьектінің негізінен туындайды, және өзін жүйе деп - педагогикалық процесті нақты жүйе етіп көрсетеді;

  • қарама-қайшылықты белгілі сатылық қалыпта жасау қажет, онда педагог пен оқушының іс- әректі ашып көрсетіледі.

Қарама-қайшылықтар “оқушы (адам)” жүйесінде пайда болып, “адам- адам”, яғни педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеттесуі арқылы шешіледі.

Жеке тұлға әлеуметтік ортаға сіңіп жоғалып кетпейді, педагогикалық процестің мақсаты әр оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Оқу тәрбие процесінде қарама-қайшылықтарды оқушыны оқу танымдық біліктерге үйрету арқылы шешу қиыншылықтарды жою үшін оған мұғалімнің көмегімен құрбылары мен қарым-қатынас қажет болғандықтан, мұғалімнің оқушылармен, ал оқушылар бір-бірімен ынтымақтаста болуы қажет.

Ұжымдық-танымдық іс-әрекеттер - әлеуметтік тәжірибені игерудегі мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті. Ұжымдық-танымдық іс-әрекеттің оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға оқу процесінің қарама-қайшылықтарын шешуде мүмкіндігі мол.

Мысалы: Сабақта жеке-жеке жүргізілген жұмыстарда оқу материалының 60-70 % меңгерілсе, ал өзара әректтесуі арқылы 80-90 % меңгеріледі (А.Синицкая). Оқушылардың өзара әрекеттестігі нәтижесінде оқушылардың танымдық белсенділіктері, ізденімпаздықтары артатыны тәжірибеден көрінуде, сонымен бірге ұжымдық психологияның қалыптасуына да көмектеседі. Ұжымдық- танымдық іс-әрекет тұлғаны дамытуда болатын қарама-қайшылықтарды шешудің де құралы болып табылады.

Ұжымдық-танымдық іс-әрекеттің сабақта және сабақтан тыс уақытта жүргізілетін түрлері болады, іс-әрекет оқушыдан белсенділікті талап етеді. Оқушының әртүрлі танымдық іс-әрекетте, әртүрлі жағдайда дамиды.

Оқыту процесі мұғалімнің бір мезгілде барлық оқушыларды бірдей оқытуы болғанымен, негізінен ол оқушының жеке дара жұмысы. Жеке дара жұмыс оқушыларды білім алуға ынталандырады, тәртібін күшейтеді, оқуға ықыласын арттырады.

Ал топтық жұмыс, оқыту процесін байытады, оқу жұмысын даралауға жол ашады, дидактикалық, тәрбиелік міндеттерді шешеді. Топпен жұмыс істеудің бірнеше түрі бар: бірыңғай топтық жұмыс және сараланған топтық жұмыс.

Бірыңғай топтық жұмыста барлығы бірдей тапсырма орындайды, ал сараланған жұмыста берілген тақырып бойынша әртүрлі тапсырмалар орындалады. Ғалымдар зерттей келе, бес оқушыдан құралған топтар тиімді екендігін айтады, оларды орналастыруда да бір-біріне қарама- қарсы отырған оқушылардың арасында белсенді байланыс орнайтындығына көз жетуде.

Ұжымдық оқу жұмыстары әрбір оқушының өзін-өзі көрсетуіне көмектеседі, әрбір оқушының тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет