1 дәріс. Педагогика


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі



бет29/51
Дата13.12.2019
өлшемі0,78 Mb.
#53594
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51
Байланысты:
Дәрістер

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі


1. Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрiстер курсы. - Алматы “Нұрлы әлем” 2003. . 41-57 б.

1. Педагогика. Оқу құралы. - АПУ. Алматы, 2003.



2.Возрастная и педагогическая психология /под.ред. А.В.Петровского. М., 1984.

3. Ковалев С.В. Подготовка старшеклассников к семейной жизни. М., 1992. 4.Крутецкий В.А. Основы педагогической психологии М., 1972.



5.Эльконин А.Б. Возрастные и индивидуальные особенности младших подростков, М., 1974.

Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы Педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізудің әдістемесі


Дәрістің мақсаты: Ғылыми таным әдістері туралы түсінік қалыптастыру, ғылыми- педагогикалық ойлауды дамыту.

Дәріс жоспары:


  1. .Педагогиканың әдіснамалық негіздері.

  2. .Теориялық зерттеу әдістерінің ерекшеліктері, оның маңызы. 3.Эмпирикалық-эксперименттік зерттеу әдістері.

4.Педагогиканың гуманистiк - әдiснамасын негiздеу. Педагогтың әдiснамалық мәдениетi. 5.Педагогикалық зерттеулердiң әдiснамалық принциптерi.

6.Педагогикалық құндылықтар жайлы түсiнiк және оларды жiктеу. Бiлiм беру жалпы адамзаттық құндылық ретiнде.

7. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдiстерi (теориялық, эмпирикалық, эксперименттiк, математикалық).



Негізгі ұғымдар: теория, әдіснама, таным теориясы, теориялық білім, таным теориясы,

әдіс.
Педагогиканың әдіснамалық негіздері. Ғылыми-зерттеу жұмысында қолданылатын

әдіснама, әдіс, теория ұғымдарының бір-бірімен байланыстары және олардың сипаттамасы қандай?

Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты.

Теория - педагогикалық құбылыстардың және кез-келген әдіснаманың негізін құрайды. Ол әдістердің көмегімен ашылған фактілер арқылы кеңейеді.

Теория таным процесінің нәтижесі. Әдіснама - танымға жету және оны құру тәсілі. Әдіснама

теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізінен және әдістер жүйесінен тұрады.



Таным теориясы - тұтас танымдық әрекет процесін және оның мазмұндық негізін зерттейді. Теориялық білім - белгілі бір педагогикалық құбылысты талқылауға, қолдануға және түсіндіруге бағытталған ғылыми көзқарастар, түсініктер мен идеялар жиынтығы.

Теория - педагогикалық іс-әрекеттің зерттеліп жатқан саласының заңдылықтары мен байланыстары туралы тұтас түсінік беретін ғылыми білімді ұйымдастыру формасы. Теория жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту мен қалыптастырудың қалыптасқан тәжірибесін шығармашылықпен қайта құрады. Ол педагогикалық тәжірибені қортындылап, жеке тұлғаның болашақта қалыптасуы мен дамуының жоспарын анықтайды. Теория өзара байланысты білімдер жиынтығы ғана емес, сонымен қатар, ол осы білімдердің белгілі бір зерттеу бағдарламасы түріндегі құралу тетігі. Теориялық білім, зерттеушіге не нәрсені біле алатынын көрсетсе, практикалық білім, оны не істеу керектігіне бағыттайды. Кез-келген теорияның ақиқаттығы болмыстың практикалық өзгерісімен сипатталады.

Практика - теориялық түсінікке қарағанда әлдеқайда кең және күрделі.

Философиялық категориялар педагогика ғылымының дамуына қалай ықпал етеді, материалистік диалектика әдісі қандай қызмет атқарады? Жеке тұлғаның танымдық әрекетінің жалпы заңдылықтарын, оның даму заңдарын қалыптастыру - философия ғылымының мәселесі. Білімді филосо фиялық, аксиологиялық тұрғыдан түсіну, философияға тән ғылыми білім туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал етеді.

Философия білімнің даму сатыларының әдіснамалық негізі, ғылыми білімнің зерттелетін саласына қатысты нақтыланатын диалектикалық-материалистік әдіснаманы негіздейді.

Методология ”грек тілінен аударғанда “әдіс туралы ғылым” деген мағынаны береді.

Сондықтан методология, яғни әдіснама зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі.

Материалистік диалектика объективті шындықты тану әдістері негізінде табиғат, қоғам және адам ойының даму заңдарын негізге алады. Таным әдісі табиғат пен қоғамның объективті заңдарын ашып көрсеткенде ғана ғылым бола алады. Сондықтан ғылыми танымның принциптері мен ұғымдары табиғат- адам- қоғам заңдылықтарының бейнеленуін көрсетеді.

Материалистік диалектика табиғатты үздіксіз қозғалыс пен даму барысындағы біртұтастықтың бірлігі ретінде қарастырып, табиғат және адам тәжірибесі туралы ғылыми деректермен толық сәйкестікте болатынын қарастырады.

“Методология” ұғымының бірнеше деңгейі бар. Методологияның қарапайым анықтамасы танымның ғылыми әдісі. Методолгия - кез келген ғылымда қолданылатын әдістер жүйесі.

Әдіснама екі түрлі қызмет атқарады:

а) практикалық қызметі - зерттеудің құрылымын, логикалық ұйымдасты рылуын, әдісі мен құралын анықтап, педагогикалық шындықты тану құралда рының кешенін қамтып, зерттеу еңбегіне қажетті жағдайлар кешенін, құрал дарын, орындау реті мен бағыттарын анықтайды.



б) ғылыми қызметі - танымның құрылу принциптерін, формалары мен әдістерін, процедураларын қарастыратын ілім. Педагогикалық шындықты өзгертуге қажетті принциптері, әдістері, құралдары, орындалу реті мен бағытын анықтайтын технологияларды қамтиды.

Зерттеушіге білімді қайта құру үшін әдіснамалық дайындық керек, ол алдын-ала әдіснамалық жағдайларды белгілеп, бағдарламалар түзіп, оны іске асыратын әдістер мен зерттеу ретін анықтауы шарт.

Ғылымда әдіснаманың өз иерархиясы бар. Мәселен, жалпы ғылыми әдіснама (материалистік диалектика, таным теориясы, логика), жеке ғылыми әдіснама (түрлі ғылым салаларына арналған), пәндік-тақырыптық әдіснама (дидактика методологиясы, білім беру методологиясы, т.б.).

Ғылымның қазіргі заманғы әдіснамасы: ғылыми теорияларды талдайды; олардың қызметтерін, ғылыми заңдылық тарын, ғылыми теорияларын тексереді; зерттеудің заңдылықтары мен болжамдарын дәлелдейді немесе жоққа шығарады; ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерін таңдап, ғылыми-педагогикалық білімнің қалыптасуы мен дамуын ескеріп, оның қайта құрылуын, теория мен әдістер арасындағы қатынастардың сипатын анықтайды; танымдағы практиканың рөлі мен зерттеу объектісінің өзгеруін айқындайды.

Қазіргі ғылыми-педагогикалық және әдіснамалық зерттеулер ғылыми білімнің жалпы құрылысында ерекше орын алып, диалектикалық материализмнің дамуына белгілі ықпал етеді.

Әдіснамалық зерттеу зерттеушінің ой-пікірін, идеясын, оның танымдық үдерісінің даму жолын белгілейді. Оқыту, тәрбиелеу, дамыту теориялары - педагогика әдістерінің негізгі мазмұнын құрайды. Кез-келген осындай теория, зерттеу әдісі қызметін атқарып, басқа теориялардың құрамды бөлігі болып саналады. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерінің дамып жетілуі, педагогика ғылымның дамуының ең басты құрамды бөлігі болып табылады.

Таным әдістері - қолдану мақсатына, объектіге және пәнге, сонымен қатар зерттеу әрекеттеріне, зерттеу болжамдарын жүзеге асыратын шарттарға сүйенеді.

Зерттеушінің теориялық ойлауы материалистік диалектика әдісіне негізделеді, ол зерттеушіні ғылыми фактілерді жинастыру мен түсіндірудегі субъективті көзқарастың бір жақтылығынан сақтандырып, зерттеу мәселесіне тарихи талдау жасауға, оның даму тенденциясы мен заңдылықтарын табуға, таным мен болмыстағы қарама-қайшылықтарды шешудің тәслдерін ашуға шақырады.

Педагогикалық әдіснама, теорияның негізін құрайтын бірнеше құрамдардан тұрады:- материалдың алғашқы тәжірибелік негізі, теориялық тұрғыдан түсіндіруді талап етеді; бастапқы теориялық негіз - зерттеу объектісін суреттейтін алғашқы болжамнан және теориялық тұжырымдардан тұрады; теорияның логикасы мен құрылымы анықталады; эмпирикалық дәлелдері бар теориялық пайымдаулар жинақталады; педагогикалық теорияны қалыптастырудың әдіснамалық негізі - зерттелетін объект пен оның теориялық моделін сипаттайды; зерттелетін объект - кез-

келген педагогикалық теорияны, оның байланыс тарын, заңдылықтарын, болжамдарын, шынайы білімге жету принцип терін, тетіктерін қарастырады.

Кез-келген әдіснамалық мәселелерді шешу, белгілі бір танымдық принциптер негізінде қаралған, бастапқы әдіснамалық тұжырымдама түрінде жүзеге асады.Әдіснамалық тұжырымдама

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет