1 дәріс. Педагогика


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет39/51
Дата13.12.2019
өлшемі0,78 Mb.
#53594
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   51
Байланысты:
Дәрістер

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар


  1. Жалпыадамзаттық құндылықтар дегеніміз не?

  2. Жалпы әлемдік құндылықтар нені білдіреді?

  3. Жеке тұлғаның дамуы дегенді қалай түсінесіз?

  4. Тәрбие туралы қандай түсінік қалыптасқан?

  5. Тұлғаны қалыптастру деген не?

  6. Жеке тұлғаны жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде қалай дамытуға болады?

  7. Жеке тұлғаны қалыптастыруда қандай құндылықтар маңызды?

  8. Құқықтық демократия принциптерін ұстануды қалай түсінесіз?

  9. Халықтық педагогиканың жеке тұлғаны дамытып, қалыптастырудағы маңызы қандай?

Ұсынылған әдебиеттер тізімі


  1. Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. Алматы. “Нұрлы әлем”, 2003.

  2. Кішібеков Д. Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең. Алматы. “Ғылым”, 1999.

  3. Бурбаев Т. Ұлт менталитеті. Астана. “Елорда”, 2001.

  4. Қалиев С., Майгаранова Ш., т.б. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері. Алматы. “Білім”, 2001.

  5. Майгаранова Ш. Мектеп оқушыларын рухани дамыту мәселелері. –Алматы. “Ғылым” ғылыми баспа орталығы. 2002.



№20 Сынып жетекшісі –сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы


Дәріс мақсаты: Педагогикалық процестегі мұғалім мен оқушылар ұжымының өзара ықпалдастығының ғылыми негіздеріне сипаттама беру.

Дәріс жоспары.


  1. Балалар ұжымының іс-әрекеттері жөнінде.

  2. Оқудағы белсенді топтар жұмысы.

3.Оқушылардың топтық жұмыстарын ұйымдастырудың жолдары және өзара байланысы.

Негізгі ұғымдар: дамыту, қарама-қайшылық, дамытудың қозғаушы күштері, біріккен іс- әрекет, ұжымдық танымдық іс-әрекет, ынтықмақтастық, жұптар, топтық жұмыс, кеңес беруші, ассистент, қоғамдық байқау.

Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттері - әлеуметтік тәжірибені игерудегі, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы, өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау, бірлесе еңбек ету, қарым-қатынас жасау біліктеріне ие болу сияқты субъект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғаім ұйымдастырған білімдік диалогтың барысындағы оқушылардың біріккен іс-әрекеті. Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға жетелейтін оқу процесінің қарама-қайшылықтарын шешу үшін мүмкіндіктері мол. Ұжымдық іс- әрекеттер барысында оқушыларда меңгертілетін материалдардың көлемі артып, оларды терең түсінулеріне мүмкіндік жасалады.

Ұжымдық оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың мүмкіндіктерін іске асырудың жоғары сатысы бірін-бірі оқыту екендігін айқындады, өйткені ол оқушыларға оқу барысында белсенділік және ізденімпаздық танытуға мүмкіндік туғызады.

Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттер белгілі бір дәрежеде оқу материалдарын меңгеруі, оқу барысындағы “осал жерлер” жөнінде оқушыдан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекті дидактикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік жасайды; оқушының тұлғалық қасиеттерін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.

Оқушыларда ұжымдық жұмыстар барысында жолдастық, достық және ұжымдық сезімдер қалыптасады. Сабақтарда ұжыммен орындалатын жұмыстарды жүргізу адамгершілікті оңды

қатынастар бойынша тәжірибе жинақтауға мүмкіндік жасап, қоғамдық бағыттылық пен шығармашылық даралаудың бірлігінде оларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің мүмкіндіктері олардың жеке ғана емес ұжымдық жетістіктерге жетуге ұмтылу тұрғысында ұжымдық оқу еңбегінің біліктерін меңгертуде, жаңа құлықтық позицияны құруда байқалады, оқудың құлықтық мағынасын тереңдетеді, оқуға жеген жауапкершілікті қатынасты қалыптастырады. Бұл оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің мүмкіндіктерінің ауқымының кеңдігін көрсетеді.

Танымдық іс-әрекеттердің ерекшеліктерін ескере отырып, ұжымдық танымдық іс-әрекеттің, төмендегідей белгілерін көрсетуге болады:

  1. Ұжымның әрбір мүшесінің білімді, білікті және дағдыларды меңгерулерін қамтамасыз ететін жұмыстар мен қызметтерді оқушыларға тиімді бөлініп берілуі;

  2. Мақсаттың, жалпы мотивтің болуы, оқушының қоғамдық маңызды мақсатқа жету үшін ұжым мүшелерінің барлығының күшінің біріктірілуінің қажеттігін түсінуі;

  3. іс-әрекеттер барысында оқушылар арасында өзара жауапкершіліктің және тәуелділіктің пайда болуы;

  4. Бірігіп жұмыс істеу барысында оқушылардың іс-әрекеттерін басқарудың, оқушылардың, ұжым мүшелерінің өздерінің де кей жағдайда бақылау жасауларының қажеттігі;

  5. Бірыңғай кеңістіктің болуы және ұжымның барлық мүшелерінің жеке іс-әрекеттерінің бір уақытта жүзеге асырылуы;

Оқушылардың ұжымдық оқу әрекетінің тұлғаға сол тұлғаның өзінің белсенділігіне қарай әсер етуі мүмкін, яғни ұжымдық танымдық іс-әрекет оқушының белсенділігін талап етеді. Оқушылардың басым көпшілігі белсенділік танытуы үшін танымдық іс-әрекет барысында қалыптасатын белсенді оқу әрекеттеріне сүйену қажет.

Сыныптағы белсенді топтар жұмысын ассистенттердің, кеңесшілердің, еңбекті ғылыми ұйымдастырудың мектебін құрудан бастау керек, ал мүшелерін таңдау белсенділердің, оқу ұжымының, мұғалімнің қалауы бойынша жүргізіледі. Оқу белсенді топтарының мүшелерінің санының артуы кабинеттердің жұмыстарын қайта қарауды талап етеді. Оқу кабинеті нақты пән бойынша сабақта және сабақтан тыс уақытта жүргізілетін жұмыстардың орталығы болуы керек. Бұл орталықтың иесі оқушылардың өзі. Мұғалім жетекшілігімен кабинет кеңесі мүшелерінің қатысуымен көрнекі құралдар, сабақтарда берілетін тапсырмалар, бақылау карточкалары, таратылатын дидактикалық материалдар, тақырыптар бойынша папкалар мен альбомдар және кабинетте бар диафильмдердің, әдебиеттердің, папкалардың, көрнекі құралдардың картотекасы дайындалады. Бұл оқу белсенді тобының мүшесіне, оның ішінде ассистентке аз ғана уақыттың ішінде сабаққа қажетті материалдарды дайындауына мүмкіндік жасайды.

Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің әртүрлі формаларын мен түрлері жүйесінде топтық жұмыс және оның әртүрлілігі маңызды орын алады. Топтық жұмыс өзінің барлық белгілері көрініс табатын оқу ынтымақтастығының идеалды моделі болып табылады. Топтық жұмыс оқыту процесін байыта түседі, оқу жұмыстарын даралауға жол ашады, өйткені әрбір оқушының әлеуеттік мүмкіндіктері мен қабілеттерін шығармашылықты түрде көрсетуіне жағдай жасайды проблемалы оқытуда, тұлғаны когнитивті дамытуда бағалы, дидактикалық және тәрбиелеік міндеттерді шешуге көмектеседі.

Оқушыларды топтық жұмыстарға жұптасып жұмыс істеуді (әр топта екі оқушы), мұғалімнің тапсырмасымен сабақта жұптасып хабарлама жасауды, топтық сұрақ, кеңестік сұрақ жұмыстарын және т.б. жатқызуға болады. В.К.Дьяченконың зерттеуі өлеңдерді жаттатуда, жаттығуларды, мысалдар мен есптерді ауызша және жазбаша орындатуда, көбейту мен бөлу кестесін жаттатуда, сұрақтар мен жұмыс істетуде және т.б. жұптық жұмыстардың, яғни жұптық-ұжымдық жұмыстардың тиімді екендігін көрсетті.

Топпен жұмыс жүргізудің екі түрі бар: бірыңғай топтық жұмыс және сараланған топтық жұмыс. Бірыңғай топық жұмыс барысында барлық топ бірдей тапсырма орындайды, ал сараланған топтық жұмыс барысында берілген тақырып шеңберінде әртүрлі тапсырмалар орындайды. Тәрбиелік тұрғыда сараланған топтық жұмыс ерекше құндылыққа ие және оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетінің барлық талаптарыына барынша сәйкес келеді.

Топтарда жұмыс істеу тиімділігін ғалымдар зерттеп, 5 оқушыдан құралған топ тиімді болатындығы жөнінде тұжырым жасады. Өйткені, 3 оқушының талқылау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті пікірлері мен ұсыныстары жеткіліксіз, 4 және 6 адамнан құрылған топтарда жіктелу пайда болады, ал 7 адамнан құрылған топта әрбір оқушының өз пікірін айтуына мүмкіндік болмайды.

Топтық сабақтарды ұйымдастыруда кеңесшіні сайлау мәселесі де маңызды, яғни балалардың оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыруда өзін-өзі басқарудың педагогикалық құралдарын пайдалана алу біліктері қажет. Арнайы жүргізілген эксперименттер ғалымдарға мынандай қорытынды жасауға мүмкіндік берді: кеңесшіні топтың өзі мұғалімнің және жоғары социометриялық статусы бар кеңесшінің келісімдерін ескере отырып таңдауы керек; жағдайға байланысты кеңесшілер жиі ауыстырылып отырғаны дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет