1 ДӘРІС. ПӘН КУРСЫНА КІРІСПЕ
Дәріс мазмұны:
Электр аппараттардың классификациясы. Электр аппараттарға қойылатын негізгі талаптар. Аппарат құрылысында пайдаланылатын негізгі материалдар.Әдебиеттер.
Дәріс мақсаты:
Студенттерді электр аппараттардың электр энергетикасында орнымен, терминологиямен және курста қолданылатын әдебиеттермен таныстыру.
Электр энергетикасында қолданылатын электротехникалық құрылғыларды шартты түрде 3 үлкен топқа бөлуге болады:
-электр машиналары
-электр желілері
Электр аппараттар курсын оқытудың мақсаты:
-болашақ мамандарға электр энергетикасы саласында электр аппараттар жайлы негізгі білім беру, физикалық негіздерді және электр аппараттардың жалпы теориясы жайлы түсіндіру.
-жалпы теория негізінде жалпы өндіретін бағыттағы аппараттардың құрылысымен танысу.
Электр аппараттар деп электр сымдар мен машиналарды басқаруға, реттеуге, қорғауға және әр түрлі электр емес процесстерді бақылауға және реттеуге арналған электротехникалық құрылғыны айтамыз.
Электр аппараттарының классификациясы
Зерттеуге ыңғайлы болу үшін электр аппараттары әр түрлі белгілері бойынша классификацияланған:
а) қолданысына байланысты электр аппараттары келесі топтарға жіктеледі:
1) коммутациялық – электр тізбектерін қосуға және өшіруге арналған;
2) қорғағыш - электр тізбектерін қысқа тұйықталудан және басқа қалыпты емес тәртіптерден, асқын жүктемелерден қорғауға және ажыратуға арналған;
3) іске қосуды реттеуші – электр машиналарының жылдамдығын қадағалауға және іске қосуға арналған.
4) бақылаушы (реле) - электр тізбектерінің берілген параметрлерін бақылауды іске асыруға арналған;
5) реттеуші - электр тізбектерінің немесе жүйелерінің берілген параметрлерін үзіліссіз қадағалау және тұрақтандыру үшін арналған;
б) жұмыс істеу принципіне қарай аппараттар түйіспелі және түйіспелі емес болып бөлінеді.
Біріншілерінің жылжымалы түйіспе бөлігі болады және басқарушы тізбекке әсер ету осы аппараттардың тұйықталуы және ажырауы арқылы іске асады.
Түйіспелі емес аппараттарда ажырыағыш және сырғанағыш түйіспелері болмайды. Бұл аппараттар басқаруды өзінің электр параметрін өзгерту арқылы іске асырады.
в) Түйіспелі аппараттар автоматты және автоматты емес болуы мүмкін.
Автоматты аппараттар тізбектің немесе машинаның берілген жұмыс тәртібі арқылы іске қосылады. Автоматты емес аппараттар оператордың көмегімен іске қосылады.
Бір топтың немесе типтің шегінде аппараттар бөлінеді:
а) кернеуіне байланысты – төмен кернеулі (1000В дейін) және жоғарғы кернеулі(1000В жоғары)
б) токтың түрі бойынша – тұрақты токты, өндірісті жиіліктегі айнымалы токты және жоғарғы жиіліктегі айнымалы токты.
в) қоршаған орта әсерінен қорғауына байланысты – ашық орындаулы , әр түрлі шашыраудан, жарылыстан, т.б. сақтайтын.
г) жұмыс атқару әдісіне қарай – электромагниттік, магнитті электр, жылулық, индукциялық және т.б.
д) басқа факторларға байланысты (тез әсер етуіне, доғаны сөндіру әдісіне,т.б. байланысты).
Достарыңызбен бөлісу: |