1 ДӘріс. ПӘн курсына кіріспе дәріс мазмұны


Электр аппараттарына қойылатын негізгі талаптар



бет2/2
Дата16.02.2023
өлшемі43 Kb.
#168969
1   2
Байланысты:
1 ДӘРІС (1) 2

1.2 Электр аппараттарына қойылатын негізгі талаптар

Электр аппараттарына қойылатын негізгі талаптар әр түрлі және аппараттың қолдану шартына және пайдалануына байланысты болып келеді.


Аппараттың белгілі бір типіне байланысты болып келетін спецификалық талаптардан басқа аппараттар мынандай ортақ талаптарды қанағаттандыруы қажет:
а) кез-келген аппарат жұмыс кезінде бойымен электр тоғы жүргенде қызады, нәтижесінде аппараттың температурасы берілген аппарат және оның бөлшектеріне рұқсат етілген өлшемнен асып кетпеуі қажет.
б) әрбір электр тізбегінде қалыпты емес (асқын жүктеме) және авариялық (қысқа тұйықталу) жұмыс режимі болуы мүмкін. Бұл режимдегі аппарат бойымен өтетін ток аппапараттың номиналды тоғының мәнінен асып кетпеуі қажет. Мұның өзінде аппарат көптеген термиялық және электрдинамикалық әсерлерге ұшырайды, бірақ аппарат оның әрі қарайғы жұмысына кедергі болатын деформацияға төтеп бере алуы қажет.
в) әрбір электр аппараты белгілі кернеуі бар тізбекте жұмыс істейді, бұл тізбекте кернеудің асып кетуі де мүмкін. Бірақ аппараттың электр оқшауламасы аппараттың сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуі қажет.
г) аппараттың түйіспелері жұмыс режимдерінің барлық токтарын қосып -өшіру қабілетіне ие болуы қажет.
д) әрбір электр аппаратқа белгілі жылдам әсер етуіне, сенімділігі мен жұмыс істеу дәлдігіне байланысты талаптар қойылады.
е) кез-келген электр аппараты мүмкіндігінше ең аз көлемді, аз салмақты, төмен бағалы, құрылысы бойынша қарапайым, қызмет көрсетуде ыңғайлы және өндірісте технологиялы болуы қажет.



    1. Аппарат құрылысында қолданылатын негізгі материалдар

Аппарат құрылысында қолданылатын негізгі материалдарды келесі топтарға бөлуге болады:


а) өткізгіш материалдар – мыс, алюминий, болат, латунь және т.б.
б) ферромагнитті материалдар - әр түрлі қалыптағы болат магнит өткізгіштеріне арналған балқымалар.
в) оқшаулаушы материалдар – ток откізетін бөліктердің бір-бірінен және жерлестірілген бөліктерінен электрлі оқшаулаға арналған.
г) доғаға төзімді оқшаулаушы материалдар – астбест, керамика, доғаны сөндіретін камераларға арналған пластмассалар.
д) жоғарғы кедергілі балқымалар - әр түрлі кедергіні тудыруға арналған.
е) түйіспелі материалдар – күміс, мыс, қызған денелердің сызықты ұзаруын пайдаланатын материалдар.
и) конструкциялық материардар – материалдар, пластмассалар, аппараттарға және оның бөлшектеріне белгілі форма беруге және бөлшектерді жасауға арналған оқшаулаушы материалдар.
Аппарат құрылысындағы техникалық прогресс жоғарыда көрсетілген материалдардың сапасымен анықталады.
1.4. Әдебиеттер

1. Чунихин А.А. Электрические аппараты.- М.: Энергия,1988. 5-31б.


2. Родштейн Л.А. Электрические аппараты.- М.:Энергия,1964.11-13б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет