Ойлаудызерттеудің бірнеше әдістері Ойлауды зерттеуде бірнеше әдістер бар.Олар: Ұғымның функционалды эквиваленттері Выготский -Сахаров әдістемесі,тексті аналитикалық блокты схемалық әдіс, Тізбекті ассоцативті әдіс және т.б. Солардың бірнешеуіне тоқталып кетсек.
Ұғымның функционалды эквиваленттері Выготский -Сахаров әдістемесі Жасанды ұғымның пайда болатынын зерттеудің классикалық моделі XXғасырдың 20жылдарында Л.С.Выготский және оның шәкірті Л.С.Сахаров екеуі Вюрцбург мектебінде ұсынылған әдістемелік тәсілдерді назарға ала отырып жасаған «екі стимулация» әдістемесі болып табылады.
Жасанды ұғымдардың пайда болатындығы бастапқы кезде екі стимулмен көрсетіледі.Біріншісі- бұл бір бірінен бірнеше белгілерге сәйкес ажыратуға болатын, бірақ әрқайсысы өзінің параметрлеріне ие объектердің жиынтығы.Ах әдістемесінде мұндай объектілер ретінде формасы(куб,текше,цилиндр), түсі(сары,көк,жасыл), салмағы(ауыр,жеңіл), көлемі бойынша(үлкен,кіші) әртүрлі картонды геометриялық денелер алынды.Екінші стимул ретінде мағынасыз буындар мен сөздердің шартты жиынтығы.Осы екі жиынтықтарды қосу арқылы эксперименттер жасанды ұғымдарды құрады.
Выготский- Сахаров әдістемесі- функционалды эквиваленттердің бастапқыда пайда болуы мүмкіндігін беретін ұғымдардың пайда болу процесін зерттеудің классикалық тәсілі болып табылады.