1 Дәріс Психологияға кіріспе Жоспары



бет3/58
Дата12.12.2021
өлшемі0,61 Mb.
#99801
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Байланысты:
Мәдениет Ағай лекция
crossword-for-the-6th-grade-1
Қосалқы әдiстер- психологияда бұл айтылғандардан басқа да әдiстер бар. Оларды қосалқы әдiстер деп атайды. Мәселен, әңгiмелесу әдiсi арқылы психолог белгiлi жоспар бойынша зерттелiнушi адамның жас және дара ерекшелiгiне, бiлiм көлемiне қарай күнi бұрын әзiрленген сұрақтар қояды: зерттелiнушiге күдiк тудырмау мақсатында әңгiме көбiнесе жанама түрде ұйымдастырылады, мұнда сөйлесу әдiсiне ерекше мән берiледi.

Зерттелiнушiнiң берген жауабы жазылып алынып (алынған мәлiметтердi сол бойда жазып отырудың қажетi шамалы), кейiннен мұқият талданады да, осыған орай тиiстi қорытындылар жасалады. Осындай қосалкы әдiстердiң қатарына адамның iс-әрекетiнiң нәтижесiн талдау (яғни түрлi күнделiк, естелiк, хаттар, шығарма, мазмұндама, диктант, сын жұмыстары, түрлi формадағы творчестволық жұмыстарды талдау), өмiрбаян (яғни зерттелушiнiң туған кунiнен бастап есейген шағына дейiнгi даму жолын зерттеу, оның өмiрбаян, естелiк, мiнездемелерiн талдау), анкета (жазбаша) әдiстерi жатады. Мәселен, анкеттiк әдiс арқылы кiсi күнi бұрын бланкiге жазылып қойылған сұрақтарға жазбаша жауап қайырады. Осы әдiспен әр түрлi топтың ұжымның психологиялық өзгешелiктерi (талап-тiлегi, мүддесi, талғамы, қызығуы т. б.) зерттелiнедi. Егер мұғалiм шәкiрттерiнiң қандай кiтапты ерекше кұмартып оқитындығын, олардың сүйiктi жазушылары мен артистерi кiмдер екендiгiн және осы тәрiздес мәселелердi бiлгiсi келсе, осы әдiстi пайдалануына болады. Анкеттегi сұрақтар шұбалаңқы келмей, ықшам, зерттеушiлерге түсiнiктi тұжырымдалып, жалпы саны 5—8 ден аспауы тиiс. Алынған материалдың нәтижесi статистикалық (сандық) талдаудан өткiзiледi де, қорытындысы ондағы үлкен цифрларға қарай жасалынады. Мәселен, анкета толтырған бес жүз адамның төрт жүзi “Абай” романын оқыдық деп жазса, бұдан осы кiтаппен оқырмандардың 80 пайызының таныс екендiгiн, сондай-ақ бұл шығарманың көпшiлiк сүйiп оқитын кiтапқа айналғанын байқауға мүмкiндiк туады. Мұның негiзгi кемшiлiгi адам шын көңiлiндегiсiн жаза бермейдi, не болмаса оны қағаз жүзiнде дұрыс көрсетпеуi де мүмкiн. Әлеуметтiк психологияда жиi қолданылатын зерттеу әдiстерiнiң бiрi — сұхбат. Мұнда сұрақ қоюшы сыналушымен (респондент) әңгiмелеседi, жол-жөнекей оның сөз саптауына, түрлi реакцияларына, өң-iлтипатына зер салып отырады, зерттеудi белгiлi сұрақтың айналасында, арнаулы жоспар бойынша жүргiзедi. Сұрақ қоюшы сыналушының ниетiн қас-қабағынан бiле алатын әдiсқой да тәсiлқой, қырағы әрi бiлiктi кiсi болуы кажет. Мұнда анкета арқылы анықталуы қиын ұсақ-түйек детальдарды, мәселенiң түрлi қалтарыстары мен түп-төркiнiн аша түсуге мүмкiндiк туады. Осы жерде зерттеушiнiң әңгiмесiне ықыластанған адам кейде жаңсақ, екiұшты мәлiметтер беруi де ықтимал екендiгiн ескерген мақұл. Зерттеудiң нақтылы талап-тiлегiне орай сұхбат бiрнеше салаға бөлiнедi. Ол жеке адамдармен де, сондай-ақ әр түрлi топтармен де (үйелмен, дос-жарандар т. б.) жүргiзiледi. Мұның стандарттық, сондай-ақ алдын ала жасалған бағдарлама бойынша, ауқымды тақырыптың төңiрегiне құрылған түрлерi де бар.

Түрлi жан қуаттарының құрылымын функциялар мен параметрлердi шамамен жорамалдауда, эксперименттiк материалдарды талдауда, модельдердi құрастыруда факторлық талдау деп аталатын математикалық-статистикалық әдiс қолданылады. Математика қазiргi кезде көптеген ғылымдардың зерттеу әдiстерiне кеңiнен енiп отыр. Психологияда мұны алғаш қолданған ағылшын психологы Ч. Спирмен (1904). Осы әдiспен адам интеллектiсiн (ақыл-ой), оның музыкалық, математикалық қимыл-қозғалыс т. б. қабiлеттерiнiң белгiлi шамасын белгiлеуге болады. Мәселен, осы әдiстi психологтар адамның жоғары жүйке қызметi қасиеттерiнiң құрылымын (Б. М. Теплов, В. Д. Небылицын) зерттеуде пайдаланды. Күрделi корреляцияларды факторлық талдауға салу электрондық өлшеуiш машиналарының (ЭВМ) көмегiне де сүйенедi.

Тест әдiсi балалардың бiлiмi мен икемдiлiгi, бейiмдiлiгi, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесi, не жекелеген жан қуаттарының дамып, қалыптасуы жөнiнен мағлұмат алуға көмектеседi. Мұндай салыстырулар алдын ала белгiленген жас белгiлерiне қарай жүргiзiледi. Тест арқылы, бала өз жасына қарағанда дұрыс дамыған ба, не оның дамуында өз кезеңiнен ауытқушылық (жоғары, төмен) бар ма деген, сауалдарға жауап алынады. Тесттi толық орындауы мүмкiн болмайтындай етiп iрiктеу қажет. Тапсырма жас мөлшерi бiркелкi балаларға (кемiнде 200) бiрдей берiледi де, мұндағы жауаптардың орта (барлық бала бойынша ортақ балл) есебi шығарылады. Осы орта есеп жас мөлшерлiк норма болып есептелiнедi. Тест тапсырмаларын тексеру, жас мөлшерлiк норма белгiлеу тестi стандарттау деп аталады. Мұндай тестке кейiн ешқандай өзгерiс енгiзiлмейдi. Баланың ақылойының даму дәрежесiн анықтауға арналған тестердi интеллектiк тестер дейдi. Мұнда әртүрлi ақыл-ой әрекетiн қолдануды талап ететiн, зерттелiнушiге бұрыннан таныс емес тапсырмалар болады. Осындай тест баланың ақыл-ойға байланысты берiлген тапсырманы қандай дәрежеде игергенiн байқауға мүмкiндiк бередi.

Жан қуаттарының күрделi ағымын аңғару үшiн алдымен оларды белгiлi топтарға жiктеуiмiз керек. Мүны жан қуаттарының топтастырылуы деп атайды. Бұл топтастыру бойынша, психика бiр-бiрiмен тығыз байланысты үш топқа бөлiнедi. Олардың бiрi психикалық процестер деп аталса, екiншiлерi психикалық қалып, үшiншiлерi психикалық қасиеттердеп аталынады. Жан қуаттарының кейбiрi (түйсiк, қабылдау, елестету, т. б.) сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын тiкелей танып бiлуде, ендi бiреулерi (ойлау, қиял т. б.) бұлардың арасындағы күрделi байланыстарды, дәнекерлi қатынастарды, өзгерiстердi тереңдей бойлап бiлуде ерекше орын алады. Адамның сыртқы дүниемен (объективтiк шындықпен) үздiксiз қатынастағы белсендi байланысында оның сезiм, ерiк процестерi шешушi қызмет атқарады. Психикалық кейiп (немесе қалып) адамның түрлi көңiл күйiнiң (шабыт, зерiгу, үрейлену, абыржу, сергектiк, белсендiлiк т. б.) тұрақты компоненттерi. Жан қуаттарының осы екiншi тобы ғылымда әлi де болса толық зерттелiнбеген. Психикалық қасиеттер — бiр адамды екiншi бiр адамнан ажыратуға негiз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшелiктер. Бұған әрбiр адамның мiнезi мен темпераментi, қабiлетi мен дүние танымы, сенiмi мен талғамы, қызығуы жатады. Психикалық қасиеттердiң қалыптасуында адамның өскен ортасымен қатар, оның кейбiр таптық, ұлттық, жас өзгешелiк, мамандық ерекшелiктерi де бiрсыдырғы орын алады. Психикалық процестер— сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлi бейнелерi. Бұлардың түрлерi көп.

4. Психология ғылымының ғылымдар жүйесіндегі орны

Психология ғылымы педагогика, философия, әлеуметтану, саясаттану, өзін-өзі тану, этика-эстетика, мәдениеттану, медицина ғылымдарымен байланысады. Математика, биология, кибернетика, этика, эстетика, социология т. б. ғылымдарының соңғы жаңалықтары психологияға кеңiнен енiп, оның жан-жақты дамуына игiлiктi әсер етiп отыр. Мәселен, автоматтык машиналар мен тiрi организмдердi басқару мәселесiн қарастыратын кибернетика ғылыми психикалық әрекеттiң заңдылықтарын зерттеп, оның модельдерiн (үлгiлерiн) қолдан жасап шығаруға мүмкiнд;к туғызады. Осының нәтижесiнде адамның ақыл-ой құбылыстарын табиғаттағы түрлi құбылыстармен салыстыра зерттеуге жағдай туды. Психология мен этиканың арасында да тығыз байланыс бар. Этика адамдардың мiнез-құлық нормаларын, адамгершiлiк принциптердiң заңдылықтарын зерттейтiн ғылым. Мораль мәселесiнiң кейбiр жақтарын да (адамның моральдық сезiмдерi, саналылық дәрежесi) психология ғылымы қарастырады. Бiрақ этикаға қарағанда психологияның зерттеу объектiсiнiң көлемi ықшам. Психология сана құбылыстарының пайда болу жолын, қалыптасу жағдайын зерттейдi, ал этика болса бүкiл адамгершiлiк қасиетке қатысты мәселелердiң бәрiн карастырады.

Психология сондай-ақ жаратылыстану (биология, физиология, неврология т.б.) педагогика, пән методикасы ғылымдарымен де тығыз байланысып жатады. Психология ғылымы нарық экономикасына көшу кезеңiндегi адамдардың көңiл-күй ерекшелiктерiн, егемендiк пен тәуелсiздiктiң адам психикасына қалайша әсер етiп отырғандығы; ұлттық оқу-тәрбие процесiнде болып жатқан түрлi жаңалықтарды психологиялық тұрғыдан зерттеу осы ғылымның басты мiндеттерi болып табылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет