Жоспары:
Адам өміріндегі эмоцияның ролі
Эмоцияны реттеудің әдістері мен механизмдері
Эмоционалдық интеллект анықтамасы
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы, 2013
2.Жарықбаев Қ. Жантануға кіріспе хрестоматия. Алматы, 2015
3.Андреева Г.М Социальная психология. М., 2012
Эмоция мен сезiм туралы түсiнiк
Өткен тарауларда адамның танымынан ерекше орын алатын психикалық процестер (түйсiк, ойлау, ес, қиял т. б.) жеке-жеке талданды. Осы процестердiң әрқайсысы сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын бейнелеудiң түрлi формалары екенi, бұлар бiзге айналамызды әр қырынан танытатыны, әрқайсысының өзiне тән ерекшелiктерi мен заңдылықтары бар екендiгi жан-жақты сөз болды. Адам реалдық дүниенi тек танып қана қоймайды, оған өзiнiң қатынасын да бiлдiрiп отырады, ол бiр нәрсенi ұнатады, бiреудi жақсы көредi, екiншi бiреуге салқын қарайды. Бiр сөзбен айтқанда, өз қажеттерiне қарай айналасына түрлi көңiл күйiн бiлдiрiп отырады.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттерiне сәйкес келу-келмеуiнiң нәтижесiнде пайда болып отыратын психикалық процестiң түрiн сезiм деп атайды. Қажеттердiң түрлi жағдайларға байланысты түрлiше өтелуi адамда. Көптеген ұнамды және ұнамсыз сезiмдердi туғызып жек көрушiлiк, шошыну, абыржу, наздану, iш пысу, зерiгу т. б. осындай сезiмдер мен эмоциялардың сан алуан түрлерi.
Сезiмдер — өте күрделi психикалық процестердiң бiрi. Сезiмдер адамның тiршiлiк қажетiне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрiнедi. Адам сезiмдерiтарихи-әлеуметтiк сипатта болады. Демек, адамның өмiрi қоғамға байланысты, оның әрекетi де қоғамдық саналы әрекет. Олай болса, адамның сезiмдерi де қоғамдық сипатта болып, сезiмнiң мазмұнын қоғамдық болмыс белгiлеп отырады. Сезiмдерден эмоцияларды айыра бiлу қажет.
Сезiмдердi эмоциялардан дұрыс айыра бiлмеушiлiк, бұл екеуiнiң мәнiн бiрдей деп ұғу, кейде қате түсiнiктерге де соқтырады. Мәселен, осындай түсiнiк жануарлар мен адам психикасының арасындағы айырмашылықтарды бүркемелеуi мүмкiн. Жануарлар эмоциясы түгелдей биологиялық сипаттағы құбылыс, бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейiмделу көрiнiсiнен, әр түрлi шартсыз рефлекстердiң тiзбегiнен немесе инстинктерiнен байқалады.
Сезiмдер мен эмоциялардың бiрнеше сапалық ерекшелiктерi бар. Олардың сапасын көрсететiн осындай ерекшелiктерiнiң бiрiн — қарама-қарсы, полярлық сапалықтар деп атайды. Мәселен, сүйсiну, сүйсiнбеу, көңiлдену, қажу, шаттық, уайым т. б. осы се-кiлдi сапалар өз ара екi полюскс ажырасып, бiрiне-бiрi қарама-қарсы мағынада болады.
Сезiмдердiң екiншi ерекшелiгi — олардың актив (қажырлы) және пассив (солғын) болып бөлiнуiнсн көрiнедi. Адамға күш берiп, әрекетке ұмтылдыратын, көтерiңкi сезiмдер мен эмоциялар-ды стеникалық, ал бұлардың баяу, солғын түрлерiн астеникалық деп атайды. Бiрiншiсiне: жауапкершiлiк, жолдастық, достық, айбаттылық т. б. жатса, екiншiсiне: уайым, енжарлық, көңiлсiздiк т. б. ссзiмдер жатады. Бұл жерде мынадай бiр жағдай есте болсын. Түрлi нақтылы жағдайлардың ретiне қарай адамдарда бiр сезiмнiң өзi бiрде қуатты, бiрде әлсiз болып көрiнуi мүмкiн. Мәселен, қорқыныш сезiмi кейде бiр адамның буынын босатып, пәрменсiз етсе, ендi бiрде қауiп-қатерге қарсы тұрғызатын айбаттылыққа (күштi сезiм) ауысуы мүмкiн.
Сезiмдердiң үшiншi бiр ерекшелiгi — жiгерлену және кернеуден босану немесе шешiлу. Бұл да сезiмдердiң қарама-қарсы сапаларының бiрi. Мәселен, студенттердiң емтиханнан өтуi, спортпен айналысатын адамның мәреге жетуi шешушi кезеңдер болып табылады. Мәреге тақалғанда адам барлық күш-жiгерiн жұмылдырады. Осы кезең өткен соң басқа бiр күйге түседi. Мұны кернеуден босану (шешiлу) сезiмi дейдi.
Қорыққан адамның қасы тартылып, түсi бозарады, қозғалыстары баяулап не мүлде тоқтайды, денесi дiрiлдеп қалшылдайды, шашы үрпиiп, көзi шарасынаи шығып, даусы қарлығып, үнi кiбiртiктейдi, аузы кебiрсiп, тынысы өзгередi, бетi шiмiркенiп, бүкiл денесi қалтырап, салқын тер шып-шып шығады. Тiптi орнынан қозғала, сөйлей алмай, дауысы шықпай қалатын кездерi болады. Қорқыныштың жеңiл түрi тынышсыздану, ауыры — үрейi ұшу т. б. Эмоциялық жағдай кезiнде адамның денесiнен байқалатын әр түрлi мәнерлi қозғалыстарды Абай өлеңдерiнен көптеп кездестiруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |