1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



бет34/50
Дата28.10.2023
өлшемі231,81 Kb.
#188964
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50
Байланысты:
kazirgi kazak tilinin sozzhasam nan daris tezisteri

Етістіктің сөзжасамы

Жоспар



  1. Етістіктің қалыптасқан күрделі сөзжасам жүйесі

  2. Етістіктің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы

  3. Есім негізді туынды түбір етістіктер

  4. Етістік негізді туынды түбір етістіктер

  5. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалатын күрделі етістіктер

Синтетикалық тәсіл етістік сөзжасамында белсенді қызмет атқарады. Синтетикалық тәсіл арқылы етістіктің жасалуы сөзжасамдық жұрнақтармен байланысты. Етістіктің сөзжасамдық жұрнақтарының негіз сөзге жалғанып, оның мағынасын өзгертуі не түрлендіруі синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы деп аталады. Мысалы, көгер, жасар, тыңда, қозға, сөйле, көрсет, жуын, оқыт, сөндір, жазғыз т.б.Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер туынды түбір етістіктер деп аталады. Туынды түбір етістіктер үшін екі морфема міндетті түрде қызмет атқарады. Оның бірі — негіз сөз, екіншісі — жұрнақ. Негіз сөз толық мағыналы дербес сөзден болады. Тұлғасы жағынан негіз сөз негізгі түбір, туынды түбір де болады. Мысалы, толық, ағар, жина, көгерт, емдет т.б.Тілде негіз сөздер жұрнақсыз да колданыла береді. Мысалы, Үлкенмен ақылдас. Ақылы бар бала деген сөйлемдердегі ақылдас туынды түбірінің негіз сөзі ақыл екінші сөйлемде дербес сөз қызметінде қолданылып тұр. Бұл - негіз сөз атаулыға тән құбылыс. Бірақ аздаған туынды түбір етістіктердің негіз сөздерінде қазір бұл қасиет жоқ. Мысалы, оян, оят, аңқай, аңқи, өңки, тыңқи, жымпи, семір, жұбан, жұбат, ұзай т.б. сияқты бір топ туынды түбір етістіктердің жұрнақтары анық көрініп тұрады да, негіз сөздері жұрнақсыз жоғарыдағыдай жеке қолданылмайды, бірақ олар туынды түбір етістік деп танылады. Ал олардың негіз сөзі бір кездері дербес сөз болғанымен, қазіргі тілде түбір сөз ретінде қолданылмайды. Мұндай түбірлерді орыс тіл біліміндегідей байлаулы түбір деуге болады. Байлаулы туынды түбір етістіктер жұрнақтары арқылы танылады, өйткені ондағы негіз сөздер қазіргі тілде қолданыста жоқ. Тарихи тұрғыда қазір туынды түбір етістік деп дәлелденіп жүрген біраз етістіктер бар, олар: кел, кет, тол, той т.б. Бұлар қазір негізгі түбір болып саналады. Осылардың аздаған мағыналық байланысы олардың тарихи тұрғыда түбірлес сөз аталуына негіз болған. Қазір бұл сөздердің құрамы қосымша мен түбірге бөлінбейді. Етістік сөзжасамында барлық сөз табы негіз болып, сөзжасамдық бірлік қызметін атқарады. Олардан зат есім сөздерді (балтала, нөсерле, мұзда, жемде), сын есімдерді (қарала, әдеміле, жақсыла), сан есімдерді (біреуле, екеуле), есімдікті (кайдала, өзімсін), үстеуді (ертелет, кештет), етістікті (түйре, бүрке, жүріңкіре), одағайды (ойбайла, уһле) атауға болады. Тіліміздегі барлық негізгі сөз таптары етістік жасауға қатысады.
Аналитикалық тәсіл де етістік сөзжасамында белсенді қызмет атқарады. Мұнда да негіз сөздер қызметінде түрлі сөз таптарының сөздері колданыла береді: адам ет, ақылды бол, жақсы көр, дем ал, бас қатыр, келіп кет, алып бер, кіріп шық, жинап ал, керіп кел т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет