№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


Сабақта оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет251/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   293
Байланысты:
педагогика

Сабақта оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру.
 Сабақта оқушының оқу 
қызметін  ұйымдастыру  бұл  оқушы  мен  мұғалімнің
 
сырттай  үйлесімді  қызметі, 
оның  өзі  белгілі  бір  пен  тәртіп  талабынан  құрылады.  Мынандай  бағыттарға 
бөлінеді:  фронтальды  -  мұғалімнің    барлық  оқушылардың    жеке  және  өзіндік  
жұмысын басқаруы,  жеке- өзіндік  
Жұмыс әр оқушының топтық және жұптық қызметі. Мұғалімнің оқу қызметін 
фронтальді    ұйымдастыруы  барлық  оқушылардың  іс-әрекетінің  бірлікте  болуын 
басқару,  яғни  барлық  оқушылар  бірдей  тапсырманы  орындайды,  жұмыс  бәріне 
ортақ, барлық сынып талқылайды, нәтижені салыстырады, жинақтайды. Бұл тәсіл 
оқушылар мен ұстаз арасындағы сенімді нығайтып, ұжымдық сезімді тәрбиелейді, 
пікірлерді  талқылауы  ширайды,  басқаның  ойын,  өзінің  ой-түйіндерімен 
салыстырады,  қателерін  табуға  жаттығады.  Мұғалімге  қойылатын  басты  талап 
оқушылардың  ішінен  ең  тиімді  ой-тұжырымды  дәл  таба  білуі,  оны  алдын  ала 


болжауы, оқу ситуациясын туғызуы, сабақтың міндеттеріне жауап  іздеуі; барлық  
айтқысы  келген  ынталы  оқушыны  ықыласпен  таңдауы,  оны  мәдени  тұрғыда 
қолдауы,  мұнымен  бірге  қажетті  сәттерде  түзетулер  енгізуі,  әр  оқушының 
мүмкіндігіне жол ашу. 
Фронтальды  оқытуды  ұйымдастыру  проблемалық,  ақпараттық  және 
түсіндірмелі  иллюстративті  мазмұнда  және  репродуктивті  және  шығармашылық 
тапсырмалармен келуі мүмкін. Мұнда шығармашылық негізге құрылған тапсырма 
бірнеше шағын тапсырмаларға бөлінеді, жұмыстың бұл түрі барлық оқушылардың  
белсенділікпен іс-әрекетте болуына жағдай туғызады. Бірақ, сабақтың бұл түрінде 
көптеген  кемшіліктер  бар,  жұмыс  барысында  оқушылар  әр  түрлі  деңгейде    өз 
мүмкіндігіне  қарай  білімін  арттыра  алмайды,  бәрінің  білімі  бір  мөлшерде 
оқшауланбайды, әсіресе, нашар үлгеретін оқушыға мұғалімнің көмегі үнемі қажет 
болса, ал қабілеті өте жоғары оқушыда уақыт артық қалады. 
Сол  себепті  сабақтың  тиімділігін  арттыру  үшін  сабақтан  басқа  түрлері  де 
пайдалану керек. 
Жеке  жұмысты  ұйымдастыру  сабағында  әр  оқушының  өзіндік  іс-әрекеті 
ескеріліп,  оған  арнаулы  әзірліктер  жасалып,  оқу  мүмкіндіктері  алдын  ала  есепке 
алынады:  әдебиеттермен,  анықтамалармен,  энциклопедиямен  жұмыс  міндетін 
шешу, шығарма әзірлеу, реферат жазу. 
Жеке жұмысты ұйымдастыру барысында екі түрлі тапсырма орындалады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет