№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет252/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   293
Байланысты:
педагогика

жеке 
және жекелендіру. 
Біріншісінің ерекшелігі ол:  оқушы алдымен барлық сыныпқа 
берілген  тапсырманы  орындайды,  басқа  оқушымен  қарым-қатынасқа  түспейді, 
бірақ жұмыс қарқынын бәріне бірдей. Екіншісінің ерекшелігі, ол оқушы арнаулы 
тапсырманы орындауда өзінің танымдық оқу іс-әрекетін мөлшерлейді, атап айтсақ, 
әр оқушы өзінің оқу қызметінің режиміне орай жұмыс қарқынын белгілейді. Жеке 
жұмысты сабақтың барлық   кезеңдерінде жүргізу тиімді  және оны бекітіп отыру 
көзделеді, мұның өзі оқушының бұрын меңгерген білімдерін, қабілетін, дағдысын 
жетілдіріп  отыруына  ықпалы  зор,  сол  секілді  бақылау  үшін  зерттеу  әдісін 
меңгеруге  жол  ашады.  Сабақтың  бұл  түрі  оқушылардың  өзіндік  іс-әрекетін 
тәрбиелейді, жинақылыққа, ұшқырлыққа, өзінің мақсатын айқындауға таба білуге  
бағыттайды,  бірақ    бұл  сабақта  оқушылардың  қарым-қатынасы  шектеулі,  оны 
ұжымдық  жұмыстың  түрімен  толықтыруға,  топтық    жұмыс  ұйымдастыруға 
болады. 
Топтық  жұмысты  оқушылардың    оқу  еңбегін  ұйымдастыру  негізінде  құруға 
мыналар жатады: 

 
оқу міндетін анықтау үшін сынап екі топқа бөлінеді; 

 
әр топ тапсырма орындайды (не бірдей, не саралап, даралап берілген), ол топ 
ішінен бөлініп шыққан топбасымен немесе мұғалімнің басқаруымен өтеді; 

 
топтың енгізген жаңалығына орай тапсырмалар іріктеледі; 

 
топтың  құрамы  сабақтың  мазмұнына  қарай  өзгереді; ең  жоғары  деңгейдегі 
оқушының мүмкіндігін ескеру қарастырылады; 

 
топтың  және  құрамның  әр  түрлі  деңгейлікке  орай  оқушылардың 
қауымдастық құрамы сұрыпталады және  мұның өзң оқушыларға байланысты. 
Сабақтың  топтық  жұмыс  түрінде  оқушы  саны  көбейеді  және  жеке  жұмыс 
барысында  оқушыға  не  топ  басшысының,  не  мұғалімнің  көмегі  қажет  болып 


отырады (фронтальды және жеке жұмыс кезінде мұғалімнің оқушыға көмек беруі 
қиындай  түседі,  сондықтан  олар  жеке  жұмысқа  көшкенге  дейін  кезек  күтуге 
мәжбүр). 
Топтық  жұмыс  практикалық  жұмыстарды,  зертханалық  және  жаратылыстану 
ғылыми  тақырыптардағы  практикалық    жұмыстарды,  сондай-ақ  шет  тілдерді 
меңгеруде,ауыз  екі  сөйлеуде  тілді  дамыту  бағытында  және  еңбек  сабақтарын 
өткізгенде  өте  тиімді.  Жұмыстың  бұл  түрінде  ұжымдық  талқылау  қолданыла 
отырып,  өзара  кеңес  беріп,  өлшемдік  параметрлері  күрделеніп,  өздік  жұмыс 
тиімділігі жағынан бұрынғыға қарағанда жақсара түседі. 
Әрбір  қарастырылған  оқыту  қызметін  ұйымдастыру  түрлері  оқушылардың 
сабақ  барысындағы  өзіне  тән  оқу-тәрбиелік  міндеттерді  жетілдіре  түседі.  Олар 
өзара,  бірін-бірі  толықтырып,  дұрыс  құрылған  сабақтың  жақсы  нәтижесін 
көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет