№18 дәріс тақырыбы.
Оқыту әдістері мен құралдары
1. Оқу, әдіс, тәсіл және ережелері түсінігі мен мәні
2. Оқу әдістерін топтастыру
3. Оқу құрал-жабдықтары
4. Оқыту құралдары
5. Оқу әдістері мен құралдарын іріктеу
Оқу әдіс, тәсіл және ережелері түсінігі мен мәні
Білімдену процесінің табысты болуы көбіне қолданылатын оқу әдістеріне
тәуелді.
Оқу әдісі
– білім игеру мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған оқытушы мен
оқушының бірлікті іс -әрекеттік қимыл - тәсілдері. Оқу мақсаты жолындағы
ұстаздың оқыту жұмысы мен шәкірттің оқып- үйрену әрекеттерінің өзара
байланыстылығы осы оқу әдісінен көрінеді.
Дидактикада кең қолданым тауып жүрген және бір түсініктер легі –бұл “оқу
тәсілі” және “оқу ережелері”.
Оқу тәсілдері
- оқу әдісінің құрамды бөлігі немесе бір қыры, яғни жалпы “әдіс”
түсінігіне байланысты жалқы ұғым. Бұл екі ұғымды өз алдына шектеп болмайды,
олардың ара қатынасы ауыспалы, өзгермелі. Кей жағдайларда әдіс педагогикалық
міндетті шешудің дербес жолы есептелсе және бір ықшам оқу-тәрбие мәселесіне
орай- тәсіл болуы мүмкін. Мысалы, егер мұғалім жаңа білімдерді сөздік, ауызша
әдіспен (түсіндіру, әңгімелеу, сұхбат) ұсыну барысында көрнекі құралдарды
пайдаланса, онда бұл көрнекілік –тәсіл ретінде қабылданады. Егер де көрнекіліктер
білім игертудің негізгі құралы болып, солар негізінде оқушылар жаңа білім
ақпараттарын қабылдаса, онда көрнекілік - әдіс, ал мұғалімнің қалған оқу іс-
әрекеттерінің бәрі тәсіл болып есептеледі.
Сонымен, әдіс көптеген тәсілдерден құралады, бірақ олардың жәй жиынтығын
білдірмейді. Тәсілдер арқылы оқытушы мен оқушының оқу жұмыстарын
орындаудағы өзіндік ерекшелігі көрініп, оқу субъекттері іс-әрекеттеріне даралық
сипат береді.
Достарыңызбен бөлісу: |