№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


Оқу  ережелері  (дидиактикалық  ережелер)



Pdf көрінісі
бет256/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
Оқу  ережелері  (дидиактикалық  ережелер) 
–  оқу  процесінің  қалыпты 
педагогикалық  жағдайларында  қандай  және  қайтіп  әрекет  жасау  қажеттігін 
көрсететін нақты ұсыныс.  
Ереже әрқандай тәсілдің сипаттамасы, норматив моделі есебінде қолданылады. 
Нақты  міндет  шешіміне  пайдаланатын  ережелер  жүйесі  -  әдістің  норматив-
сипаттама моделін құрайды.  
Оқу  әдістері  –  тарихи  категория.  Өндіріс  күштерінің  деңгейі  мен  өндірістік 
қатынастар  сипаты  педагогикалық  процестің  мақсаттарына,  мазмұнына,  құрал 
жабдықтарына өз ықпалын тигізеді. Олардың ауысуымен оқу әдістері де өзгеріске 
келеді.  
Қоғамдық  дамудың  алғашқы  кезеңдерінде  өскелең  әулетке  тәжірибе  өткізу 
ересектер мен балалардың бірлікті  іс-әркеттік процесінде орындалып жатты. Бұл 
дәуірлердегі басты оқу әдісі еліктіру, еліктеу жолымен іске асты. Ересектер қалай 
әрекетке келсе, балалар соны қайталап, қорек табу, от жағу, киім-кешек дайындау 
ж.т.б. үйренді. Негізгі оқуды өзгертпей, қайта жасау (репроедуктив), (“мендей етіп 


істе”)  әдісі  алынды.  Кейінгі  замандардағы  барша  әдістер  осы  қайталай  жасау 
әдісінен өз бастауларын алды.  
Мектептердің ресми формаларының ұйымдастырылуы заманынан оқудың сөздік 
(ауызша) әдістері пайда болды. Мұғалім дайын ақпаратты сөзбен жеткізіп отырды, 
оқушылар  оны  есіте  отырып,  игерумен  болады.  Қоғамға  жазудың  келуі,  кітап 
баспасының  өркендеуі,  білімді  жария  етуде,  жинақтауда  және  әулеттен  әулетке 
жеткізуде  (код)  таңбаны  пайдалануға  мүмкіндік  берді.  Енді  сөз  негізгі  ақпарат 
ұсыну құралына айналып, ал кітап бойынша оқыту мұғалім мен оқушының ең көп 
тараған өзара ықпал жасау әдісі болды.  
Кітап  әрқилы  қолданылды.  Ортағасыр  мектебінде  оқушылар  негізінен  діни 
мазмұндағы мәтіндерді қарадүрсін жаттаумен шектелді. Осыдан жалаң, жаттанды 
оқу (догматикалық) әдісі үрдіске айналды. Бұл әдістің сәл жетілген түрі сұрақ қою, 
дайын жауаптар берумен (софистика) байланыстырылды.  
Ұлы  жаңалықтар  ашу  және  ойлап  табу  дәуірінде  бұрын  оқытудың  жалғыз-  ақ 
жолы болған сөздік әдіс өз маңызын жоғалта бастады. Өркендеудегі қоғам қажетіне 
орай оқу процесіне бақылау, эксперимент, өзіндік жұмыс, жаттығу, яғни оқушыда 
белсенділік,  саналылық,  ынталылық  оятуға  бағытталған  әдістер  ене  бастады. 
Көрнекі оқу әдісі де кең тарады.  
XІХ-ХХ  ғ.ғ.  шектерінде  сөздік  әдіске  балама  ретінде  бала  қажеттері  мен 
қызығуларын  біршама  толық ескеретін,  оның өзіндік  әрекеттерінің  дамуына  жол 
ашатын  эвристикалық  (шығармашылдық)  әдіс  маңызды  орын  иелей  бастады. 
“Кітаби”  әдістердің  орнына  “табиғи  ”  әдістер  келді.  Яғни  оқу  шынайы  болмыс, 
қоршаған дүниемен байланыстырылатын болды. Ұстаз бен оқушыны енді оқудың 
практикалық  әдістерін  қажет  ететін  “іс-әрекет  арқылы  оқып-  үйрену”  әдісі 
қызықтыра  бастады.  Мұндай  оқуда  қол  еңбегіне,  еңбекпен  байланысты  іс-
әрекеттерге, сонымен бірге оқушылардың кітаппен жұмыс істеуіне көп мән беріліп, 
балалардың  өз  тәжірибесі  негізінде  дербестік  қабілетін  дамыту  басты  назарға 
алынды. Шамалап ізденіс, зерттеу әдістері қалыптасты. 
Дегенмен,  білім  дамуының  әр  кезеңдерінде  қолданымға  келген  әдістердің  қай-
қайсысы  да  өз  бетінше  жеке  қажетті  педагогикалық  нәтижені  қамтамасыз  ете 
алмайды.  Оқу  әдістерінің  әрбірі  өз  алдына  әмбебап  қызмет  атқармайды.  Оқу 
барысында әрқилы әдістерді өзара байланыстыра қолдану, пайдалану ғана тиімді 
өнімін береді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет