3. Оқу әдістерін шәкірттердің танымдық әрекеттеріне орай топтастыру
Танымдық іс-әрекет сипаты оқушының ойлау белсенділігінің деңгейінен
көрінеді. Мұндай топтастыру тұрғысынан келесі әдістер түрі ажыралады:
түсіндірме – көрнекілі (ақпаратты – рецептивті, іштей түсіну), қайталай жасау
(репрадуктивті), проблемді баяндау, бөлшектеп ізденіс (эвристикалы) және
зерттеу.
Түсіндірме – көрнекілі
әдістің мәні – оқытушы әрқилы құрал-жабдықтар
көмегімен дайын ақпаратты хабарлайды, ал оқушылар оны қабылдайды, түсінеді
және есте қалдырады. Оқушылардың танымдық іс-әрекеті дайын білімдерді есте
қалдыруымен еленеді, бірақ бұл бейсаналық деңгейде де болып, ақыл-ой
белсенділігіне ешқандайда әсер етпеуі ықтимал. Осыдан түсіндірме, яғни
ақпаратты- іштей түсіну әдісі әрдайым тиімді бола бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |