№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет202/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
Сыртқы  әрекеттер
:  заттық  әрекеттер  (жазу,  сызу,  сурет  салу  т.б.), 
перцепвтивтік  әрекеттер  (тыңдау,  бақылау,  көру),  символдық  әрекеттер  (сөйлеу, 
сөз). 
Ішкі  әрекеттер: 
мнемикалық  әрекеттер
  (есте  сақтау,  реттеу  және 
ұйымдастыру),  қиял  әрекеттері,  ойлау  әрекеттері  (таымдық  іс-  әрекеттері 
формалары: материлдық, сөйлеу және ақыл-ой). 
Танудың  негізгі  құралы  -  ойлау.  Ойлау  операцилары: 
синтез,  анализ, 
салыстыру, жіктеу, қорыту
 және т.б. 
Оқудың  маңызды  компоненті  – 
мотив
.  Оқу  іс-әрекетінің  мотивтерінің  бір-
бірімен өзара байланысқан  үш тобын көрсетуге болады. 
Оң несесе теріс эмоциялар, тұлғаның эмоционалдық жадайларына негізіндегі 
тікелей  қозғаушы  мотивтер
:  мазмұнның  жаңалығы,  жарқындығы,  сыртқы 
атрибуттардың  тартымдылығы;  сабақты  қызықты  өткізу;  мұғалім  тұлғасының 
тартымдылығы;  мақтау,  марапаттау  алғысы  келуі,  төмен  баға  алудан,  жазадан 
қорқуы және т.б.. 
Перспективті  қозғаушы  мотивтер  негізінде  оқыту  пәнінің,  жалпы  білімнің 
әлеуметтік мәнін түсіну жатады. Мысалы, пәннің болашақта таңдаған мамандығын 
меңгерудегі маңызын түсіну. 
Интеллектуалдық  қозғаушы  мотив  түбінде  тану  процесінің  өзініен  қанағат  алу 
жатады:  білімге  деген  қызығушылық,  оқу-танымдық  есептарді  шешу  процесінің 
өзінен  қанағат  алі  және  т.б..  Интеллектуалдық  қозғаушы  мотивтердің  ішінде 
танымдық  қызығушылықтар  мен  қажеттіліктер  ерекше  орын  алады.  Г.И.Щукина 
танымдық 
қызығушылықтардың 
үш 
деңгейін 
көрсетеді. 
Танымдық 
қызығушылықтың  төменгі  элементарлық  деңгейі  нақты  фактілерге,  сипаттама 
түріндегі білімдерге, үлгі бойынша әрекеттерге көңіл бөлумен сипатталады. Екінші 
деңгейде  тәуелділіктерге,  себеп-салдар  байланыстарына,  оларды  өзінше  табуға 
деген  қызығушылықтар  байқалады.  Танымдық  қызығушылықтың  жоғары 
деңгейінде терең теориялық проблемаларға, білімді игерудегі шығармашылық іс-
әрекетке деген қызығушылық пайда болады. 
Оқыту процесінің логикасы және игеру процесінің құрылымы. 
Оқыту процесінің логикасын және білімді игеру процесінің құрылымын «нақты 
аңғарудан  абстрактілік  ойлауға  және  одан  практикаға  көшу»  схемасына  сәйкес 
бірлікте қарастыуға болады.  
Нақты аңғару – түйсік, қабылдау. 
Абстрактілік ойлау –ұғыну, мәнін түсіну. 
Практика – білімді, іскерлікті, дағдыны практикада қолдану.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет