№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет205/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
Білім беру мазмұнының мәні.  
Тұлғаны  жан-жақты  дамытудың  және  оның  базалық  мәдениетін 
қалыптастырудың негізгі құралдарының бірі – білім мазмұны. 
Білім беру - қоғамдық ұйымдастырылатын және реттелетін, бір ұрпақтан екінші 
ұрпаққа әлеуметтік маңызды тәжірибені тұрақты түрде беру процесі. Білім беру үш 
бірдей  процессті  қамтиды:  тәжірибені  меңгерту,  жүріс-тұрыс  қасиеттерін 
тәрбиелеу, дене және ақыл-ойын дамыту. 
Педагогикалық сөздікте «білім беру мазмұны білімдердің, іскерліктердің және 
дағдылардың, көзқарастар мен сенімдердің жүйеленген жиынтығы, сонымен қатар 
оқу-тәрбие жұмыстары нәтижесінде жеткен практикалық дайындықпен танымдық 
күштердің  дамуының  белгілі  бір  деңгейі»  деп  атап  көрсетіледі.    Оны  білім  беру 
мазмұнының  мәнін  анықтауды  білімдік-бағыттылық  тұрғыдан  қарастыру  деп 
атауға  болады.  Бұл  жағдайда  адамзаттың  рухани  байлығының  бейнесі  ретінде 
білімге  негізгі  көңіл  бөлінеді.  Әрине,  білім  маңызды  әлеуметтік  құндылық. 
Сондықтан білімге бағытталған білім беру мазмұнының маңызы бар. Ол тұлғаның 
әлеуметтенуіне,  адамның  социумға  енуіне  көмектеседі.  Бірақ,  білім  мазмұнын 
білімдік бағыттылық тұрғыдан   анықтағанда абсолюттік құндылық білім болады 
да,  адамның  өзін  көрсетпейді.  Адам  екінші  кезекте  қалып  қояды.  Ол  білім 
мазмұнын  идеологизациялау,  орта  оқушыға  бағыттау  сияқты  басқа  да  негативті 
құбылыстарға әкеліп соқтырады.  
Кейінгі  жылдары  білім  беруді  ізгілендіру  идеясы  аясында білім  мазмұнының 
мәнін  анықтауға  деген  тұлғалық  бағытталған  тұрғыдан  қарастыру  кең  қолдау 
тауып  келе  жатыр.  Тұлғалық  бағытталған  білім  беру  мазмұны  тұтас  адамды 
дамытуға  бағытталған:  табиғи  ерекшеліктерін  (денсаулығы,  ойлау,  әрекет  ету, 
сезіну  қабілеттері); әлеуметтік  қасиеттерін (еңбек  адамы,  отбасы,  азамат  болуы); 
мәдениет субъектісі қасиеттері (еркіндік, ізгілік, рухани, шығармашылық). 
Білім  беру  мазмұны  тарихи  сипатта  болады.  Себебі,  ол  қоғамның  дамуының 
белгілі  бір  кезеңіндегі  білім  беру  мақсаты  мен  міндеттері  арқылы  анықталады. 
Білім  беру  мазмұны  өндіріс  талаптары  және  ғылымның  даму  деңгейіне  сәйкес 
өзгеріп отырады. 
Білім беру мазмұнын қалыптастырудың негізгі концепциялары 18 ғ. соңы мен 
19  ғ.  басында  жасалды.  Олар  педагогика  тарихында  білім  беру  мазмұнының 
материалды және формальды теориялары деген аттармен белгілі.  
Біріншісін дидактикалық материализм теориясы немесе энциклопедизм деп те 
атайды. Оның жақтаушылары (ағылшын тарихшысы Дж. Мильтон, неміс педагогы 
Н.Б.Беседов  және  т.б.)  Оны      жақтаушылар  оқыттудың      мақсаты    ғылымның   
әртүрлі  санасынан  кең  көлемде  оқушыларға  білім  беру  деп  есептелген.  Осы 


көзқарасты  Я.А.Коменский  де  ұстанды.  Ол  өзінің  оқулығында  оқушыға  қажетті 
барлық білімдерді енгізбекші болды.  
XIX  ғасырдың  белгілі  педагогтары  білім  берудің  мазмұнын  қалыптастыруда 
материалдық теорияны жақтады. Бұл тұжырыдама бүгінгі күнде де өз жақтастарын 
тапты. Кейбір ақпаратқа толы оқулықтар мен бағдарламалардың мазмұнына талдау 
жасағанда оқушылардың меңгеруі өте қиын болатындығы айғақталды.  
Білім  беру  мазмұнын  қалыптастырудың  формальдық  теориясы,  немесе 
дидактикалық  формализм  оқытуды  оқушылардың  қабілеттерін    және  танымдық 
қызығушылықтарын  дамыту  құралы  ретінде  ғана  қарастырды.  Оқу  пәндерін 
таңдаудағы  негізгі  критерий  ретінде  оның  дамытушылық  құндылығы  алынды 
(мысалы, математика, тілдер).  Дидактикалық формализмнің теориялық негізі - іс-
әрекеттің  бір  саласында  игерілген  білімдерді  және  іскерліктерді  басқа  салаға 
көшіру қағидасы  болды. 
Дидактикалық формализмнің жақтастары ежелгі дүниеде де болған. Мысалы, 
Гераклиттің «көп білген ақылға үйретпейді» деген пікірі осының айғағы. Осындай 
позицияны Цицерон да ұстанған. Кейіннен дидактикалық формализм принциптері 
Кант  философиясында,  Песталоццидің  неогуманистік  идеяларында  өз  жалғасын 
тапты.  Білім  беру  мазмұны  формальдық  теория  бойынша  немесе  дидактикалық 
формализм, оқытудың құралы, оқушылардың танымдық қызығушылық және даму 
қабілеті  ретінде  қарастырды.  Сондықтан  оқу  құралын  таңдауды  негізгі  өлшемі 
классикалық  тілдер  мен  математикада  оқу  пәнінің  дамытушылық  құндылығы 
болып  есептеледі.  Дидактикалық  формализмнің  теориялық  негізін  игерілген  іс-
әрекет, білім және іскерлік құрайды. 
Дидактикалық  формализмді  жақтаушылар  ерте  заманнан  белгілі,  мысалы 
Гераклиттің  ойынша  «білімі  көптік  ақылды  емес»  Цицеронда  осындай  пікірде 
болған.  Жаңа  кезеңде  дидактикалық  формализм  пайда  болды,  оның  негізі 
И.Канттың философиясында және гуманизмге қарсы тұрған Песталоцциде жатыр. 
Оның  пікірі  бойынша  оқытудың  негізгі  мақсаты  «оқушылардың  дұрыс  ойлауы 
немесе  формальді  түрде  білім  беруді  күшейту».  Германияда  бұл  теорияға  жақын 
болған  А.Дистервег,ол  өзінің  «Неміс  ұстаздарына  басшылық»  -  деген  еңбегінде 
(1850 ж.) өз көзқарасын білдіреді. Формальдық теорияны жақтаушылардың еңбегі 
білім беру мазмұны окушылардың танымдық кабілетінің дамуына, ес ойлау тағы 
басқалар  қабілеттеріне  көңіл  бөлуі.  Бұл  теорияның  әлсіздігі    оқу 
бағдарламаларында  тіл,  математика  пәндері  көрініс  тапқан.  Осыған  сәйкес 
(құбылыстар  мен  заттардың  көріну  процесстері)  оқушының  ойлау  қабілетінің 
дамуына, қалыптасуына, білімді игеруіне әсер етеді. Бұл екі жақты диалектикалық 
тәуелділік  энциклопедизмді  жақтаушыларға  түсініксіз  болды.  Оқытуды  анықтау 
оның мазмұны арқылы формализмді жақтаушылар арқылы емес, оқытудың мәнін 
субъективті процессуальды жағынан жоғары бағалауы жеткіліксіз еді. Екі теория 
да  К.Д.Ушинскийдің  ғылыми  сынына  ұшырады.  Ол  кісінің  айтуынша 
«парасаттылық нағыз білімнің арқасында ғана дамиды» - сондай-ақ мектеп адамды 
біліммен   қаруландырып,   сол   байлықты   қалай   колдануды үйретеді 
дейді.    
Орыс        педагогикасында  К.Д.Ушинскийден        бері        карай  материалдық  және 
формальдық  тұрғыдан  идеямен  қамтамасыз  ету  бірлігі  білім  беру  мазмұнын 
таңдауда қарастырылған. 


Дидактикалық  формализм  өкілдерінің  жетістігі  ретінде  олардың  баланың 
қабілеттерін,  танымдық  қызығушылықтарын,  зейіні,  есте  сақтуын,  ойлауын 
дамытуға  көңіл  аударғанын  айту  керек.  Бұл  теорияның  әлсіздігі  оқыту 
бағдарламаларында инструменталдық пәндердің (тілдер, математика) ғана болуы. 
Фактілерді 
танудың 
(заттарды, 
құбылыстарды, 
процестерді) 
ойлайды 
қалыптастыруға  ықпалы  сияқты  ойлаудың  дамуының  өзі  оқушылардың 
фактологиялық  сипаттағы  білімдерді  меңгеруіне  мүмкіндіктер  туғызады.  Бұл 
екіжақтылық  диалектикалық  байланысты  оқытуды  оның  мазмұны  арқылы 
анықтаған  энциклопедизм  өкілдері  де,  оқытудың  субъективтік-процессуалдық 
жағын  асыра  бағалаған  дидактикалық  формализм  өкілдері  де  толық  және  нақты 
сезіне алмады.  
Аталған екі теорияны  К.Д.Ушинский бір жақтылығы үшін қатты сынға алды. 
Ол  «формальное  развитие  рассудка  ест  несущественный  признак,  что  рассудок 
развивается только в действительных знаниях» деп жазды. Оның «пустая голова не 
мыслить»  деген  афоризмі    білім  мазмұнын  анықтауды  формальдық  және 
материалдық тұрғылардан қарастырудың бірлігін көрсетеді. 
Педагогикада білім негіздерінен бастау алған білім беру мазмұны күрделі көп 
аспектілі ұғым. Білім берудің жалпы анықтамасы – тұлғаның өмір жолында өзін-
өзі  дамытуға,  мүмкіншілігін  жете  білуге  бағытталған  кең  таңдау  процессі  (А.Г. 
Асмолов). 
Демек  білім  беру  адамның  дүниені  тану  процессін  қалыптастыру  арқылы 
жүйелі  біліммен  іс-әрекет  тәсілдерін  игеру,  дағды,  іскерлік,  сезім  және  ақылын 
дамыту жеке тұлғаны қалыптастыру нәтижесі. 
Білімді адам деп – қабілеті өте жоғары дамыған көп жағдайларды түсінетін кей 
кезде оқығанын қолдана білетін білімді дұрыс ойлай алатын жоғарғы қасиетті адам. 
Көріп  отырғанымыздай  білім  беру  ұғымы  тек  қана  оқытудың  нәтижесі  білім, 
іскерлік  және  дағды  ғана  емес,  сын  көзбен  қарап  ойлай  білетін  айналадағы 
құбылыстарды  адамгершілік  тұрғысынан  бағалай  білетін  адамның  өзіне  деген 
қарым-қатынас іс-әрекетін шексіз өрістету  
Бұған  адамды  іс-әрекеттің  маңызды  түріне  кірістіру  жолымен  қол  жеткізуге 
болады.  Осыдан  барып  білім  беру  ұғымының  астары  ұйымдастырылған 
нормаланған  процесс  (және  оның  нәтижесі).  Өткен  ұрпақтың  әлеуметтік  мәнді 
тәжірибесін келесі ұрпаққа үнемі беріп отыру және жеке тұлғаны әлеуметтендіру 
және генетикалық бағдарламаға сәйкес тұлғаның қалыптасуы.Сонымен білім беру 
мазмұны жеке тұлғаны дамыту және базалық мәдениетін қалыптастыруда негізгі 
құрал  болып  табылады.  Дәстүрлі  педагогикада  көбінесе  мектептің  білім  беру 
қызметін бағдарлы жүзеге асырумен білім беру мазмұнын анықтау,  білім беруді 
жүйелеу, іскерлік, дағды, көзін  жеткізу. 
Сондай-ақ  танымдық  күшін  дамыту  және  тәжірибеге  дайындау,  оқу-тәрбие 
жұмысының  нәтижесінің  жеткен  жетістігі.  Бұл  бағдарлы  білім  беру  тұрғысы 
мазмұнның  мәнін  анықтайды.  Мұндай  жағдайда  білім  –  тарихи  тәжірибені 
іздестіру  процесінде  жинақталған  адамзаттың  рухани  байлығының  көрінісі  жеке 
тұлғаны әлеуметтендіруге мүмкіншілік туғызу адамның социуиға енуі.  
Ғалымдардың  айтуынша  білім  бағдарлы  тұрғысы  білім  беру  мазмұны  үшін 
құнды  болып  табылады.  Бағдарлы  білім  беру  мазмұны  тәртіп  белгілеу, 


идеологияландыру  білімнің  ғылыми  ядросын  академизмдеуге  алып  келеді.  Білім 
берудің  мазмұны  мен  мәнін  ашуда  соңғы  он  жылдықта  білім  беруді  ізгілендіру 
идеясын жүзеге асыру барысында тұлғалық бағдар бірінші орынға қойылды. Білім 
мазмұны  туралы  И.Я.  Лернер,  М.Н.  Скаткин,  В.С.  Леднева,  Б.М.  Бим-Бад,  А.В. 
Петровский  еңбектерінде  баяндалған.  Жеке  тұлғаның  жан-жақты  дамуы  мен 
қалыптасуын И.Я. Лернер мен М.Н. Скаткин білім мазмұнының теориялы тұрғыда 
білім, іскерлік, дағды жүйесін түсіндіруде шығармашылық іс-әрекетпен ерікті сезім 
тәжірибесін  меңгеруді  және  қоғамның  мәдени-рухани  материалдық  байлығын 
дамытып және оны сақтауды ұсынды. Бірқатар елдің педагогтары (АҚШ, Англия, 
Франция  т.б.)  жеке  тұлғаға  «жалпыадамзаттық  тәрбие»  беруде,  табиғи 
құбылыстарды  және  қоғам  өміріндегі  жағдайларды  олардың  өзара  байланысын 
түсіндіруде  оқушылардың  жұмысын  ұйымдастыруда  оқу  пәндерін  кіріктіруді 
негізге алып отыр. 
Бұл кіріктіру идеясы басқа әртүрлі елдерде жүзеге асырылған. Совет мектебі 
ұзақ  уақыт  бойына  оқушылардың    жалпы  білім  беретін  дайындығын  көтеру 
міндетін шешуде оң жетістіктерге жеткен. 
Ғылым  мен  техниканың  мәдениеттің  даму  деңгейіне  сәйкес  білім  мазмұнын 
анықтауда жастарға жалпыға бірдей орта білім беруге көшуді камтамасыз ету оқу 
жоспарын, оқу бағдарламасын және оқулықтардың жетілдіруі жүргізіледі. 
Білім  беру  мазмұнында  жаңаруы  мектептің  күрделі  міндетімен  байланысты, 
негізгі кемшілігі сол білім мазмұнының жиі өзгеруі эмпирикалық деңгейде қайта 
құру  теориялық  негізсіз,  ешбір  болжаусыз  жүзеге  асылуы.  Жалпыға  бірдей  орта 
білім  беру  мазмұны  қазіргі  теориялық  тұжырымдама  тұрғысынан  қоғам  талабы, 
адам нені білу керек, қандай сапалық қасиеттерді меңгеруі тиіс екендігі айтылған. 
Нақты  тарихи,  қоғамдық-экономикалық  жағдайда  жасөспірімдерді  дайындауға 
қойылатын әлеуметтік талап анықталады. 
Қазіргі  жағдайда  қоғамның  әлеуметтік  тапсырысы,  оның  жалпылама  түрде 
халықтың  көпшілігі  ғылым  жетістіктерімен,  мәдени  құндылықтармен,  сапалы 
жоғары  білімді  адамдардың  ақыл-ой  дене  еңбегі  жағынан  қоғам  өміріне  белсене 
араласатын  жеке  тұлғаны  жан-жақты  қалыптастыру.  Білім  беру  мазмұнын оқыту 
арқылы игерілген тәжірибені әріқарай дамытып әлеуметтік мәдени мазмұны ересек 
ұрпақтың  тәжірибесін  келесі  ұрпаққа  беруді  қамтамасыз  ету.  Ю.К.  Бабанский 
ғылым мазмұны негіздерін совет педагогикасында төмендегі өлшемдер бойынша 
таңдады: 
1)
 
Ғылым  туралы  толық  мағлұмат  беру  үшін  білім  мазмұнының  негізгі 
теориялары, заңдары және ұғымдарын тұтас түсіндіру, өлшемі. 
2)
 
Білім  беру  мазмұны  материалының  жоғары  ғылыми  және  тәжірибелік 
мәнін мектептегі оқылатын, өздігінен білімін көтеретін материалдарды әрбір пәнге 
және оқу пәндер жүйесін енгізу. 
3)
 
Білім  мазмұнының  күрделігі  оқушылардың  жас  ерекшелігімен  оқу 
мүмкіншілігіне сай болуын қарастыру өлшемі. 
4)
 
Әрбір  пәнді  оқытуға  берілген  мерзімі  білім  мазмұнының  көлемімен 
сәйкес болуы. 
5)
 
Жалпыға  бірдей  орта  білім  беру  мазмұнын  құруда  дүниежүзілік 
тәжірибені ескеру. 


6)
 
Қазіргі кездегі мектептің оқу-әдістемелік және материалдық базасымен 
білім мазмұнының сәйкес болуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет